ойын сауық отауы
Адамға қарым-қатынас не үшін қажет?
04.07.2017 7 642 0 Дауыл

Адамға қарым-қатынас не үшін қажет?

Бұл қызықты
Адамға қарым - қатынас не үшін қажет?

Адам – әлеуметтік жаратылыс. Ол тамақтану, көбеюмен қатар тілдесуді қажет етеді. Қарым - қатынас арқылы ақпарат алмасып, таным аясы кеңейеді.
Адамзат қоғамының қалыптасуы.
Қарым-қатынас болмаса, адамзат қоғамы болмас еді, осының арқасында жеке адаммен тіпті бүкіл адамзат арасында байланыс орнайды. Қызметте, жалпы өмірде кез келген сала қарым - қатынассыз өтпейді. Егер адам өзі қаламағанның өзінде, өмір сүру үшін тілдесудің маңызы өте зор.
Алғашқы қауым адамдары қалауын ым - ишара арқылы білдіреді, кейінірек ол сөйлеудің дамуына әсер етіп, ұғым пайда болады да, белгілі бір заттардың атауы туады. Қарым-қатынас – қоғамның өзегі болып табылады. Тап сол қарым-қатынастың арқасында адам психикасы мен мінезі қалыптасады, жеке тұлға ретінде дамиды. Тілдесу – адамды жер бетіндегі басқа жаратылыстардан ерекшелейді. Осыдан адамдар бір-бірін ұғысады. Тілдесу – байланыс орнату мен ақпарат алмасуға мүмкіндік туғызады. Осы арқылы, адам өзіне тәжірибе жинақтайды немесе бөліседі.

Адамға табиғи қажеттілік.
Қарым - қатынас қоғам мен өмірдің арқасында қалыптасатын адамға табиғи қажеттілік болып табылады. Адам өзінің көп уақытын ұжымда өткізеді: отбасы, мектеп немесе студенттік өмір, өндіріс ұжымы.
Қарым-қатынассыз – дамып, мәдени тұрғыда жетілу мүмкін емес. Бұған мысал, Маугли – адамзат қоғамынан тыс өмір сүрген. Оның ағзасында бәрі қалыпты, бірақ ақыл-ой, психикалық дамуы жағынан артта қалып қойған. Бұл – адамдармен қарым-қатынастың жоқтығы салдарынан.

Қарым - қатынастан қорқу – социофобия.
Бір қарағанда, қарым-қатынас жасаудың ешбір қиындығы жоқ сияқты. Бірақ, бұл кейбір адамдар үшін өте ауыр.
Социофобия адамдармен тез тіл табысып кете алмайтын жандарда байқалады, диалог құрудан қорқады, қатты толқиды, тұтығып, кідіріп қала береді, осының әсерінен күлкілі жағдайға тап болады.
Ондай қорқынышпен қоғамда өмір сүру қиын, мансапқа жету жолында, жеке өмірін құруда жолы болмай жатады. Мұндай келеңсіздік алғаш жасөспірім кезден басталады. Бұл ең қиын кезең, бала үлкен өмірге алғашқы қадам жасап жатқан кезең. Егер қоғам адамды теріс қабылдаса, онда ол оның болашағына әсер етеді яғни адам қарым - қатынастан қорқа бастайды.
Ортадан аластап қалмас үшін сөйлеу өнерін меңгеруге тура келеді. Көпшіл адамды ортасы жақсы қабылдайды, ондай адаммен тіл табысып кету оңай, әңгімелейтін ортақ тақырып үнемі табылады. Көпшіл болу бұл – бірлесіп қызмет атқаратын ортада кейбір жобаларды талдап, талқылау үшін өте маңызды.

Пайдалы кеңес
Аз сөйлеп, көп тыңдай біліңіз.

Статистикалық зерттеулерге сүйенсек, адамдардың көпшілігі әңгіме - дүкен құру кезінде өзіне емес әңгімелесушіге көп көңіл аударатын адаммен тілдескенді ұнатады екен. Оның әңгімесіне қызығушылық таныта отырып, сеніміне кіреді. Мүмкін, болашақта ол адам сізге қызығушылық танытып, соңы достық байланысқа ұласуы да ғажап емес.

Көбірек сұрақтар қойыңыз.
Қарапайым бір сөзбен жауап қайыратын сұрақтар емес, өз ойын ашық, терең білдіре алатындай сұрақтар қойыңыз. Мысалы, кино көргенді жақсы көресіз бе? - деген сұрақтың орнына: қандай кино көргенді ұнатасыз? деген сияқты. Мұндай жеңіл сұрақтар бейтаныс адаммен байланысты жеңілдетіп, тіл табысып кетуге жол ашады.

Сенімді адам екеніңізді көрсетіңіз.
Сөйлесу барысында ең тиімді ережелердің бірі көз түйістіру. Сіз оның көзіне тура қарау арқылы, қызығушылығыңыз бен адалдығыңызды дәлелдей аласыз. Тура қараудан қашқалақтап, көзді төмен салу сенімсіздік пен күйгелектікті білдіреді.

Өз атыңды атағандағы естілетін дыбыс – ең жағымды дыбыс.
Психологтар, тиімді байланыстың маңызды элементі - әңгімелесушіні атымен атау, - дейді. Адамның есімі, қуатты энергетикалық күшке ие, өзін - өзі сәйкестендіру элементі болып табылады. Есімін атау арқылы жүгініп, сіз оның өзін бағалау қасиетін жоғарылатып, сенімді қарым - қатынас орната аласыз. Қисынды деп есептесеңіз құлаққа жағымды етіп, еркелетіп, қысқаша есіммен атасаңыз да болады, мысалы: Наз, мынаның ..... ?

Ой-өрісті кеңейту.
Жан - жақты дамыған адам ой өрісінің кеңдігі мен білімінің арқасында айналасымен оңтайлы қарым - қатынас орнатуға икемді, дүниетанымы мен кәсіби бағыты әртүрлі адамдармен де байланыс жасау оңай. Біліміңді толықтыратын газет - журналдар оқу, жаңалықтардан хабардар болу маңызды. Қазір бұған жағдай жасалған интернеттен қалағаныңды іздеп табуға болады.

Өзіңізді еркін ұстаңыз, әңгімелесушіге сеніңіз.
Адамдардың көпшілігі қарым - қатынас жасауда өзін - өзі бақылауда ұстайды және жағымды әсер қалдыруға тырысады. Бәріне белгілі ереже «өзіңді еркін ұста» бақылауда ұстап, жақсы көрінуге тырысу бос әурешілік, бүкіл назарыңды әңгімелеушіге аудар.

Әңгімеге құлақ қойыңыз.
Әңгіме-дүкен құру кезінде параллель іс-әрекет жасауға тырыспаңыз мысалы, теледидар қарау, қағазға жазу. Мұндай әрекет әңгімелесушіге ұнамайды, селқостық танытты деп ойлайды да әңгімені доғаруы мүмкін.

Дереккөзі: kakprosto. ru

Дайындаған: Асыл

Жұлдыз белгілері:  сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың
Өз жартыңызбен немесе болашақ серіктесіңізбен өзара байланыс кезінде кездесетін кемшіліктер қандай? Бұл жөнінде астрология не дейді?
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не? Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
Егер сіз әлі күні жемісті қарым - қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар.
Ата-анамен арадағы қарым-қатынас. Ата-анамен арадағы қарым-қатынас.
Біздің өмірімізде ең жақын және негізгі адамдар олар – ата - ана. Олар бізге жарық өмір сыйлаушы, әлемді танып білуге үйретуші. Қандай жағдай
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Отбасы психологиясы Отбасы психологиясы
Отбасылық қарым - қатынас психологиясы тоғыз заңдылықтан тұрады. Егер оны жетілдіруді меңгерсеңіз – жартылай табысқа жеткеніңіз деуге болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×