ойын сауық отауы
Ата-анамен арадағы қарым-қатынас.
20.06.2017 3 425 0 Дауыл

Ата-анамен арадағы қарым-қатынас.

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
Ата-анамен арадағы қарым-қатынас.
Біздің өмірімізде ең жақын және негізгі адамдар олар – ата - ана. Олар бізге жарық өмір сыйлаушы, әлемді танып білуге үйретуші. Қандай жағдай болмасын әрқашан қасымыздан табылады, мұңайған сәтте, науқастанып қалған кезімізде қолдап, қорғаушы. Шаңырағыңда қандай да бір қуанышты оқиға болып, жетістікке жетіп жатсаң бірге қуанып, шаттанады мақтан тұтады.
Сонда да барлық жоғарыда аталғандарға қарамастан, кейде ата-анамен қарым-қатынаста туындайтын қиын мәселелер жетерлік. Бірін-бірі түсінбеушілік, ашу-ыза, айыптау, шағымдану т.б.

Ата - ананы таңдауға мүмкіндік жоқ, дейміз бірақ басқаша да пікір бар. Жер бетіне әлі келмеген сәбидің жаны аспанда қалықтап ұшып жүріп, жаңа өмірді танып білуге дұрыс жол көрсете алатын, өзіне қолайлы ата-ананы таңдайы екен. Бұл түсінік: махаббат, шыдамдылық, өзін ғана емес өзгеге түсіністікпен қарауды қамтиды.

Алайда, өмір болған соң ұрыс-керіс, келіспеушілік те болады одан айналып өту мүмкін емес. Мұндай кезде балалар жылы ұясын тастап ұшып, өз өмірінің қожасы болуды қалайтыны мәлім. Алайда, ата-анамен арадағы шешілмеген мәселе сол күйі жоғалып кетпейді, кейін есейген кезде бала өмірінде алдынан қайта шығады. Олармен үйлесімді қарым-қатынас орната алмаған бала есейгенде өз отбасын құруда қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Өткен істен сабақ алмайынша, үйреніп, ұғуға тиіс сабақты өмір қайта-қайта жібереді, одан қашып құтылмайсың.
Сондықтан ең дұрыс жолы – ата-анамен жақсы қарым-қатынас орнату. Кешіре білу, өмір сыйлағаны үшін алғыс білдіру, өмірдің қатал сынына сынбастай етіп тәрбиелегені үшін рақмет айту.

Қарым-қатынас махаббат пен үйлесімділікке құрылғанда ғана өз балаларыңызға жақсы ата-ана бола аласыз. Олардың бойына мейірімділік пен махаббат нұрын құя отыра тәрбиелейтін боласыз.

Дайындаған: Жадыра

Жұлдыз белгілері:  сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуының басты себебі Жұлдыз белгілері: сіздің қарым-қатынасыңыздың
Өз жартыңызбен немесе болашақ серіктесіңізбен өзара байланыс кезінде кездесетін кемшіліктер қандай? Бұл жөнінде астрология не дейді?
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не? Сіздің әлі күнге жалғыз жүруіңіздің себебі не?
Егер сіз әлі күні жемісті қарым - қатынас орната алмай жүрсеңіз, онда бұл әлемге деген көзқарасыңызды өзгерту керек шығар.
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы Келін мен ене: Ене мен келіннің ара-қатынасы
Қыздардың барлығы бойжеткен соң сүйгенімен бас қосып тұрмыс құруды армандайды. Алайда тұрмыс құрғаннан кейін не күтіп тұрғанын ойлап жатпайды.
Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда өзіңіз сүйе біліңіз Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда
Сұлулық махаббат туғызбайды, керісінше махаббат сұлулықты көре білуге мүмкіндік береді. (Л.Н.Толстой)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×