ойын сауық отауы
Оңтүстіктегі шипажайлар.
03.08.2017 3 211 0 Дауыл

Оңтүстіктегі шипажайлар.

Бұл қызықты
Оңтүстік өңір минералды суларымен, Орта Азияға танымал шипажайларымен ерекшеленеді. Республикамыздың түкпір - түкпірінен дертіне дауа іздегендер осы аймақтағы емдік орындарға ағылып жатады.

«Манкент» шипажайы.
«Манкент» шипажайы – еліміздегі ең байырғы демалыс орындарының бірі. Бұл шипажай сауықтыру және емдеу медицинадағы маңызды бағыттардың бірі болып саналады.

1210 метр тереңдіктен шығатын минералды су көптеген дертке шипа. Бұл судың құрамында адам ағзасына қажетті көптеген компоненттер (жиынтық қажеттілері) бар. Минералды сумен, асқазанды шайып, асқазан ішек жолдарын кеңейтуге, әйелдер ауруларына ем қабылдауға болады.

«Арыс» шипажайы.
1987 жылы ашылып, өз жұмысын темір жол қызметкерлерін емдеуден бастаған «Арыс» шипажайында 2500 метр тереңдіктен бірегей минералды су шығады. Сол секілді балшықпен емдеу де бар. 200 орындыққа арналған шипажай болып табылады. Емдік шипасы зор, адам ағзасына өте пайдалы.

Сарыағаш шипажайы.
Сарыағаш шипажайы – емдеу орны. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының температурасы 49 - 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец, молибден және микроэлементтер бар.
Бұл емдеу орнында ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол - аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. Сарыағаш шипажайына тек біздің елдің азаматтары ғана емес, сырт мемлекеттен келетіндер жеткілікті.

Алтын Бұлақ санаторий – профилакториі.
Төрт жұлдызды Алтын Бұлақ санаторий - профилакториі Оңтүстік Қазақстан облысында, орман - саябақ аумағында, Сарыағаш минералды суы шығатын көздің жанында орналасқан.
Сарыағаш суының құрамындағы натрий гидрокарбонаты, кремний және нафтен қышқылдары бұл суды көптеген ауруларды емдеу мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.

«Арман» шипажайы.
«Арман» шипажайында жоғары деңгейлі мамандар – гастроэнтеролог, терапевт, уролог, гинеколог, иглорефлексотерапевт, инфекционист, кардиолог, стоматолог, эндокринолог и жүрек емдеу медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды.
Шипажайдың негізгі емдеу факторы – Сарыағаш минералды суы. Ол өте мөлдір, таза, иссіз, дәмі тәтті және тұрғылықты химиялық құрамы бар – жай менералданған, натрилі, сілтілік су. Органикалық нафтеникалық қышқылдарды және кали микроэлементтерін, магни, кальци, натриді қамтиды.

«Жансая» шипажайы.
«Жансая» санаторий - профилакторийі 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. 1100 метр тереңдікке қазылған ұңғымалардың бірінен атқылап ағатын ыстық минералды су түрлі ауруларды емдеу үшін пайдаланады. «Жансая» шипажайы – кәміл тыныштық пен тепе - теңдік жағдайында ем қабылдауды қамтамасыз етеді. Бір мезетте 40 адамға дейін қабылдауға есептелген.
«Көктерек» шипажайы
«Көктерек» шипажайы – ОҚО, Сарыағаш қаласының табиғи ауданында орналасқан.
Жылы климаттық жағдай, таза самал жел, күн сәулесі жарқыраған минералды су – барлық бағалы табиғи және климатикалық емдік факторлары денсаулықтың жақсаруына және организмнің емделуіне көмек береді.

«Біркөлік» шипажайы.
«Біркөлік» шипажайының суы дертке дауа. Бұл шипажай жүйке жүйесін емдеу, сол сияқты жүрек қан тамырларын емдеу секілді шараларымен көпке мәлім. Біркөлік өзенінің суы адамның жанын да, тәнін де емдеуге таптырмас су делінеді.

Дереккөзі: el.kz

Фотосымен қарау

Қазақстандағы үздік демалыс орындары Қазақстандағы үздік демалыс орындары
Табиғатта демалу кімге болса да артық етпейді. Жағдайымыз жетсе, шетел асуға асығамыз.
Алакөл Алакөл
Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Көл Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан.
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Қауынның пайдасы мен зияны Қауынның пайдасы мен зияны
Қауын – калориясы төмен жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×