ойын сауық отауы
Қазақстандағы үздік демалыс орындары
19.07.2018 2 372 0 Дауыл

Қазақстандағы үздік демалыс орындары

Бұл қызықты
Қазақстандағы үздік демалыс орындары.
Табиғатта демалу кімге болса да артық етпейді. Жағдайымыз жетсе, шетел асуға асығамыз. Десе де, біздің елімізге келіп, демалатын туристтер саны жыл сайын өсуде. Осыған сәйкес еліміздің түкпір - түкпірінде орналасқан туристік орындар саны да қарқынды артуда. Жылдың қай мезгілінде, қай жерде демалуға болатындығы туралы Қазақстандағы демалыс орындарының рейтингін назарларыңызға ұсынамыз.

Қапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы – Алматы тұрғындары үшін келушілері көп, Қазақстандағы ірі демалыс орындарының бірі.
Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің ағынын реттеу үшін бөгет және Қапшағай аймағында ГЭС плотинасы құрылысымен құрылған (1965 - 1980). Сумен толтыру 1970 жылы басталды.
Судың температурасы мамырда - маусымда 18 - 20 градус, шілде - тамызда 22 - 28 градус, қыркүйекте 18 - 20. Бүгінгі күні Қапшағай Алматы облысының ең танымал жазғы демалыс орталығы, туристер өз таңдауларына өте риза болып қайтады. Ең жақсы бөлігі бұл солтүстік жағалауы болып келеді, мұнда көптеген демалыс орындары мен пансионаттар, санаторийлер орналасқан. Су қоймасының оңтүстік және солтүстік жағалауларында 296 демалыс зонасы мен демалыс базалары орналасқан.
«Marine club Esperanza» - табиғат пен адам қолымен жасалған тамаша демалысқа арналған әсем аумақ. «Marine club Esperanza» да демалыс нағыз тыныш демалыс іздеген адамдарға арналған. Мұнда әр қонақ қаржы мүмкіндіктеріне қарай, демалыс үшін өзі қалаған жағдайын жасай алады.«Marine club Esperanza» біркелкі сәулет үлгісімен жасалған. Ландшафттық көркемдеу жобаның жалпы көрінісін жақсартып, қоғамдық аумаққа сәнді жарық береді.
«More lux» – Қапшағайдағы ең тамаша демалыс орындарының бірі. Қапшағай қаласында терең шығанақтағы құмды жағажайда орналасқан. Ескі қамал үлгісінде салынған мейманханада қонақтар жақсы дем алады. Мұнда еуропалық деңгейдегі қызмет көрсетумен қатар, қонаққа барлық жағдай жасалған.

Алакөл
Ол республиканың оңтүстік бөлігінде, Қытаймен шекарада орналасқан. Қазақстандағы сирек көлдердің бірі. Көл жағалаулары бірегей қара малта тастармен төселген. Көл суы - жылы, судың орташа температурасы - 26 градус. Көл суы тері ауруларындағы пайдалы қасиеттерге ие: псориаз, экзема, нейродемит, есекжем – тәжірибеде дәлелденген, артрит және жүйке жүйесінің ауруларында жақсы емдік әсер етеді. Көлдің керемет сулары сондай - ақ адамның жағдайын да жақсартады.
Көл бойында отбасылық жағалау маңындағы демалыс үшін қолайлы шарттар ұсынатын ондаған демалыс базалары және пансионаттар орналасқан. Кім де кім тек қана табиғатпен оңаша қалуды аңсаған болса, онда «Даладағы қосқа»(«Полевой стан») баруға кеңес береміз, әрі басқа демалыс аймақтарына қарағанда, мұндағы демалыс сізге анағұрлым арзанырақ түсетін болады. Аумақ бойынша электр тогы, су ұңғымасы жүргізіліп, пайдаланылып отыр. Дем алушылар контейнерлі коттедждер түріндегі 1 қабатты корпустарда, киіз үйлерде, палаткаларда орналастырылады. Турбаза 50 адамға есептелген. Тамақтанумен бірге тұрып жату тәулігіне 1 адамға 3900 теңгеден бастап 5500 теңгеге дейін құрайды.
Бұдан басқа Алакөлде «Арасан Алакөл» демалыс базасыжұмыс істейді. «Альпідегі шале» стилінде орындалған «Арасан Алакөл» демалыс базасының барлық ғимараттары тек қана табиғи ағаштан жасалған, ішкі және сыртқы жағынан әрлеу жұмыстары сібір балқарағайының сапасы жоғары ағашынан орындалған. Аумақта өз СПА - кешені, анимациясы бар балалар алаңы орналасқан. Жағажайға дейінгі қашықтық 300 - 400м. 3 мәрте тамақтандырумен, бір адамнан тәулігіне 10000 теңгеден басталады. Ал«Алакөл - Керуен»демалыс аймағы – бұл ертегідегідей дем алуға арналған, 10 га алып отырған сән - салтанатты жер. Қоршалған аумақтың негізгі ауданын әсем өсімдіктер мен мұнтаздай көгалдар алып жатыр. Сондай - ақ бұл жерде мейрамхана, жазғы спорт және ойын алаңдары орналасқан. Ішінде орыс моншасы бар, бұл моншадан кейін күннің көзі денеңізге мінсіз тегіс түсіп, күн шалу барынша ұзақ сақталатын болады. Керуен Алакөл көлінен 50м жерде орналасқан. Тамақтандырусыз – тәулігіне 2000 тг, 3 мәрте тамақтандырумен қосып есептегенде тәулігіне 4000 тг құрайды.

Бурабай демалыс аймағы
Бурабай курорты өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Көкшетаулық қырлардың орталық бөлігін Көкшетау таулары алады, ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 947 метрге жетеді.
Бурабай – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері, спорт - сауықтыру лагерлері аймағы. Бұнда Қазақстанның және ТМД елдерінің түкпір - түкпірінен денсаулықтарын жақсарту, табиғатпен танысу, демалу үшін ондаған мың адамдар келеді. Бурабайда тынысалу мүшелерін және асқазан - ішек жолдары, жүрек - тамырлары жүйесі, тірек - қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа әсіресе керемет, дала шөптері мен қылқанды орман исі мен қаныққан таза ауа. Суға түсу маусымы маусымнан басталады. Орташа алғанда қонақ үйлерде және пансионаттарда тұру тәулігіне 5000 теңгеден басталады. Саябаққа барғаны үшін стандартты ақыны (бір адамнан 180 теңге) қоса отырып, төбесі ашық автомобильдерде Бурабай аймағы бойынша экскурсияға 1000 теңгеге барып қайтуға болады.

Қатон - Қарағай
Шығыс Қазақстан облысындағы Қатон - Қарағай мемлекеттік ұлттық паркіне барған да, бармаған да арманда. 643 мың гектар аумақты алып жатқан паркке әсіресе жаз айларында ағылатын турист көп. Басынан қар кетпейтін таулар да, құлай аққан сарқырамалар да, ит тұмсығы батпайтын ормандар мен мұзтаулар да осында. Парк ұжымы бұл жерге бір келген адамның қайта ораларына сенімді. Қазір Шығыс Қазақстан облысында 30 - ға жуық емдеу - сауықтыру орны бар. Солардың ішінде «Мараленок, «Нұрбұлақ» атты емдеу - сауықтыру және демалыс орнын айтуға болады. Мысалы, «Мараленок» кешеніне барғыңыз келсе, күніне 16 мың теңге төлейсіз. Оған үш мезгіл тамағы, емі, екі рет маралдың қанына түсетін ванна кіреді. Кемінде 1 апта демалып, ем қабылдайсыз. Әсіресе, маусым, шілде айлары – нағыз қолайлы уақыт. Сол сияқты «Нұрбұлақ» кешенінде бір адамға бір күнге 18 мың теңге кетеді. Бұған да жатын орны, тамағы, емі кіреді. Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы шипалы жылы су көзi Рахман қайнары. Рахман қайнарыөлі су саналады, онда не балық, не жануар тіршілік етпейді. Рахман қайнарының шипалық қасиетi оның құрамындағы көмiр қышқылының молдығында. «Рахман бұлағы» шипажайына демалғыңыз келсе, 12 күнге бір орынға 185 мың, ал екі адамдық орынға 180 мың, үш адамдық орынға 12 күнге 173 мың теңге төлейсіз.

Қарқаралы
Қарқаралы – Қарағанды облысының ең байырғы, әрі мәңгі жас қаласы. Кезінде Қарқаралы арқылы Орта Азиядан Сібірге бағытталған керуен жолдары өткен. Қазір Қарқаралыда 10 - нан астам демалыс үйлері мен демалыс аймақтары бар. Олардың ішінде АО «Арселор Миттал Темиртау» көмір департаментінің «Шахтер» демалыс үйі, «Сосновый бор», «Тас бұлақ» тау отелі, сауықтыру лагерлері. Паркте 7 табиғи ескерткіш бар: алғашқы адам үңгірі, Шайтанкөл көлі де осында. Жұрттың бәрі мұндағы суықбұлаққа тамсанады. Ондағы су сәл газдалған және секундына жарты метр күшпен бүлкілдеп тұрады. Қарқаралының таулы өзендері үлкен және кіші Қарқаралы Құрөзек арнасына құйылады. Қарқаралы таулары өздерінің далалық және таулық деп аталатын көлдерімен де аты шыққан. Бүгінде жұрт Қарқаралының таза ауасымен тыныстау үшін «Тас бұлақ» қонақ үйіне келуге құмар. Мұнда бөлмені де қалауыңызша алуға болады. Үш мезгіл тамағы мен емі де жолдама бағасына кіреді. Арнайы стандарт бөлмелерді 10 күнге 120 мың теңгеге жалдай аласыз.

Баянауыл
Павлодар облысының оңтүстік - шығысында орналасқан Баянауыл ауданының орталығы. Баянауыл елдімекені – курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ мәртебесіне ие болды. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдері жыл сайын мыңдаған туристерді қарсы алады. Бұл үшін көл жағалауларында демалыс үйлері мен пансионаттар көп салынған.
2004 жылы ашылған «Баянтау» демалыс үйінің аумағында 160 орынға 8 корпус, асхана, медициналық пункт, күзет үйі, әкімшілік корпусы орналасқан. Демалыс үйінде кітапхана, медициналық пункт жұмыс істейді. Демалушыларға 4 мезгіл тамақ беріледі, белсенді демалыс, экскурсия, спорттық және мәдени - қоғамдық іс - шаралар ұйымдастырылады. Ересектерге – 4500 теңге, балаларға – 3000 теңге (балаларға 7 жасқа дейін тегін).

Балқаш
Балқаш көлі – қайталанбас ерекшелігі бар өзгеше орындардың бірі. Оның батыс бөлігі тұщы, ал шығысындағы су ащы болады. Балқаш жағалауында жазғы демалысын өткізіп, суға шомылғысы келетіндердің қатары жыл сайын артып келеді. Бір кездері жетімсіреп жатқан жағалауларға бүгінде жан бітіп, көптеген демалыс орны бой көтерген. Демалушылар арасында «Досжан», «Жемчужина», «Балқаш Нұрсая», «Голубая лагуна» сияқты демалыс аймақтары сұранысқа ие. Аталған демалыс орындарында бір күндік демалыс 10 000 - 35 000 мың теңге аралығында болады. Бұл тек бөлмеге төленетін ақы. Бұдан бөлек тамаққа, қосымша қызметтерге жеке ақша төлейсіз. Арнайы тапсырыспен дайындалған түскі ас 1 адамға 3 - 5 мың теңге аралығында болады. Сондай - ақ өзіңізбен бірге ас - ауқатыңызды әкеліп, дайындауыңызға да болады. Қарапайым халыққа арналған бағаға келсек, екі орын стандартты бөлме 8 - 10 мың теңге аралығында. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да бар. Асыңызды өзіңіз дайындауға мүмкіндік қарастырылған. Бұдан бөлек демалушылар үшін VIP үйлер бар. Таңғы және түскі асын өздері береді. Бір үйдің бағасы тәулігіне 45 мың теңге. Балқаш жағалауында демалу үшін 1 адамға кететін қаражатты санайтын болсақ, жол ақысы – 4000, жатын орын – 15000, ас - ауқат 6000, қосымша қызмет түрлері 5000 теңге. Жалпы алғанда, Балқаш жағалауында демалу үшін бір адамға күніне 30 мың теңге қажет. Бұл ең төменгі баға.

Кендірлі
Маңғыстау облысында Каспийдің жағасында орналасқан «Кендірлі» демалыс аймағы жазғы маусымда қарқынды жұмыс жасайды. Мұнда туристердің теңізге түсуі, денсаулығын дұрыстауы және тынығуы үшін барлық жағдай жасалған. Тамылжыған жаз айында жағажайда демалғысы келетіндердің қатары жыл санап өсіп келеді. Мұнда көбінесе осы өңірге жақын облыс пен аймақтардан келушілердің қарасы басым. «Кендірліде» демалушылардың әрбір күнін қызықты өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда демалуға келген адам бір күнге 16 мың теңге төлейді. Оның ішіне 4 мезгіл тамағы, емі кіреді.
P. S. Қазақстанның қай жағына бармаңыз, алдыңыздан бір тарихи өлке, бір туристік орын шығары хақ. Ендеше, «тақияма тар келмейдінің» керіне салмай, өз табиғатымыздың сұлулығын тамашалаудан, демалудан шаршамаңыз!

Дереккөзі: ult.kz

Шұғылалы шартарап: Шавен қаласы Шұғылалы шартарап: Шавен қаласы
Шавен қаласы Марокконың солтүстік - батысында орналасқан. Әлемде танымал және өзінің сәулетімен туристер арасында танымал - үйлер, кеңсе және мәдени
Демалыс күндері 2019 кестесі Демалыс күндері 2019 кестесі
Демалыс күндері 2019
Алакөл Алакөл
Алакөл – тұзды ағынсыз көл. Көл Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан.
Оңтүстіктегі шипажайлар. Оңтүстіктегі шипажайлар.
Оңтүстік өңір минералды суларымен, Орта Азияға танымал шипажайларымен ерекшеленеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінен дертіне дауа іздегендер осы
Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ
"Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс
Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×