ойын сауық отауы
Банкомат картаңызды жұтып қойса не істеу қажет?
06.08.2017 1 724 0 Admin

Банкомат картаңызды жұтып қойса не істеу қажет?

Бұл қызықты
Қуанышты хабар, сізге бүгін айлық түсті. Міне сіз күлімсіреген түрмен келіп, банкоматтан ақша алып жатқан кезде аппарат сіздің төлем картаңызды «жұтып» қойды. Мұндай жағдайда адамдар сасқалақтап не істерін білмей жатады. Осы кезде кез келген адам төлем картасын қалай қайтару керегін білгені жөн.

Банкомат мына себептер бойынша төлем картаңызды кері қайтармай қоюы мүмкін:

Үш рет пин-кодты қате терсеңіз, банкомат сізді өзгенің картасын ұрлап, ақша алмақ болған алаяқ деп ойлайды да, картаны өзіне қалдырады.
Төлем картаңыздың қолдану мерзімі аяқталса, кейбір банкоматтар картаны бермей қояды.
Төлем картаңызды банкомат қабылдағышынан 20 секунд пен бір минут арасында алып үлгермесеңіз, аппарат картаның иесі ұмытып кетті деп ойлап, алаяқтардың қолына түспес үшін өзіне алып қалады.
Жұмыс істеп тұрған банкомат кенет «қатып» қалса, картаңызды жұтып қояды.
Картаға қатты зақым келген жағдайда да банкомат оны өзіне қалдырады.

Мұндай жағдайда не істеу керек?
Ең бірінші «кері қайтару» (отмена) батырмасын бірнеше рет басыңыз.
20 минутқа дейін банкоматтан алыстамаңыз. Аппарат «қатып» қалған жағдайда осы уақыт ішінде төлем картаңызды қайтаруы тиіс.
Бұл жағдайлардан соң картаңызды қайтармаса, банкке хабарласып, болған жағдайды түсіндіріңіз. Банк телефоны банкомат сыртында жазылып тұруы тиіс.
Төлем картаңызды сіз қолданатын банк аппараты «жұтып» қойса, банк бөлімшесіне хабарласып, өзіңіз және картаңыздың мәліметтерін айтып, құпия сұраққа жауап беру арқылы бұғаттап қойыңыз. Банкомат банк бөлімшесі маңайында орналасса, дәл сол жерде картаңызды қайтарып береді немесе банк бөлімшесіне барып қайтару туралы өтініш жазасыз.

Егер басқа банкке тиесілі банкомат төлем картаңызды қайтармай қойса, сіз қолданатын банкпен ғана емес, банкомат иесі болып табылатын банкпен байланысуға тура келеді. Алдымен басқа банкке хабарласып жағдайды түсіндіресіз. Содан соң өз банкіңізге барып, басқа банкомат иелеріне дәлел ретінде көрсететін хат жазасыз. Картаны қайтару процесі екі сағаттан бір аптаға дейін созылады.

Шетелде жүргенде осындай оқыс жағдайға тап болсаңыз, өз банкіңізге хабарласып растау хат сұрайсыз, содан соң мұны шетелдегі банкомат иесі болып табылатын банк бөлімшесіне апарып көрсетесіз. Мұндай жағдайда картаны қайтару процесі бірнеше аптаға созылады. Сол себепті алдын ала келесідей сақтану жұмыстарын есте сақтау қажет:

Банктен қосымша карта алып алыңыз.
Ұйым телефоны жазылмаған банкомат қызметін қолданбаңыз.
Сіз пайдаланатын банктің байланыс нөмірін жазып жүріңіз.
Бастысы, үрейленбеңіз. Төлем картасын банкомат «жұтып» қойғанмен де ішіндегі ақша ешқайда кетпейді. Жоғарыдағы кеңестерге құлақ түрсеңіз, картаңызды тез арада қайтарып аласыз.

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шаң басты Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шаң басты
«Шаң басты» /құқықтық салт/. «Шаң басты» жазасы қолданылған» /Егемен Қазақстан/. Ежелгі қазақ тәртібі бойынша бөтен адамдар біреудің меншікті жерін
Ақша аудару. Шетелге қалай ақша аударуға болады? (төмен коммисиямен) Ақша аудару. Шетелге қалай ақша аударуға болады?
Әлемдегі ең кең тараған аударымдар банк карталарының арасындағы аударымдар болып табылады. PaySend сайты арқылы
ACTIV, ALTEL, BEELINE, TELE2 абоненттері үшін, өте маңызды мәліметтер ACTIV, ALTEL, BEELINE, TELE2 абоненттері үшін,
ACTIV, ALTEL, BEELINE, TELE2 абоненттері үшін, өте маңызды мәліметтер: (Жоғалтып алмас үшін жүктеп алып сақтап қойыңыз):
Ақша үнемдеудің 5 құпиясы Ақша үнемдеудің 5 құпиясы
Мәселенің маңыздысы – қанша ақша табуда емес, оны қалай жұмсауыңызда. Көп адамдардан еститінім: - мен ақшаны үнемдей алмаймын, - деп жатады. Расында,
Halyk және Qazkom банкоматтар желісін біріктіргелі жатыр Halyk және Qazkom банкоматтар желісін
10 шілдеден бастап Halyk және Qazkom біріккен банкоматтар желісінен ақша алғаныңыз үшін ешқандай комиссия алынбайтын болды. Себебі аталған екі банк
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×