ойын сауық отауы
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шаң басты
12.11.2020 940 0 Admin

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шаң басты

Салт-дәстүр
Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Шаң басты

1. «Шаң басты» /құқықтық салт/. «Шаң басты» жазасы қолданылған» /Егемен Қазақстан/. Ежелгі қазақ тәртібі бойынша бөтен адамдар біреудің меншікті жерін рұқсатсыз баса алмаған. Ол кезде меншікті жердің бақылаушы - күзетшілері де болған. Ал, алыстан жүрген жолаушылар болса көрінетін жердегі ауылға соқпай, ол елдің адамдарына сәлемдеспей, естіп, білген ел жаңалықтарын жеткізбей өтпеген. Бұл тәртіпті бұзған адамдар ұры, қарақшы, күдікті адам деп саналған. Мұндай жағдайда ел, ауыл басқарушылары ондай адамдарды ұстатып алып, тергеп - тексеріп, айып салған. Мұндай заңды еліміз «шаң басты» жазасы дейді. Демек ол кезде ауыл тұсынан шаңдатып өту де әдепсіздік болып есептелген. Ертеде елімізде тәртіптік заңның қатаң әрі әділетті болғанын осыдан - ақ байқауға болады.
2. «Шаң басты» дәстүрінің екінші түрі де бар. Айталық, басқа біреудің жерімен өз малын айдап өткен адамдар жер иесіне өзінің малының көлеміне сәйкес төлем /мал/ төлеген. Оны «шаң басты» салығы, яғни төлемі деп атаған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Нәзір Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Нәзір
Нәзір /салт, ырым/. Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы, егін салғанда, су келтіру үшін арық қазғанда, үй салғанда) бұрын әр адам «Тәңірім, ісімді оңдай
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөміш қағу Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Шөміш қағу
Сәуір айында, әлбетте, күн жыли бастайды. Сол кезде күн күркіреп, көкте найзағай жарқыл салады. Мұндайда ел - жұрт еңсе көтеріп, жадырай серпілісіп:
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тоғыз
Тоғыз Халық мәдениетінде дәстүр ретінде ежелден қалыптасқан «тоғыз» деп аталатын салттың екі түрі бар. Бұлардың аталуы бірдей болғанмен, қолдану жолы
Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана
Тойхана /салт/. «Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой» /Қазақстың би - шешендері/. Тойға әкелген сый - сияпатты
"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Сойылған малдың тісін не үшін қағамыз немесе маңдайы не үшін қасқалайды?... (Қазақы ырымдар мен сенімдер) Сойылған малдың тісін не үшін қағамыз немесе
Қазақ біреуге ренжісе, бетінен алмаған. Өзгенің көңіліне қаяу, жүрегіне қылау салармын деп сақтық еткен. Назын тұспалмен, ыммен білдіреді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×