ойын сауық отауы
Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс кейбір істер туралы
16.12.2024 3 192 0 Дауыл

Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс кейбір істер туралы

Жалпы кеңес
Жаңа жыл келгенге дейін жасап үлгеруге тиіс кейбір істер туралы.

Желтоқсан айының соңғы аптасы жақындаған сайын, қарбаласқа толы болатыны бәрімізге белгілі: жақындарыңызға, сыйлық дайындау, қонаққа киіп баратын киім дайындау, қонақ күту, қонаққа бару. Осылардың бәрін ойлаумен қыз - келіншектердің басы әбден қатады. Қыз - келіншектер үшін пайдасы тиетін бірнеше кеңестермен бөлісуді жөн деп таптым. Атқаруға тиіс шаруалардың тізімін жасап шықтым. Төмендегі тізімдерді оқи отырып өзіңізге керегін аласыз деп ойлаймын.

1. Қарыздарыңызды беріп құтылыңыз.
Жаңа жылға аяқ басар алдында қарыздарыңыз болса, беріп құтылған дұрыс. Ырымшылдар айтуы бойынша ескі жылды қалай өткізсең, келесі жыл да солай болуы мүмкін дегенге сендіреді. Бұған сенудің аса қажет жоқ, алайда қарызыңнан құтылып, жаңа жылды жаңаша бастаған дұрыс шығар. 2025 жылға қарызсыз аяқ басыңыз.

2. Жаңа жылдық сыйлықтарды дайындау.
Сыйлықтарды желтоқсан айы бастала салысымен алып, дайындап қоя беруге болады. Уақыт жеткілікті болғандықтан асықпай таңдап алуға мүмкіндігіңіз болады.

3. Мерекеде демалысты қалай өткізу керек
Жаңа жылда ең ұзақ демалыс беріледі. Демалысты үйде өткізетін болсаңыз, ең қызық деген фильмдер дайындап қойыңыз. Үйден тыс, кинотеатрға немесе мұз айдынына барып демалу үшін алдын ала билет алып дайындап қойған жөн. Жаңа жылдық концертке, қойылымдарға және балаларға арналған ертеңгілікке шақыру билетін алып дайындап қойған дұрыс. Өйткені мереке уақытында билет табу қиын болуы мүмкін.

4. Азық - түліктің тізімін жасау керек.
Ұзақ уақыт сақтауға келетін азық - түлік түрлерін алдын ала сатып алып қойған дұрыс. Мысалы, сусындар, тәттілер. 30 - 31 күні үлгере алмай жүгіріп жүріп жүрмес үшін.

5. Мерекелік атмосфера құру.
Мерекелік шырша құру, құрмау өз еркіңізде. Үйді ішін мұнтаздай тап - таза етіп жинауды ешкі ұмытпайтын шығар, бөлмелерді мерекеге сай қалауыңызша әрлесеңіз артық болмайды деп ойлаймын.

6. Қайырымдылық жасау.
Қайырымдылық шараларына қатысыңыз. Балалар үйі немесе қарттар үйіне қайрымдылық жасаңыз. Тіпті қаңғыбас жануар болса да күтім көрсетіңіз. Әрбір адамның өмірінде бір рет ерлік жасауға қақысы бар. Көмек беруден бас тартпаңыз, мүмкін, сіздің көмегіңіз оны бақытты ететін болар.

7. Жақындарыңызға жылы сөздермен қуанту.
Біз күнделікті күйбің тіршілікпен жүріп, ең жақын адамдарымыз туралы ұмытып кетеміз. Жаңа жылдық демалыс кезі – туыстарыңыз бен достарыңызға уақыт бөлетін ең тамаша уақыт. Оларға жылы лебізіңіз бен жақсы көретініңіз туралы айтыңыз. Мерекемен құттықтап қайтар күнде қәзірден жоспалап қойғаныңыз дұрыс болар.

Дайындаған: Асыл

82 - қадам: өзіңізді зерттеңіз, өзіңіздің қандай нәрсеге икеміңіз бар екенін анықтаңыз 82 - қадам: өзіңізді зерттеңіз, өзіңіздің қандай
Өзіңізді зерттеңіз. Егер үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе, алдымен, өзіңізді зерттеп алуыңыз қажет. Мүмкін, сіздің бойыңызда көпшілікте кездесе
Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер Жаңа жылға арналған құттықтау тілектер
2025 жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен
Жаңа жыл - 2019. Доңыз жылының басты ерекшелігі Жаңа жыл - 2019. Доңыз жылының басты ерекшелігі
Еңбекқорлық – Доңыз жылының басты ерекшелігі.
Қонаққа бару мәдениеті Қонаққа бару мәдениеті
Қонаққа барарда үй иелеріне қандай сыйлық алатыныңыз қандай киім киетініңізбен қоса, ондай орында өзіңді қалай ұстау керек, бұл да маңызды.
Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс Ер азаматтарға қандай сыйлық жасаған дұрыс
Мереке сайын жақындарыңызды қуантып сыйлық сыйлау сыйлықты алушыға да сыйлаушыға да қуаныш сыйлайтыны рас.
Қонақ күту ережелері Қонақ күту ережелері
Қонақ күту – кез - келген үй бикесі үшін нағыз сынақ. Қонақтардың көңілінен шығарлықтай дастархан жайып, ас пісіру, дастархан жабдықтарын дайындау,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×