ойын сауық отауы
Сабыр түбі – сары алтын
19.08.2015 4 345 0 Admin

Сабыр түбі – сары алтын

Жалпы кеңес
Сабыр түбі – сары алтын
Әлеуметтік ортада дөрекі мінез танытатын адамдарды көптеп кездестіреміз. Тіпті, ондай мінез өз басымызда да болуы әбден мүмкін. Барынша мәдениеттілік танытып, өзім секілді тұлғалармен ғана араласамын деген ұстанымыңыздың бұзылатын сәттері де аз емес. Әсіресе қоғамдық көлікте, кезекте тұрған кезде, көршілеріңізбен келіспей қалған күндері, әріптестермен, бастықтармен ортақ мәмілеге келмей қалған сәттерде жиі кикілжің болып тұрады. Осы мәселеге байланысты статистикалық мәліметтерге сүйенсек, орташа есеппен адам аптаның бір күнінде міндетті түрде дөрекі мінез танытады. Мұндай сәттерде "Кім кінәлі?" деген сұрақтарға жауап беру қиын. Алайда, оларды тыныштандыратын тәсілдер оңай.
Бірінші тәсіл: елемеу
Көптеген адамдар ішіндегі жағымсыз әсерден арылып, өзіне назар аудару үшін қоғамдық орындарда жанжал шығарады. Оларға кімге дөрекілік танытып жатқаны маңызды емес, бастысы себеп табылып, айқайласа болғаны. Әдеттегідей мұндай адамдарды емханада немесе дүкенде кезекте тұрған кезде жолықтырамыз. Оны елемей, сізге артық сөздер айтып жатса, қарамаңыз. Жаныңызда бос орын тұрған секілді өз ісіңізді жалғастыра беріңіз. Жанжал шығарғыш адамдар мұндай жағдайда 5 минутта тынышталады да ашуын шығаратын басқа адамды іздейді.
Егер жанжалды бастаушы бастығыңыз болса, бұл әдіс тіпті жақсы. Есіңізде сақтаңыз ондай кезде жылап, ала көзбен қарап жатудың қажеті жоқ. Керсінше, түріңізде өзгеріссіз қалыпты сақтап, үндемей қойыңыз. Айқайынан еш пайда жоқ екенін түсінген бастығыңыз өзінен - өзі шаршайды.
Екінші тәсіл: күлімсіреу
Осындай адамдарды бейтараптандырудың тағы бір тәсілі – шынайы күлімсіреу. Мұны жанжалдасушы туысқандарыңыздың бірі болса қолдануыңызға болады. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап берудің орнына көзіне тік қарап күлімсіреңіз. Тұмауды алдын алатын екпе құйдырып көрген болсаңыз, тура солай әсер ететінін байқайсыз. (Алдымен дене қызуыңыз қатты көтеріліп, сәлден соң босаңсып қаласыз). Яғни ол алдымен ашуын шығарып, артынан тынышталады.
Жылы күлкі бетпақтарды одан ары ашуландырады, өйткені олар өзі таспен атқан адам аспен атады деп күтпейді. Артынан өздері мойындамаса да, дөрекі мінезі үшін қатты ұялады. Есесіне жүректері жақсы адамда ренжітіп жатырсың деп дабыл қағады. Осындай сәттерде бастысы шынайы күлімсіреу керектігін ұмытып, мысқыл танытып күліп жүрмеңіз.
Үшінші тәсіл: сыпайылық таныту
Жоғарыда айтып кеткеніміздей бетпақ жандар дөрекіліктеріне жауап ретінде тек жаман сөздерді, кикілжіңнің үлкен шуға ұласқанын күтеді. Ұрысудың орнына сыпайылық таныту оларды шатастырады. Қандай жағдай болмасын басыңызды изеп, келісе беріңіз. Бұл ашуы басылған соң келіскен нәрселердің барлығын орындаймын деген сөз емес, сол сағатта жанжалдасудан құтылу.
«Иә, сіз расымен де дұрыс айтасыз», «Мен сізбен толықтай келісемін», «Бұған назар аударғаныңыз үшін көп рахмет» деген сөздерді қолданыңыз. Сыпайы мінезіңіз жанжалдасушының дауыс мәнерін өзгертіп, диалогты басқа тақырыпқа өзгертуіне әсер етеді. Бастысы дауыс көтермеңіз, жүзіңізден айтпасаңыз да «сіз сондай ақылдысыз», «сізді тыңдау маған қатты ұнайды» деген сөздердің иісі аңқып тұрсын. Өзін бағалап тұрған адамды кім де болсын жақсы көреді.
Төртінші тәсіл: ақыл - парасатыңыздың жоғары екендігін көрсету
Ақымақтыққа бой алдырып тұрған жанды ақыл - парасаттылығыңызды таныту арқылы тоқтата аласыз. Классикадағы нақыл сөздерді, данышпандардың қанатты сөздерін мысалға келтіріңіз. Мысалы, Соломон мұндай жағдайда «Барлығы өтеді де, кетеді» немесе Толстой «Жаманға жамандықпен жауап қайтару жақсы қасиет емес» дегендіктен мен сізбен ұрысып сөзімді шығындамаймын деп айтыңыз. Одан да жақсысы жырауларымыз мен билеріміздің аталы сөздерін айтыңыз. Кейде дөрекіліктің патшасы кезігіп қалса, «ақыл айтпашы», «ақылсынбашы» деп жауап қайырады. Саспаңыз, мұның өзі кішкене жеңіс, өйткені ол сіздің ақылдырақ екеніңізді мойындап тұр.
Бесінші тәсіл: мықты екеніңізді көрсету
Күшті боламын деп, жаргон, былапыт сөздерді айтып, күш көрсетіп жүрмеңіз. «Мәдениетті» түрде ұрысып көріңіз. Сіздің мұндағы мақсатыңыз ұрысты бастап тұрған адамды тоқтату. Бірақ, қоқаң - лоқы көрсетіп, отбасы мүшелеріне тіл тигізбеңіз.
Жоғарыда таныстырып кеткен тәсілдеріміз күнделікті тұрмыста кездесетін дөрекілікті жеңудің тиімді жолдары. Айтпақшы қарсыласыңыз қатты ашуланып, төбелесуге бел байлап тұрғанын байқасаңыз ол жерден кетіп қалыңыз. (Ұлдарда кездесетін жағдай). Дәлелдеп, сөз шығындап жатудың да қажеті жоқ.

Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз! Адамның 9 түрі болады екен. Тани біліңіз!
Әр адамның мінез-құлқы мен темпераменті әртүрлі. Бірақ өмірлік қағидалары мен әдеттері сол адамдарды қандай да бір топқа жіктеуге мүмкіндік береді.
Психологқа қандай жағдайда бару керек? Психологқа қандай жағдайда бару керек?
Қазақстанда тұратын әр төртінші адамда психикалық ауытқу бар. Бұл жөнінде еліміздегі психология саласының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау
Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам. Ұрысқақ адам – өмірде жолы болмаған адам.
Қазіргі заманда адамдардың дөрекі мінез танытуы таң емес. Автобус кондуктірінен бастап, сөмкесін арқалаған оқушыға дейін ауыр сөздер айтуға дайын
Қырсыққа тап болмас үшін ауыздан шыққан сөзге абай болған жөн! Қырсыққа тап болмас үшін ауыздан шыққан сөзге
Бақытты тұрмыстың мәнін ашатын танымал мәтел: тыныштық – алтынмен тең бәрімізге таныс, алайда, құрбыңмен кездесіп баланың мінез-құлқы, енеңізбен
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×