ойын сауық отауы
Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия тұстары.
28.08.2017 3 759 0 Дауыл

Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия тұстары.

Бұл қызықты
Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар мінезінің құпия тұстары.

Прагматик Торпаққа (20 сәуір – 20 мамыр) туылғаннан іскерлік, еңбекқорлық тыңғылықтылық қасиеттер тән. (прагматик дегеніміз - іс жүзінде пайдалы нәтиже беретін істі ғана ақиқат деп білетін философиялық бағытты ұстанатын адам).

Жер белгісінде Торпақтың мекені яғни ғаламшары Шолпан (Венера) бұл – байлық пен тән сұлулығы және өнер планетасы болып табылады. Торпақ құлауда әлсіз, өзгерісті қорқынышпен қабылдайды және өз сезімін жасыруға тырысады. Кейде айналадағы адамдар үшін Торпақ тым тұйық, қатыгездеу, селқостау болып көрінеді, оның эмоциясы құпия ой тереңіне жасырылған. Бұл романтик жігітке тән мінез - құлық.
Жүрегі нәзік Торпақтар үшін, сенімге әлі кіріп үлгермеген адамдарға сыр ашу қауіпті деп есептеледі. Оның құпия әлемін тек таңдаулы жандар ғана түсіне алады.

Сырт келбеті мен денсаулық
Кез келген Торпақ жұлдызындағы жігіттердің денсаулығы мықты, денесі мығым келеді, ер - азаматқа тән әдемілікке ие.

Жасы келе, жұмысқа шамадан тыс уақыт бөліп, өзіне көңіл бөле алмауына байланысты созылмалы шаршау мен депрессияға шалдығуы мүмкін. Торпақ жұлдызындағы ер - азаматтар көбіне қан қысымы аурулары мен жүйке жүйесі дертіне шалдығу қаупі жоғары. Бұл белгідегі жігіттер ішкі сезімін ашық білдіре алмауы әсерінен алқымға күш түседі соның әсерінен тамақ ауруы ангинаға жиі шалдығуы мүмкін.

Әдетте, Торпақ жұлдызындағы жігіт әдемі жаратылыс иесі, оның ерні үлкендеу және сезімтал. Жер таңбасындағы Торпақ мығым денесімен ерекшеленеді.

Торпақтың тұлғасына сипаттама – иығы мен кеудесі кең, жамбас жіңішке келеді.
Бұлардың бет - жүзі дөңгелектеу, шашы бұйра қатты болады көздері үлкен әрі айқын. Торпақ Жер таңбасы болғандықтан болар, қадамын әрдайым сенімді басады және берік тұрады. Қимыл - қозғалысы баяу, бірқалыпты, байсалды.

Мансап және байлық
Іскер Торпақ шынында, ақша жасаудың жолын жақсы біледі. Себебі ол прагматик, өз мүмкіндіктерін тиісті бағалай біледі және қандай жағдайдан пайда көздеуге болатынын да біледі. Сонымен бірге Шолпан ғаламшарының өкілдеріне тән тағы бір қасиет олар қаржыны басқара біледі. Айтпақшы, Торпақтар банк немесе қаржы саласында яғни халық қаржысы айналымда жүретін жерде табысты қызмет атқара алады.

Торпақ әл-ауқатын баяу және мұқият жасайды. Қызметте өзін жоғары орында ұстауға бейім, еңбексүйгіш, сенімділік, жауапкершілік қасиеттерінің арқасында көздеген биігінен көріне алады.
Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар табиғатпен байланысты терең сезінеді, жануарлар мен өсімдіктерді ұнатады және ауыр жұмыстан да бас тартпайды.

Жер белгісіндегі адамдардан тамаша дизайнерлер шыққан, ыдыс, жиһаздың үлгілерін жақсы сызады, сондықтан инженер, сәулетші, құрылысшы мамандықтарын таңдағаны дұрыс. Өзіне тым көп жауапкершілік жүктейтін Торпақ қаржылық жағдайын белгілі бір деңгейге көтеруде тынбай еңбектенеді, шаршап, қажыса да жетістікке жетуде тоқтап қалу Торпаққа тән мінез емес. Қияндықтар мәселенің жаңа шешімін табуға мәжбүрлейді. Бұл белгідегі жігіттер мансапта өзін еркін ұстаумен көзге түседі, қандай бөгеу болса да бұзып шығуға және алға қарай жол салуға қабілетті.

Бастық Торпақ сырттай қарағанда өте ұстамды секілді сипатталады бірақ бұл олардың қателіктерді байқамауының, көрмеуінің белгісі емес. Әдетте, мұндай бастықтың көңілінен шығу өте қиын, сондықтан оның соңы жұмыстан кетумен аяқталуы мүмкін.

Махаббат пен қарым-қатынас және төсек.
Торпақ жұлдызындағы жігіттерді достыққа тұрақты деуге болады, алайда оның сеніміне кіру қиынның қиыны. Кез келген қарым-қатынас басында оған өте қиын. Өте сақ Торпақ жұлдызындағы жігіт сұлуын іздеуді жалғастыра береді. Төсек қатынасында тұрақтылықты қалайды, серігін ауыстыру Торпақ жұлдызындағы жігіттерге тән емес. Егер бұл белгінің жігітімен жақсы байланыс орната алған қыз болса, оған алаң болмауына болады. Ол жеке даралық қасиетті қадірлей біледі, ол өз серігінің еркіндіктігіне шектеу қоймайды, өзара тиімді іс-әрекет үшін тұлға жетілуі қажет деп есептейді.

Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтар шынымен де еліктіруге икемді. Бұл белгінің ерекше қасиеттері – мейірімділік, сезімталдық, зейін қою мен қамқорлық.
Төсек қатынасында Торпақ жұлдызындағы жігітке тән мінез – сенімділік және сыпайылық. Бұл белгідегі жігіттер өзінен гөрі серігіне ләззат сыйлауды бірінші орынға қояды.
Ауыр мінезді Торпақ жұлдызындағы ер-азаматтардың табиғатынан ең осал бір тұсы – өзімшілдік (эго). Достары мен сүйіктісіне құлаққағыс оған қарсы келуге болмайды. Бұл жігітке күштеп бір нәрсе жасату мүмкін емес.

Отбасылық өмір
Торпақтың басқа белгілерден айырмашылығы отбасына қарым-қатынасынан белгілі болады. Торпақ отбасында өте талапшыл, өктем күйеу. Үйдің жайлылығы мен әдемілігін ұнатады. Олар дәмді тамақтануға қатты көңіл бөледі. Тәбеті өте жақсы, шын мәнінде тамақ талғағыш.
Үй шаруасына икемді тіпті көмектеседі, бірақ жұмыстан шаршап келсе жалқауланып жатып алатыны бар. Үйде демалудың маңызы еңбекқор Торпақтар үшін ерекше.

Дайындаған: Жадыра.

Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай? Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Бірінші құпия – келешекке құрған жоспар.
Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай? Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай?
Қайтпас қайсар Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) өзіне сенімді қадамы нық. Мұндай адамның сипаттамасы – жігерлілік және бүлікшіл. Бұл От белгінің
Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді.
Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы. Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы.
Мерген жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы. Шынайы, тартымды Мерген жұлдызындағы ер-азаматтар (22 қараша – 21 желтоқсан) бір қарағанда томпиған
Құпия ғой, құпия адам деген Құпия ғой, құпия адам деген
Құпия ғой, құпия адам деген! Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем, болғандай ем бәрін де көріп, біліп, әлі күнге мен қалай аман келем?
Торпақ Торпақ
Торпақ жұлдызына мінездеме. Торпақ күшті де табанды болғанымен, көпшіліктің арасынан қарапайым байқаусыз тұрған жанның осы жұлдызға тән екеніне таң
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×