Құпия ғой, құпия адам деген
Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Құпия ғой, құпия адам деген!
Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем,
болғандай ем бәрін де көріп, біліп,
әлі күнге мен қалай аман келем?
Адамдардың болмысын білгендей ем,
сал тартпайды салқындық сіңбей денең.
Жастықтағы арынды тұрмыс жуып
оңдырады матадай күнгей жеген.
Бәрін көріп, білген соң бұ ғаламда
бұрынғыдай сүйремес ұран алға.
Бәрі өткінші жайлаудың ғұмырындай,
сынаған да өткінші, ұнаған да.
Самарқаусың: Күн сөнсе, "не" деместей;
ойыңдағың болмаса, ерегеспей,
жақсы көрмей, жек көрмей, күйіп - жанбай
жүре алмайтын баяғы сен еместей.
Сен еместей жан біткен адал дейтін,
бірге жүріп, бір күліп, тамақ жейтін,
бәстесетін нан ұстап: "Адамда сәт
болмайды, - деп, - жоғалтар адам кейпін".
Енді күй жоқ лапылдар, сөніп бір күн.
Бірақ кенет өзіңді жолықтырдым:
келбетіңнен менде осы жақын күнде
бір өзгеріс боларын көріп тұрмын!
Құпия ғой, құпия адам деген!
Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем,
болғандай ем бәрін де көріп, біліп,
әлі күнге мен қалай аман келем?
Адамдардың болмысын білгендей ем,
сал тартпайды салқындық сіңбей денең.
Жастықтағы арынды тұрмыс жуып
оңдырады матадай күнгей жеген.
Бәрін көріп, білген соң бұ ғаламда
бұрынғыдай сүйремес ұран алға.
Бәрі өткінші жайлаудың ғұмырындай,
сынаған да өткінші, ұнаған да.
Самарқаусың: Күн сөнсе, "не" деместей;
ойыңдағың болмаса, ерегеспей,
жақсы көрмей, жек көрмей, күйіп - жанбай
жүре алмайтын баяғы сен еместей.
Сен еместей жан біткен адал дейтін,
бірге жүріп, бір күліп, тамақ жейтін,
бәстесетін нан ұстап: "Адамда сәт
болмайды, - деп, - жоғалтар адам кейпін".
Енді күй жоқ лапылдар, сөніп бір күн.
Бірақ кенет өзіңді жолықтырдым:
келбетіңнен менде осы жақын күнде
бір өзгеріс боларын көріп тұрмын!
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып.
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені, елемей еш пендені, көлгірсіген шуылдақ жұрттың бәрін қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Өлген ойлар
Дүние ғапыл, өткінші тағдырың - ай, кім шығарған жалғанда заңды бұлай? Болды - толды, өмірден өтті - кетті... Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай.
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен, Көріп келем өмірді, көріп келем. Қуатым бар жанымда сеніп келем, Даңғазаға даурығып, желікгіеген.