ойын сауық отауы
Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы
09.10.2017 4 232 0 Дауыл

Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы

Бұл қызықты
Қызға қырық үйден тиым
Қазақ халқы қашанда қызын аялаған, қызын мәпелеп тәрбиелеген халық. Қыз тәрбиесін ұлт тәрбиесімен пара - пар қойған, қыз болашақ деп білген. Сондықтан да қай кезде болмасын қызын мейірімділікке, сыпайылыққа, ұяңдыққа, адамгершілікке баулыған. Өйткені, қыздың орны бөлек, жолы басқа.

Қазақ салт - дәстүріндегі тәрбиелік ұғым саналатын «Қызға қырық үйден тиым» ұстанымын назарларыңызға ұсынамыз:

1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.

2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.

3. Талтайып отыруға тыйым.

4. Шалқайып жатуға тыйым.

5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлап жүр.

6. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.

8. Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.

9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.

10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.

11. Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.

12. Ұрлық - қарлыққа тыйым.

13. Жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

14. Бұраңдауға, қылымсуға тыйым.

15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.

16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.

17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.

18. Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайыңды ұмытпа.

19. Бейәдеп сөз айтудан тыйым.

20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек. Үлкендердің атын атауға тыйым.

21. Ішімдік-шегімдікке тыйым.

22. Ұрыс - керіске тыйым.

23. Беттен алып, төске шабуға тыйым.

24. Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.

25. Біреудің байлығына, дүние - мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

26. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.

27. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.

28. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.

30. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.

31. Адамды және жан - жануарларды тебуге тыйым.

32. Бүйірін, жағын таянуға тыйым.

33. Тәкаппарлыққа, сайқы - мазаққа тыйым.

34. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.

35. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.

36. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.

37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.

38. Алдап - арбауға тыйым.

39. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.

40. Тойымсыздыққа тыйым. Осы айтылған маржан сөздерді бойына сіңірген екі дүниенің бақытына бөленері хақ.

Дереккөзі: anabol. kz

Екі тақуа (монах) Екі тақуа (монах)
Екі тақуа ағысы қатты, долы өзенді кешіп өтті.Олардың жанында өте әдемі қыз тұрды, ол да өзеннен өткісі келді бірақ қорқып тұрды.
Тыйым сөздер мағынасымен Тыйым сөздер мағынасымен
Босағада тұрмау. - Қазақта жаманшылыққа жорыған, жетім балаға тән әрекет.
Қазақтың тыйым сөздері Қазақтың тыйым сөздері
Ұятсыздан аулақ жүр.
Тыйым сөздер №1 Тыйым сөздер №1
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым - тыйымдар жүйесі халқымыздың өмірінде, салт - санасында, әдет - ғұрпында, тұрмыс -
Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім министрлігі де қалап отырған жоқ Мектеп бітіру кешінің сонша шығынмен өтуін білім
Білім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ. Бүгін вице-министр Бибігүл
Мектепте смартфонға тыйым салына ма? Мектепте смартфонға тыйым салына ма?
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы прокурорлардың ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×