ойын сауық отауы
Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі
15.05.2018 2 716 0 Дауыл

Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі

Бұл қызықты
Қыз тәрбиесіндегі әкенің алатын рөлі.

Әке тәрбиесі баланы материалдық тұрғыда қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Қыз баланың дамуында, толыққанды азамат болып өсуінде анасының бере алмайтынын әкесі береді. Жақсы тәрбие әкесі мен шешесінің бірдей атсалысуынан қалыптасады.

3 жасқа жеткенде қыз ер адам мен әйелдің айырмашылығын біле бастайды. Осы уақытта қыз балада әйел затына тән қылықтар мен әдеттер дамиды. Анасынан гөрі, әкесінің жанында өзін еркін, «ханшайымдай» сезінеді, тек әке ғана қызының нәзіктігі мен сүйкімділігін қалыптастыра алады.

Ана баласының жынысына мән бермейді дейді психологтар. Ал әкелер алғашқы күннен-ақ сәбиін бала немесе қыз ретінде қабылдайды. Сондықтан толыққанды отбасыларда қыздарға тән нәзіктік, биязылық пен ұяңдық ертерек дамиды.

Әкенің қыз тәрбиесінде алар орны өте маңызды. Қыздың дамуы, болашақ жарымен қарым-қатынасы, отбасылық өмірдегі жетістігі мен өзін - өзі танытуы дәл осы әкенің қызына деген қарым - қатынасына байланысты. Қыздар болашақ жарын әкесіне ұқсағанын қалайды.

Қызына жылы сөйлеп, үнемі мақтап отыратын әке қыздың өзін-өзі бағалап, үлкен жетістіктерге жетуіне, дұрыс жолды таңдауына себеп болады.

Ал «Қызды қырық үйден тый» деп жөнсіз дөрекілік танытып, кемсітіп, ұрсу қыздың жігерін жасытып, адам болып, әйел болып қалыптасуына кедергі келтіреді.

Ескерту жасағанда да «қызым, оның дұрыс болмайды», «қыз балаға ол қылық жараспайды» деп сыпайы түрде айтқан жөн, балиғат жасқа толғанда тым еркелетіп, айтқанын екі етпей орындай беру де дұрыс емес.

Анасы қызын үй шаруасына баулып, ертеңгі күні бір үйдің келіні болатынын, ана болатынын айтып отырса, әкесі өмірдің басқа да жалпы түсініктерін қалыптастыра отырып болашақ өмірге дайындайды.

Қызымен бірлесіп ойындар ойнау, логикалық есептер шешу, сабағын бірлесіп оқу – қыздың дамуындағы маңызды сәттер.

Мейірімділік таныту, көмек сұраған сәттерінде қол ұшын беріп, ақылын айту – әкенің міндеті.

Қыз отбасында не көрсе соны болашақ ұясында жасайтынын естен шығармаңыз!

Дереккөзі: http://mazhab.kz

Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз
Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету — анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын
Балаға қандай ертегі айтасыз? Балаға қандай ертегі айтасыз?
6 сәуір – орыс халық ертегілері күні. Осы атаулы күні балаңызға қандай ертегі айтып жүргеніңізді, не үшін ертегі айтатыныңызды саралап көріңізші.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді: — Қанша қалың мал беру керек болса — сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат
Бала тəрбиесі жатырда басталады Бала тəрбиесі жатырда басталады
Бала тəрбиесі жатырда жатқанынан басталады. Бұл — ақиқат. Баланы тек ес білгенінде тəрбиелеу дегеніміз бала тəрбиелеуді көп уақытқа кешеуілдеп алу
Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар
Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден көрген тәрбие өсіп - өнгенше оның бойына азық болады. Қазағым «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер
Отбасында ақшаның маңызы Отбасында ақшаның маңызы
Жақында ғалымдар жүргізген зерттеуінің нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылардың ұрыс-керісі көбіне неден туындайтыны анықталған. Үшінші орында, үйдегі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×