ойын сауық отауы
Бала тəрбиесі жатырда басталады
04.11.2018 2 030 0 Дауыл

Бала тəрбиесі жатырда басталады

Денсаулық
Бала тəрбиесі жатырда басталады
Бала тəрбиесі жатырда жатқанынан басталады. Бұл — ақиқат. Баланы тек ес білгенінде тəрбиелеу дегеніміз бала тəрбиелеуді көп уақытқа кешеуілдеп алу деуге болады.
Жатырда жатқан сəби əлемді қалай қабылдайды?

Ең алдымен, сəбидің анасының жатырда жатып əлемді қалай қабылдайтынын біліп алу қажет.
Дүниеге келмей - ақ сəбидің есту қабілеті дамиды. 16 - шы аптасында - ақ ол анасының тамырлар жүйесіндегі қан айналысының дыбысын естіп жатады, алайда толығымен оның кішкентай құлақтары 24 - ші аптаға қарай қалыптасып бітеді. Ол анасының жүрек соғысына үйрене бастайды, анасының даусына, анасы тыңдап жатқан əуенге елеңдей бастайды. Туыла салысымен - ақ сəби тек туған анасының даусын ғана емес, сонымен қоса, айналасындағы адамдардың сөйлеп жатқан тілін біле бастайды. Зерттеулер көрсеткендей, сəби өз туған тілінде сөйлеген адамға көп қызығушылық танытады.

Сəбиді əкесінің даусымен таныстырған маңызды. Əкесі сəбиімен анасының жатырында жатқанда - ақ, ішіне тақалып сөйлесіп, тығыз байланыс орната бастасын. Сəби міндетті түрде оны естиді, себебі ұрық маңайындағы сұйықтық дыбыстарды жақсы жеткізеді. Мұндай байланыс əке мен бала арасындағы жақсы қатынасты қалыптастырады.

Сəби тек естіп қана қоймай, анасының сөйлеу мəнеріне қарай қимылдайды. Сондықтан өзіңіздің жаныңызды тыныштандыратын дауыс ырғағы мен жай шыққан дыбыс сəбиіңізді де тыныштандырады.
Ал қызулы əңгімелер немесе даусы қатты əуендер ойнап тұрған кезде ол айналып, аяқтарымен тебе бастайды, яғни мазасызданады.

Сонымен бірге, анасының жатырында жатып сəбидің сезу қабілеті де дамиды, иіс пен əртүрлі дəмдерді қабылдай алады.
Ең бірінші сезу қабілеті дамиды, сондықтан жүктіліктің ең алғашқы кезеңінде - ақ сəбимен қарым - қатынас жасауға болады (ішіңізді сипап). Егер жүктілік кезінде осындай қатынас орнатсаңыз, келешекте оны аяғынан не қолынан сипалап отырып ұйықтатуға жеңіл болады.

16 - шы аптаға қарай ұрықтың дəм сезу рецепторлары қалыптасады. Анасы жеген азықтың бəрі сəби ағзасына жолдасы арқылы беріліп, ұрық маңайындағы суға сіңеді. Осылайша, сəби тамақтың дəмін біледі. (Ұрық маңайындағы суға ащы жəне тəтті заттарды енгізу арқылы зерттеушілер сəбидің тəтті сұйықтықты құмарлана жұтатынын, ал егер ащысы түссе – түнеріп қалатынын анықтады.) Оған қоса, сəбидің туылғаннан соң жейтін тамақтары анасының жүкті кезінде жегендеріне байланысты. Сондықтан егер өсіп келе жатқан сəбиіңіздің болашақта тамақтың барлығын дерлік, талғамай жегенін қаласаңыз, жүктілік кезінде əртүрлі тамақтанғаныңыз жөн.

Жатырда жатқан сəбиді қалай тəрбиелеуге болады немесе болашақ анаға арналған «тапсырмалар»
Сəбидің жағдайына мұқият қараңыз. Əртүрлі əрекеттерге қалай жауап беретінін есіңізде сақтаңыз жəне оның қимылының мағынасын түсінуге тырысыңыз. Сəбиіңіздің «қалауын» анықтаған соң оған ұнайтын нəрселермен көбірек айналысыңыз.
Сəби (тек жатырда ғана емес, туылған соң да) сыртқы əлемді анасының эмоциясы арқылы қабылдайды. Шамамен 20 - шы аптадан бастап сəбиіңізге өзі аяқ басатын əлемі туралы əңгімелеп беріңіз. Мұнымен табиғат аясында отырып (оның сұлулығын сипаттап) айналысқан жақсы. Бұлай сіз тек сəбиіңіздің өмірге деген жағымды қатынасы мен көзқарасын қалыптастырып қана қоймайсыз, сонымен бірге, болашақта онымен тіл табысуға үйренесіз. Стресстік жағдайларда міндетті түрде сəбиіңізбен сөйлесу керек.

Сəби ырғақты əуендерді есінде тез сақтап қалады. Сондықтан күнделікті қайталанатын əрекеттерді (таңертеңгілік ұйқыдан тұру, кешке ұйқыға жату, жуыну, тамақтану) есте қаларлық қысқа əуендермен бастаған жөн. Осылайша қарапайым, қысқа ырғақты əуендер арқылы сіз сəбиіңізді туылмай жатып - ақ күн тəртібіне үйрете бастайсыз.

Жаңа туылған нəрестемен қарым - қатынас (пренатальды тəрбие)
Əр адамның дүниеге келгенге дейін соқыр сезімінде (подсознание) өмір туралы естеліктер сақталып қалады. Жаңа ғылыми бағыт – трансперсоналды психология – босану сəтін адамның санасы мен психикасының қалыптасуының негізі деп қарастырады. Егер жүктілік, босану жəне босанғаннан кейінгі кезең ауыр жағдайларда өтсе немесе сəби анасының эмоционалды қатынасын сезінбесе, оның барлық өмірі үреймен өтеді, өз - өзіне сенімсіз болады, айналасымен қарым - қатынас жасағанда қиналады, əлемге деген агрессивті көзқарас пайда болады, өмірдегі қиындықтармен бетпе - бет келгенде психикалық ауытқушылықтар жəне жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады. Мұндай проблемалардың алдын алу үшін пренатальды тəрбие əдістері қолданылады.

Пренатальды тəрбиенің негізі міндеті – болашақ анаға туылмай тұрып сəбиімен толыққанды байланыс орнатуға көмектесу. Балалық шағында аналық мейірімді сезініп өскен əйелге бұл қиындық тудырмайды. Ал кейбіріне бұған үйрену қажет.
Дереккөзі: anamenbala.kz

Анасының соңғы өсиеті Анасының соңғы өсиеті
Жалған дүниемен қоштасатынын сезген кезде әлгі әйел баласын шақырып былай дейді: «Басымыздан қиын күндерді өткердік, кедейшіліктен бас көтермедік.
Анасының қызына айтқан ақылы. Анасының қызына айтқан ақылы.
Тұрмысқа шыққалы отырған қызға анасының берген ақылы.
Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Әке тәрбиесі баланы материалдық тұрғыда қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Қыз баланың дамуында, толыққанды азамат болып өсуінде анасының бере
Баланың бақытына жауапты кім? Баланың бақытына жауапты кім?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан
Ең сұлу әйел – жүкті әйел Ең сұлу әйел – жүкті әйел
Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап
Мен деген - ырза, мәз бала Мен деген - ырза, мәз бала
Мен деген - ырза, мәз бала Достар - ау, қайда тайдыңдар He берді маған ай - жылдар? Аздаған менде бақыт бар, Аз ғана менің қайғым бар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×