ойын сауық отауы
Аялы алақан
15.05.2018 2 334 0 Дауыл

Аялы алақан

Бұл қызықты
Аялы алақан
Бақыт туралы ой
Әр адам бақытты өзінше түсінеді… Ал мен үшін мына өмірдегі «бақыт» деген ұғымның астарында ата - анам тұрады. Ол кісілердің қуанышы – менің қуанышым, қайғысы – менің де қайғым. Мені ананың аялы алақаны мен әкенің қамқорлығынан айырылған қазағымның қаракөз қыздары мен қарадомалақ балаларының жайы алаңдатады. Олар бақыт деген ұғымды қалай түсінеді?

Жолым түсіп, Балалар үйінің жанынан өтіп бара жатып, әп - әдемі, сүйкімді, асыр салып ойнап жүрген балғындарды көрдім. Жәудіреген көздерінен болашаққа деген зор сенімнің ұшқынын байқасам да, жанарларынан мен күткен нәрсені көре алмадым. Нені дейсіз ғой? Ананың ыстық алақаны мен әкенің жылы құшағынан сезілетін бақыттың нышаны, отбасы жылуы. Сосын, іштей:«Өмірдің басқа салған сынағы болғанымен де, мұншалық тағдыр тәлкегіне бауыр еті баласын қиып тастайтын қандай ата - ана екен» деп қапаландым. Осы орайда, есіме әкемнің бір әңгімесі түсіп отыр.
Әкемнің кішкентай кезі. Жасынан құс біткеннің балапанына құмар болған екен. Кіп - кішкентай қанаттарын серпіп, сүп - сүйкімді балапандарды көрсе, бағып көрмекші болып, үйге алып кетіп, балапанның нені жемтік қыларын білмей өлтіріп алып, талай рет обалына қалған көрінеді. «Жайлауда мал бағып жүрген кезім еді, – дейді әкем. – Бір күні үйдегі сиырымыз жоғалды. Жоғалған малды іздеуге атам астыма асау жылқыны мінгізіп жіберді. Шілденің ми қайнатар ыстығы. «Лекер» деген жазық бар еді. Сол жазықта сиырды таба алмай, шаршап, ыстыққа шыдамай келем. Бірде, алыстан артынан жалғыз балапанын ерткен тырнаны көрдім. Балалық қой, жанына дереу жетпек болдым. Тырна мені бірден байқады. Балапанына тиіспесін деген ниетпен, қанаты сынған құстың кейпін жасап, қанатын ауырсынып, жер сүйретіп, қауырсындарының артына балапанын тыға қойды. Қулығына таңданып, аттан лезде түстім де жанына бардым. Аналық махаббаттың құдіретін айтсаңшы, жарықтық балапанын шөптің арасына тыға қалып, өзінің ауырсынған қанатымен қалқалай қойды. Мен де тайсалмай, балапанды алмақ оймен құсқа жақындадым. Зәресі зәр түбіне түсіп, тыпырши бастаған тырнаны көріп, балапанын алып бағатыныма өзімше іштей масаттанып қоям. Қолымды созып едім, тырна қолымды шоқып қалды. Оқыстан болған соң абайсызда қолымнан аттың шылбырын жіберіп алдым. Өзі де асау жылқы басы ауған жаққа шаба жөнелді. «Аттан айрылып, мынадай қайнаған күнде ауылға жете алмай қалармын - ау» деген ой тырнаның балапанын аламын дегенімді ұмыттырып жіберді. Ойқастап шауып бара жатқан атты қуа жөнелдім. Жануар да жаратылыс емес пе, жағдайымның мүшкіл екенін сезсе керек біраз жерге барып оқы­раңдап тоқтай қалды. Әлгі құстың бала­панын сол сәтте әлдебір құдірет сақтап қалғанына таңданып, жануардың мейірімділігіне ішім жылып үйге аяңдадым…».
Әкемнің әңгімесінен не байқадыңыз? Тіпті құс екеш құс та өз баласын қауіптен қорып, аналық қамқорлық танытуды, мейірім көрсетуді біледі. Ал адамзат ше? Кейбір қаракөз қыздарымыз өздері жаза басқан бір қателік себебінен әлі де ес жимаған балапанын Балалар үйіне тастап кете барады, әттең… ­Сонда әкемнің әңгімесіндегі жануар екеш жануардан нашар болғаны ма? Сол балалар оларға біреудің келіп: «Киін, саған анаң келіп тұр» деп айтқанын аңсайды емес пе? Олар бақыт дегенді ата - ананың жанында болу деп түсінеді. Тағдыр… Бірақ қаршадай балалар өмірдің өздеріне дайындаған сынағын басынан өткеріп жүр. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»(Абай) де­мекші, қазіргі қоғамдағы адамдар сол балаларға азғантай уақыттарын бөліп, көңілдеріне қуаныш орнатуда, оларды қанаттарының астына алып, бақыт­тың дәмін сездіруде бір - бірімен жарысса екен. Пайғамбарымыз «Тек Алла разылығы үшін жетімнің басын мейірімділікпен сипаған адам, қолының тиген шаштарының санындай сауапқа қауышады»деген. Ендеше, Алланың разылығына асығайық…
Авторы: Анеля ИЛЬЯСОВА
Дереккөзі: http://anatili. kazgazeta. kz

Шағымданғыш адам туралы мысал Шағымданғыш адам туралы мысал
Бірде бір ер адам бір үйдің жанынан өтіп бара жатып, тербетілгіш орындықта отырған қарт апаны көрді, оның жанында қарт атай газет оқып отырды.
Балалар жайлы қысқа жазбалар (Статусы о детях) Балалар жайлы қысқа жазбалар (Статусы о детях)
Бала – біздің бақытымыз. Оларсыз мына әлем бақыттан ада болмақ. Бала – өмірдің мәні. Баласыз үйде жылу жоқ, жайлылық жоқ, қуаныш жоқ. Бала – сенің
Мерекеде құттықтап қайт анаңды Мерекеде құттықтап қайт анаңды
Табиғат жасаған жаратылысының әр тынымсыз бүлкілі перзентіне деген тек қана кешірім мен мейірімнен тұратын бір үлкен жүрек бар. Ол – Ананың жүрегі.
Алтын заман Алтын заман
Жайнатқан тау мен даланы, Көркейткен. Ауыл, қаланы, Әлпештеп қолы аялы, Бақытты еткен баланы,
Әке туралы ой Әке туралы ой
Бесікте жаттым уілдеп, сол бір сұрапыл соғыс күндерде, қан кешіп біздің әкелер сонау батыста жырақ жүргенде.
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×