ойын сауық отауы
Мерекеде құттықтап қайт анаңды
06.03.2017 1 349 0 Дауыл

Мерекеде құттықтап қайт анаңды

Жаңалықтар / Өлеңдер
Мерекеде құттықтап қайт анаңды

Табиғат жасаған жаратылысының әр тынымсыз бүлкілі перзентіне деген тек қана кешірім мен мейірімнен тұратын бір үлкен жүрек бар. Ол – Ананың жүрегі.

Сол үлкен жүректен тарайтын күн сәулесінен де құдіретті, күн сәулесінен де ыстық бір таусылмайтын жылу бар. Ол – Ананың перзентіне деген көңілі.

Кішкентай сәби тек сонда ғана өзін еш алаңсыз, еш қауіпсіз сезіне алатын, ешқандай шебердің жасап шыққан бесігі тең келе алмайтын бір қорғаныш бесік бар. Ол – сәби үшін анасының аялы алақаны мен жылы құшағы.

Дүниедегі барлық ілім мен білім атаулының перзент үшін бастауында тұрар бір қасиетті қайнар көз бар. Ол – Ананың перзентіне үйрететін тәлімі.

Барлық еңбек етіп жүрген жандардың жасап жүрген қызметінен алар сауабы асып түспесе, кем түспейтін бір ұлы күш бар. Ол – Ананың перзентіне еткен еңбегі.

Ешқашан таусылмайтын, түгесілмейтін, ортаймайтын бір ғажайып ұлы сезім бар. Ол – Ананың перзентіне деген Махаббаты.

Перзент атаулының жүрегін қуанышқа толтырар бір ұлық күн бар. Ол – Ананың мерекесі.

Көктем айының бастапқы мерекесінің бірі – қырмызы гүлдей құлпырған қыз - келіншектер мен Ананың мерекесі.

Мерекеде құттықтап қайт анаңды

Сен өмірге келген сонау шақтарда,
Сәби сәуле ұласқанда ақ таңға.
Мына әлемнің падишасы секілді
Жөргегіңде сен нұрланып жатқанда,
Саған мейірім арнаған жан кім еді?

Тек сен үшін күн оянып аспанда,
Бір сен үшін жұлдыз сәуле шашқанда.
Сәби шағың келешекке ұмтылып,
Апыл - тапыл сен жүгіріп басқанда,
Қарсы алдыңнан құшақ жайған кім еді?

Әр тәлімі білім болып сіңгенде,
Сол тәліммен айналаны білгенде.
Арман қуып жастық, балаң көңілің,
Үйден шығып, сан жолдарда жүргенде,
Бір сен үшін алаң болған кім еді?

Мейлі, жылдар түсе берсін араға,
Уақыт жылжып өтсін, мейлі, санада.
Есейгенде, ержеткенде ендігі
Соның бәрін ұмытуға бола ма?

Міне, өзің де азамат боп қалдың шын,
Жүрегіңде тағы да бір ән күлсін.
Мерекеде құттықтап қайт анаңды,
Бөбек күнің қайтадан бір жаңғырсын.

Сәби шағың бір орында тұра ма,
Жүрегіңмен алдың оны ұға ала.
Сені есейтіп, саған өмір сыйлаған,
Ол – осы бір ұлы ана.

Құттықтап қайт, күлімдесін бірге Күн,
Еске түссін қайта бөбек күндерің.
Қандай сыйлық жасаймын деп қамықпа,
Ең үлкен сый – сенің есен жүргенің.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз
Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету — анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын
Үй туралы мақал - мәтелдер Үй туралы мақал - мәтелдер
Үй туралы мақал - мәтелдер Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №1 Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №1
Анадан артық дос бар ма? Ашудан жаман қас бар ма? Жиырма бестен жақсы жас бар ма? Қымыздан тәтті ас бар ма?
Атаның шаһуатының көп қой мәні... Атаның шаһуатының көп қой мәні...
Атаның шаhуатының көп қой мәнi, Ананың құрсағында қан болғаны. Құс пен адам болар деп кiм айта алар, Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Сәби болғым келеді Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Көшеде Көшеде
Мен жолымды берейін, өт қарағым, Несін күттің, несіне көп қарадың? Анасының бергенін саған берген, Аруағынан айналдым текті Ананың!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×