ойын сауық отауы
Ананың қызына айтар 50 кеңесі.
18.05.2018 4 395 0 Дауыл

Ананың қызына айтар 50 кеңесі.

Бұл қызықты
Ананың қызына айтар 50 кеңесі.

1. Сен кейде маған ренжіп қаласын, бірақ мен сені бәрібір жақсы көремін.
2. Кейбір сөздер көпір соға алады. Ал, кейбірі сол көпірді құлатып жіберуі мүмкін, сондықтан әрбір айтқан сөзіңді санаңнан өткізіп айт.
3. Сенің шаңырағың - сен тұратын орта емес, сені жақсы көретін орта.
4. Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздікті білдірмейді.
5. Ешқашан жігіттің соңынан жүгірме, ең дұрысы, олар өздері сені тапсын. Егер сен нағыз азамат дос жігітті кездестірсең, оның жүрегінен орын алуға тырыс. Сендердің арақашықтықтарың қарым - қатынастарына еш кедергі болмау керек.
6. «Жоқ》деген сөзді айтып үйрен, және бұл сөзді қолдануға еш қаймықпа.
7. Біреуге игі істі жиі жасап тұр.
8. Есіңнен шығарма дүние сені бақытты етпейді.
9. Ешқашан біреуді сынама! Бірақ, әрқашан өзгенің өзіңді сынауына дайын бол! Бұл өмір, қиындықтан тұрады, сынып кетпе, кеудеңді тік ұста, қызым!
10. Санаңды да, өзіңді де, айналаңды да таза ұста!
11. Алдына мақсат қой, сол мақсатқа жету үшін күресе біл.
12. Әрбір кішкентай қиындыққа еңсеңді түсіре берме. Басқа қиындық түсу, ақырзаманды білдірмейді.
13. Сен ешқашан өзгені өзіңмен салыстырма, олар ешқашанда сен секілді бола алмайды.
14. Біреуді қаншалықты жақсы көрсең де, өзіңді жоғалтпауға тырыс.
15. Сөйле! Өз дауысыңды тап және оны қолдан.
16. Ең біріншіден өзіңді сүй. Сонда ғана сен өзгені сүйе аласың. Сол кезде қыз болып туылған қандай керемет екенін түсінесің.
17. Саған өз өмірбаяныңды жазуға тура келетін уақыт туады, сол кезде қағаз бетін тек бақытты сәттерді жазып толтыруға тырыс.
18. Өмірде сен санасы төмен көптеген қыздарды кездестіресің. Олардан іргеңді аулақ ұста!
19. Әр қошемет сөздерді дұрыс қабылдай біл! Маған сенші - сен ғажап қызсың!
20. Әрқашан адал бол!
21. Өз рөлінде бақытты болуды біл және ешқашан жалғыздықтан қорықпа.
22. Ешқашан өз сезіміңді сыртқа шығаруға қорықпа.
23. Білім - алып күш. Өзіңді дамыт!
24. Сенің қайғыңды, қуанышыңды бөлісіп тұратын, әрдайым сені қолдап жүретін жанды таңда.
25. Есіңде болсын! Сен ешкімнің жекеменшігі емессің. Сен қызсың, өз бағанды біл. Және бағанның қаншалықты қымбат екенін ешкімге айтпа.
26. Ұрысуға болады. Бірақ тоғызыншы ережені ұмытпа!
27. Өз - өзің үшін тұрып бере алатын бол. Осындай сен өзінде жалғызсың.
28. Сәтсіздікті бастан кешіруден қорықпа. Қателік - өзіңнің сапанды және мүмкіндігіңді жетілдіретін жаңа баспалдағын болуы мүмкін.
29. Қандай жағдай болмасын, мен сені қолдап жүретінімді біл.
30. Еш келісімсіз біреуге көмектесе біл, бұл сені бақытты етеді. Әлемге не сыйласан, өзін де соны аласың.
31. Құрметті бол, ризалық мінезді ашады.
32. Өзіңнің ішкі сезіміне, дауысына сен.
33. Сүйкімді, тартымды қыз көпшіліктің көреалмаушылығынан, сыбысынан қаша алмайды. Сондықтан ешкімге де, ешнәрсеге де мән берме. Өзімен өзің бол!
34. Сенің қандай екеніңді сөзің емес, ісің көрсетеді.
35. Өз сезіміңді жасырма, сезіміңді білдіруге жол тап.
36. Айналаңдағы әр заттан әдемілікті көре білу жақсы қасиет.
37. Еркекті байлығы үшін емес, кемеңгерлігі үшін бағала. Әйелді сұлулығы үшін емес, адалдығы үшін бағала.
38. Өзіңді жақсы көретін адамдардан ешқашан контакт үзбе.
39. Өмір жолында әрдайым басынды тік ұстап жүр. Өз - өзіңе сенімділік жағымды болады.
40. Қажет кезінде жылап ал. Және сол көз жасынан жаңа күш ал.
41. Күлкі жанның дауасы.
42. Өзгенің әуенің құрметте, бірақ өз әуеніңе биле.
43. Әрқашан өзіңді қамтамасыз ететін жағдайда бол.
44. Сенде бәрі жеткілікті.
45. Сен маған кез - келген уақытта, не болса да айта аласың. Мен әрдайым сенің жаныңнан табыламын.
46. Қыздар ешқашан жігіттердің көз жасы мен шағымың шешуге асықпау қажет. Негізі жігіттер өз проблемасын өздері шешеді.
47. Сенің қабілетін өзің ойлағаннан да зор.
48. Сен өте сұлусың, және ешқашан ешкімге сенің басқаша сезінуіңе жол берме. Өзгенің пікірі, тек реңкілі әуен.
49. Өмір тек бүгінгі күннен тұрады. Қазіргі сәтте өмір сүр. Сен кешегі мен ертеңгі күнді толықтай басқара алмайсың. Сондықтан әрбір бүгінгі күнді бақытпен өткізуге тырыс.
50. Тағы да есіңе сақта! Мен сені қандай жағдай болса да жақсы көремін.

Аударған: Қыздарға бәрі керек тобы!

Ағасының қарындасына айтқан ақылы Ағасының қарындасына айтқан ақылы
Қарындасым, мен сенің жақсы болғаныңды, бақытты болғаныңды қалаймын. Оны өзің де білесің. Дәл қазір сенің өміріңе, тәрбиеңе ағасы ретінде тікелей
Анасының қызына айтқан ақылы. Анасының қызына айтқан ақылы.
Тұрмысқа шыққалы отырған қызға анасының берген ақылы.
Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдің 30 қағидасы
– Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да ететін өскен ортасы, – дейді ол.
Мен жақсы адаммын ба? (мотивация) Мен жақсы адаммын ба? (мотивация)
Мотивация - Мен жақсы адаммын ба? - Әрине, сен өте жақсы адамсың.
Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес
Есің сақта, бәрі орындалады, бірақ дәл қазір емес
Есіңнен айырылу үшін, тек бір жанды кездестірсең жеткілікті Есіңнен айырылу үшін, тек бір жанды кездестірсең
Ол адам саған шынымен қажет болса, сен тәкаппарлығың мен қатал мінезің туралы ұмытасың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×