ойын сауық отауы
Өзіңе сену туралы астарлы әңгіме
15.07.2018 3 304 0 Дауыл

Өзіңе сену туралы астарлы әңгіме

Бұл қызықты
Өзіңе сен!
Бірде бақалар таудың басына өрмелеп шығудан өзара байқау өткізуге шешім қабылдапты. Байқауға қатысуға ниет білдірген бақалардың саны аз болмапты. Бақалардың сәтсіздікке ұшырағанын көруге орманның түкпір - түкпірінен түрлі жануарлар келді. Әлі өрмелей білмейтін кішкентай бақалардың құлағанын көріп, күлеміз - деп ойлайды. Көп ұзамай «Баста!», деп команда берілісімен бақалар жоғарыға өрмелей жөнелді.
Басталғаны сол, жабайы аңдар мен жәндіктер жан - жақтан күле бастады:
- Ақымақтарды қараңдар, анау қазір құлайды!
- Бұлардың биікке өрмелеуі мүмкін емес қой, өздерін кім деп ойлайды?!
- Ей, ақымақтар, сендер биік тауға ешқашан өрмелеп шыға алмайсыңдар!
Мұны естіген бақалар бірінің артынан бірі құлай бастады. Оны көрген жануарлар айқайлап күлгенін тоқтатпай:
- «Қалай жоғарыға өрмелемексіңдер, сендер сондай әлсіз және кішкентайсыңдар!»
- «Сендердің табандарың жылтыр және кішкентай, сондықтан бұл өте қиын!»
Мұндай жағымсыз және қорлау сөздерді естіген бақалар мәреге жете алмай құлап қалды. Тек, жалғыз ғана бақа құламай өрмелей берді. Әлгінде айтылған сөздердің бірінде құлағына ілмеген күйі жоғарыға өрмелей берді. Ол сол күйі биік таудың басына барып бір - ақ тоқтады. Міне, белгіленген мәреге жетті!
Барлығы таңдана бастады: «Қалайша, кіп - кішкене әлсіз бақа сондай биік таудың басына өрмелеп шықты?».
Әлгі жеңімпаз бақа жерге түскенде оның құпиясын сұрап білмекке бір бақа жанына келді.
- «Сен мұны қалай жасадың? Мұның құпиясы неде?»
Оп - оңай.....
Оның құлағы керең екен.....
Өсиет: Өзіңе деген сеніміңе нұқсан келтіретін адамдарды тыңдама, өйткені олар сенің арман, үмітіңді жоғалтады.
Әрқашан сөздің құдіретті екенін есіңде ұста. Әрбір сөз сенің іс - әрекетіңе әсер етеді!
Сондықтан: Әрдайым ойың оң болсын! Теріс ойды қуып жібер! Сонда сен жеңімпазсың! Күн өткен сайын сенімділік күшейе түсетін болады.
Ең бастысы: алға қойған мақсатыңа жету жолында сенімсіздік танытқан жандардың сөзін тыңдама. Құлағы естімейтін керең бақаны есіңе ал. Саңырау бол!

Ғибрат: Асығыстық жасамаңыз! Ғибрат: Асығыстық жасамаңыз!
Бір ауылда өте кедей, әрі кәрі кісі болыпты. Жаңағы кедейдің ақ тұлпары болған екен. Оның тұлпарының сұлулығына сол елдің ханы ерекше тәнті
Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев
Бір күні шалшықтағы көлбақалар, Жан - жағын жинауға бір етіпті жар. Бұзылып халық кетті бетімен деп, Қызметсіз құр тұрудың не мәні бар.
Өтірік өлең: Жануарлар туралы Өтірік өлең: Жануарлар туралы
Жануарлар бақшаға Жеміс жеуге келіпті. Суда өскен жүзімді, Жылқы мен есек теріпті.
Үш қыз астарлы әңгіме Үш қыз астарлы әңгіме
Күйеуге шыққысы келетін ақылды аруларға арналған астарлы әзіл әңгіме. Апалы - сіңлі үші қыз өмір сүріпті. Үлкен қыз өте жалқау болатын, ортаншы қыз
Қазақ дастарқаны Қазақ дастарқаны
Сендерменен бір бастым шыңға қадам, Сендер барда келген жоқ мұң да маған. Далаң анау талдырған құс қанатын, Бабаң анау кеңдігін бұлдамаған.
"Мәңгілік Ел" қазақстандық идеясының үздік логотипіне 3 млн теңге беріледі "Мәңгілік Ел" қазақстандық идеясының үздік
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға арналған байқау жариялады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×