ойын сауық отауы
Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев
06.03.2019 1 049 0 Дауыл

Әкім тілеген көлбақалар - Спандияр Көбеев

Өлеңдер
ӘКІМ ТІЛЕГЕН КӨЛБАҚАЛАР - Спандияр Көбеев
Бір күні шалшықтағы көлбақалар,
Жан - жағын жинауға бір етіпті жар.
Бұзылып халық кетті бетімен деп,
Қызметсіз құр тұрудың не мәні бар.
Осылай деп бір көлбақа бөтеніне
Жиылып келгеннен соң етеді жар.
Бір әкім тілеп алсақ деп ойлаймыз,
Егерде жиылған көп ұнатсаңдар.
Бұл сөзді естіген соң құп болады де
Сол жерде тарап кетті ақсақалдар.
Қалғаны әкім сұрап бір құдайдан,
Тыюсыз ел кетті деп бірталайдан,
Көз жасын ие көр деп жатыр жылап,
Өзен көл жиылысып, қыр мен сайдан.
Ұнатпай, тілегін алла бос етпейді,
Сонда да көңілдерін хош етпейді,
Бақалар қорқынышпен тыныш тұрсын деп,
Аспаннан бір дөңбекті дүрс еткізді.
Дүрс етіп бір шалшыққа түсті дөңбек,
Орнына өзі тұрған болып еңбек,
Бақалар қорқып бұдан кетті қашып,
Қиын - ау, қайтып енді жүзін көрмек.
Таласып анадайдан көзін салып,
Сыбырлап бір - біріне ғажаптанып,
Сабырлы үндемейтін тыныш екен деп,
Айтып жүр көргендері дөңбекті анық.
Қасына батып ешкім келе алмай жүр,
Сандалып көбі сырттан көре алмай жүр,
Тасалап қоғажанды ұмтылысып,
Қайтерін жамандары біле алмай жүр.
Айтқаным құрбыларға менің бірақ,
Көз қанып, бой үйренбей жоқты ғажап
Келіпті бесеу - алтау, он шақты боп,
Құлдығын білгізуге жиналып ап.
Бас ұрып анадайдан келе жатыр,
Көңілі қорқынышта, ақырындап,
Отырды қатарласып өзіменен
Ерлері ішіндегі батырырақ.
Кейбірі әкіміне жонын беріп,
Осылайша бірте - бірте бойы үйреніп,
Ең батыр ішіндегі бір көлбақа,
Үстіне секіріп - ақ алды мініп,
Көк керіп бұны әкім тырп етпеді,
Қозғалып орнынан бұл кетпеді,
Іс етіп әрқайсысы өз білімінше,
Хаттаки — сөгіп өзін не етпеді.
Осы күнде бар көлбақа шалшықтағы,
Ренжіп әсіресе момын жағы,
Жұртқа бір таң қалғандай бере гөр деп,
Құдайдан әкім сұрап жатыр тағы,
Бұл жолы тілегін алла қабыл етті,
Әкімін сұрап тұрған әзір етті,
Томарды қайтып алып орнына,
Жіберді көкқұтандай хазіретті.
Көкқұтан томар емес, кеп жүріпті,
Бетімен жібермейді күллі жұртты,
Аузынан айыптысын салып қойып,
Он мезгіл сөткесіне сот құрыпты.
Ақ болып шықпайды ешкім тергегенде,
Сот сайын жиналғанын жеп құрытты
Осылай жаудай тиіп көлбақаға,
Көрсетті келе сала - ақ үлкен жұтты.
Халқының, ол шеті мен бұл шетіне,
Жортады күні бойы, жатып түнде.
Тек сыпырып қағып салады ауызына,
Бұзық - түзік болсадағы кез келгенді.
Болды енді бақалардың күні қараң
Өзіне сор емес пе сұрап алған,
Ешбірі судан басын шығара алмай,
Тек жатқан шіркіндерге түсті лаң.
Бас қосады тағы да бір етті жиын,
Бұйрықты іске көну емес қиын,
Бас қойып үлкендері өтініш етіп,
Жаңадан әкім сұрап бұдан кейін.
Жиылып тағы әкім сұрап жатыр,
Еңіреп қара халқы жылап жатыр,
Көкқұтан дерттен кейін тиген жоқ деп,
Беріңдер қайта бізге дөңбекті ақыр.
Аспаннан естіледі сонда бір үн,
Тұрдыңдар бақытты боп деген бұрын,
Есіріп көтере алмай тұрмысыңды,
Мазаны алып әкім сұрап неткен жының,
Жіберген бір момынды жарамайды деп,
Қайырадан алғыздыңдар тағы бірін,
Көкқұтан қатты болса, мен қайтейін,
Кез келген солай шығар дейді сорың.
Халыққа қатты болса жақсы болар,
Бек қиын әрқайсының табу көңілін..
Оқушы құрбыларым ойлаңдаршы,
Ғибраты неге ұқсас болар мұның.

Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев Арыстан мен тышқан - Спандияр Көбеев
Көзі ұйқыда, көңілі ояу жатты арыстан Аң аулап, дымы құрып кеп алыстан Байқамай ойнап жүріп аңдаусызда, Үстімен кетті жүріп сорлы тышқан.
Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев
Жиылып күшін қосып біраз аңдар, Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар, Өлтіріп бір аюды жалаң жерде Әрқайсысы бет - бетімен талады олар.
Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев Көлбақа менен юпитер - Спандияр Көбеев
Батпақты тастап бақа, болғасын жаз, Орын ап тау басынан болып жүр мәз, Су көп қой ол уақытта әрбір жерде Үй салып рақаттанып тұрды біраз.
Үш қатынды бір кісі - Спандияр Көбеев Үш қатынды бір кісі - Спандияр Көбеев
Бір кісі бұрынырақ еткен кезде, Бізде емес, уәлаяты бөтен жерде. Үстіне бір қатынның екіншіні ап, Жүріпті білдірместен бір - біріне.
Арыстан мен сары масалар - Спандияр Көбеев Арыстан мен сары масалар - Спандияр Көбеев
Батырды тұс-тұсынан алды қамап, Аяқ-қол, көзі-басын бірдей шағып, Не қыласын күшпен жеңер дұшпан емес, Жалғыз-ақ құйрығымен жатыр қағып. Ыза боп
Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев Аю менен мүсәпір шал - Спандияр Көбеев
Дос болсай шынымен бол, ықыласпен Бас тартпай қызметінен достың қосқан, Ләззәті бір - біріне балдай болсын, Сырттағы күйінгендей болса дұшпан,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×