ойын сауық отауы
Қорқыныш
24.08.2018 1 868 0 Дауыл

Қорқыныш

Бұл қызықты
Қорқыныш
Адамның қол - аяғын буып, дәрменсіз ететін ең қатерлі дұшпандардың бірі – қорқыныш. Ештеңеден қорықпайтын, қорқыныштан ада адам болмайды. Үрей мен қорқыныш біздің көлеңкеміз сияқты өле - өлгенше қыр соңымыздан қалмай, өмір жолымызда үнемі белгілі дәрежеде ықпалын тигізіп отырады.
Ертеңгі күнім не болады, жұмыстан қысқарып қалсам қайтемін, кредитімді қалай төлеймін деген сияқты үрейлі ойлардан арыла алмай үнемі қорқыныш құрсауында жүретіндер көп. Өзіміз қатты байланған басқа да сезім нысандарынан айрылып қалудан қорқып, соны сақтау үшін өзімізге қолайсыз түрлі әрекеттерге барып жататынымыз жасырын емес.
Қорқыныш қайдан пайда болады?
Қорқыныштың түп тамыры ешқашан қашып құтыла алмайтын үш негізгі қатер – ауру, кәрілік және ажал. Бұл үш қатер бізді әрдайым қорқыныш құрсауында ұстайды. Егер адам ауырмайтын, қартаймайтын және мәңгі жасайтын болса, онда бүгін қорқыныш туғызатын нәрселерден қорықпаған болар еді.
Сіз ажалмен бетпе-бет келіп көрдіңіз бе? Кеңес заманында бір жазушы ажалмен бетпе - бет келудің адамға қаншалықты әсер ететінін анықтап, білгісі келеді. Оның жазған кітабының кейіпкері ажалмен бетпе-бет келмек екен. Содан ол түрменің бастығы болып істейтін бір танысына барып, өлім жазасына кесілген адам қамалатын орынға өзін қамауды өтінеді. Осылай жасау арқылы ол ажалын күткен пенденің ахуалын сезіне аламын деп ойласа керек.
Содан бірнеше күннен кейін қызық жағдай болады. Мұның танысы, түрменің бастығы күтпеген қайғылы қазаға ұшырайды. Жазушының кім екенін сол ғана біледі екен. Оның орнына келген адам жазушыны ату жазасына кесілген сотталушы ретінде қабылдайды. Алғашында жәй ойын санаған жай ушығып, жазушының хәлі қиындап кетеді. Ол өзінің кім екенін дәлелдей алмай пұшайман болады. Ендігі қалғаны атылатын сәтті күту ғана болады.
Осылайша ажал камерасында болған екі жетінің ішінде отызды енді орталаған жазушының шашы аппақ қудай болып ағарып кетеді. Сөйтсе, бұның бәрі танысының әдейі ұйымдастырған қалжыңы болып шығады. Еңбек демалысын алып кеткен танысы өзі туралы жалған жайды таратып, жазушының үрейін ұшырып сынағысы келген екен.
Қорқыныштан құтылуға бола ма?
Қорқыныштан толайым құтылудың жалғыз жолы – имандылық. Жүрегіне имандылық ұялатқан, Аллаға кәміл сенетін және шариғат жолымен жүретін тақуа адам аурудан да, кәріліктен де, ажалдан да қорықпайды. Ол Жаратқанға сеніп, Содан үміт күтеді және Оның бергендерін қанағат қылады.
Екі дүниенің игілігін әкелетін имандылықты қалайсыз ба, әлде дүниенің қызығына алданған пенделік жолды таңдайсыз ба – ол сіздің өз еркіңізде.
Дереккөзі: Қалкөз Жүсіптің жеке блогынан алынды.

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор: сенімсіздік Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
7. Сенімсіздік Уақытты ұрлаушы факторлардың санатындағы ең соңғысы – сенімсіздік және соған байланысты туындаған жұмысты кейінге қалдыру әдеті.
Махаббат деген не? Махаббат деген не?
Махаббат ол кездейсоқ пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі. Стендаль махаббат
Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен. Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен.
Аллаға сенбейтін, сенім қағидаларын сақтамайтын адамдар өмірдегі барлық жағдай Алла тағаланың қалауымен болатынына иланбайды. Көптеген ғылыми
Жақсылық туралы жыр Жақсылық туралы жыр
Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама, шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға, ызғар сіңген жеріме шуақ керек, мұқтаж оған ауыл да, астана да.
Әйел Әйел
Қылмыстан жазып Тәңіріге, Қарсы келіп әміріне, Қуылды Адам жұмақтан. «Қайт,- деген,- қара жеріңе,
Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі
Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей қалу мүмкін емес. Тіпті, сіздің ойыңызды тыңдағысы да келмейтіндей сыңай танытқанда
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×