ойын сауық отауы
Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен.
23.06.2017 2 313 0 Дауыл

Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен.

Бұл қызықты
Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен.
«Егер кімде - кім Менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі таршылыққа түседі. Қияметте біз оларды көрсоқыр қалпында жинаймыз» («Таһа» сүресі, 124 - аят);
«Кімді дұрыс жолға салғысы келсе, Алла оның көкірегін Ислам үшін кең ашады. Ал кімді аздырғысы келсе, оның көкірегін тарылтқаны сонша, (Ислам дініне сену - илану) олар үшін тауға шығудан да қиын сезіледі. Алла имансыздарды осылай қинайды» («Әнғам» сүресі, 125 - аят).

Аллаға сенбейтін, сенім қағидаларын сақтамайтын адамдар өмірдегі барлық жағдай Алла тағаланың қалауымен болатынына иланбайды.
Көптеген ғылыми тұжырымдарға сүйенсек, дінге сенбейтін пенделердің бүкіл ғұмыры уайым мен қайғыға, қорқыныш пен үмітсіздікке толы болады екен. Сонымен қатар, ондай адамдардың ағзалары түрлі ауруларға қарсы тұру қабілеті нашар, яғни иммунитеті төмен, психосоматикалық жаратылысы әлсіз болады. Сол себепті, дінге сенбейтін адамдар тәндік жағынан тез қартаяды.
Өйткені, үнемі болатын алаңдаушылық, шарасыздық, үмітсіздік, тынышсыздық ағзаға және жан - дүниеге өзінің кері әсерін тигізбей қоймайтынын медицина мамандары да растайды.
Ал шынайы мүміндер, Аллаға сенушілер, дінге бойұсынатындар рухани тұрақты, психологиясы төзімді, қиыншылыққа сабырлы әрі салмақты болып келеді. Сондай - ақ, тәні де ұзақ уақытқа дейін өзінің жастық қалпын сақтап қалады. Денсаулықтары көбінесе мықты болады.
Негізінен шынайы сенім дегеніміз – өмірдегі барлық жағдайлардан тек жақсылықты көре білу, ал қиыншылық – ол Алланың сынағы деп қабылдау екенін естен шығармауымыз керек. Сонда адам алаңсыз, тыныш әрі бейбіт өмір сүреді.
Дінге сенбейтін жандар кей жағдайларда қиыншылықтарға төзе алмай, рухани жүдеп - жадап, түрлі дертке, рухани ауруларға, ұйқысыздыққа тап болып, тіпті нашақорлыққа, маскүнемдікке салынып жатады. Кейбірі өмірден түңіліп, өз - өздеріне қол жұмсайды.
Қазіргі күні көптеген медицина мамандары адамдардың әртүрлі жаман жолдарға, суицидке баруының алдын - алатын бірден - бір жол – Құдайға деген сенім екенін айтып келеді. Ол үшін біз жас жеткіншектерге діни тәлім - тәрбие беріп, бойларына имандылықтың дәнін егуіміз қажет.

Әділхан қажы Аймағанбеттегі,
жоғары дәрежелі дәрігер
Дереккөзі: islam - orkeniet. kz

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен
Куйеуді сыйламасақ кесірі тиюі. Күйеуді сыйламаудың кесірі қандай? Куйеуді сыйламасақ кесірі тиюі. Күйеуді
Егер әйел ері туралы жаман ойласа, оны сыйламаса, одан ойша алыстайды. Еріне күш - қуат сыйламайтын болады. Ерінің жолы жабылып, бастаған ісінен
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
6. Бос әңгімелер Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе - бет сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме - дүкен де қамтылады. Бұлар
Садақа берудің ең оңай тәсілі. Садақа берудің ең оңай тәсілі.
Кейде қанша жақсылық жасағымыз келсе де, қалтамыздан ақша шығарып, өзгелерге садақа беруге мүмкіндік тумай жатады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?
Ақсақ Темір мен түрік әміршісі Баязит туралы Ақсақ Темір мен түрік әміршісі Баязит туралы
Ертеде Ақсақ Темір түрік әміршісі Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алыпты дейді. Сол Баязитті Ақсақ Темірдің алдын алып келсе, оның денесі бір жағына
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×