ойын сауық отауы
Денсаулық пен медицинаға қатысты 5 аңыз
11.09.2018 2 059 0 Дауыл

Денсаулық пен медицинаға қатысты 5 аңыз

Бұл қызықты
Денсаулық пен медицинаға қатысты 5 аңыз
Медицина дамығалы біз көптеген зиянды - зиянсыз заттарды біліп келеміз. Бірақ, кең таралған «пайдалы» кеңестердің барлығы расымен пайдалы ма?

Жарақаттар мен жараларға сутегі тотығын (перекись) пайдалану қажеті бар ма?
Сутегі тотығы жараны дезинфекциялау мен тезірек жазылуына көмектеседі деп айтылып, тіпті қолданылып келеді. Шындығында, дәріханаларда көптеп кездесетін үш пайызды сутегі тотығының жараға тигізер пайдасы шамалы.

Ғалымдар бұл дәрілік заттың жарақатқа тигізер көмегін зерттеп таба алмады. Ал оның залалсыздандыру қасиеті жайлы әлі де ізденістер жүргізіліп келеді. Десек те, антисептикалық көзқарас тұрғысынан сутегі тотығы йод секілді алғашқы көмек көрсетуге жарамайды. Себебі, көптеген микроағзалардың құрамында Н2О2 - ден тез ажыратылатын ферменттер бар, яғни бактериялар санының азаюы уақытша ғана.

Әрине, сутегі тотығын мүлде сызып тастауға болмайды, ол жараны таза ағын су секілді механикалық тұрғыдан тазартуға көмектеседі.

Вирусқа қарсы препараттар тұмаудан сақтай ма?
Өкінішке қарай, жоқ. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алатын немесе сырқат барысында көмекке келетін вирусқа қарсы дәрі - дәрмектердің пайдасы жоқ. Кей препараттардың эффектісі тұмаудың А түрінде ғана болады. Олар симптоматиканы жеңілдетіп, аурудың уақытын бір күнге шегереді. Тек бір - ақ күнге! Ал ауамен жұғатын вирустық аурулар үшін ешқандай көмегі болмайды.

Сол сияқты вирусқа қарсы таблеткалардың денсаулыққа тигізетін зияны болуы ғажап емес. Пайдалы деп ойлап, жапа шегіп қалмаңыз!

Көздің көру қабілеті күңгірттеу жерде оқығаннан нашарлай ма?
Көзге алагеуім уақытта оқыған ұнамайтыны рас. Жарық дұрыс түспеген жерде көздің бұлшықеттеріне біраз жұмыс істеуге тура келеді. Осы себептен көзді ашып - жұму жиілігі төмендеп, шырышты қабық құрғай түседі. Соңында жанарыңыз тез шаршап қалады. Қараңғы жерде оқыған шынында да ыңғайсыз. Бірақ, ол көру жүйесіне айтарлықтай зиян келтіреді деген сөз емес.

Жеміс - жидектертер мен көкөністерді тоңазытқышта сақтаған дұрыс.
Тоңазытқышта сақталған жеміс - жидек пен көкөністердің нәрлілігі сол күйі сақталады. Кейбірі теріп алынған соң, жасыл қалпын сақтау үшін бірден мұздатқышқа жіберіледі. Тіпті, қаражидек, жүгері, үрмебұршақ сынды жемістердің тоңазытқышқа түскеннен кейін, витаминдері көбейе түседі екен.

Тоңазытқышта сақтау, жылы жерде қалғаннан пайдалырақ екенін ұмытпаған жөн. Себебі, ауа ылғалдылығы жоғары жер – көкөністердің нағыз жауы.

Холестерині жоғары азық - түліктер денсаулыққа зиянды ма?
Холестериннің ешқандай зияны жоқ, керісінше ағзамызға ауадай қажет. Ол барлық тірі ағзалардың клеткалы мембранды тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, күн сәулесінің көмегімен D дәрумені, кортизол, прогестерон, эстроген мен тестостерон секілді гормондарды өндіруге қатысады. Тамақта сақталған холестерин сіздің денсаулығыңызға, жүрек - қан тамыр жүйесіне зиян келтіреді деп ойламаңыз. Дәрігерлер холестериннің жоғарылап кеткенін айтып дабыл қақса, азық - түліктен келген зиянның қатысы жоқ. Әңгіме қанда айналып жүрген холестерин туралы болып тұр.

Организмдегі холестерин алмасуының бұзылуы – нағыз қауіптің белгісі. Оған жеткізбеу үшін қандағы холестерин деңгейін бір қалыпта ұстаған дұрыс. Ол үшін жиі қан тапсырып, терапевтің көмегіне жүгіну керек.
Дереккөзі: el. kz

Сарғайған тістерді қалай ағартудың және тіс тастарынан құтылудың жолы қандай? Сарғайған тістерді қалай ағартудың және тіс
Маржандай тізілген әдемі тіс және мықты сау тістер – кез келген адамның арманы. Бірақ дұрыс тамақтан ішпегендіктен, зиянды әдеттерден, дәрі -
Лимон - денсаулық сусыны. Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі. Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі.
Бұл тәсіл тісті ағартуда, тісті тастардан тазартуда, қызыл иектің ауруы кезінде, ауыз қуысына шығатын жағымсыз иіспен күресуде өте тиімді әсер береді.
Суда жүзудің пайдасы Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×