ойын сауық отауы
Өміріңе көңілің тола ма?
25.09.2018 3 411 0 Дауыл

Өміріңе көңілің тола ма?

Бұл қызықты
ӨМІРІҢЕ КӨҢІЛІҢ ТОЛА МА?
Өмір жан төзгісіз болмас үшін өзіңіз екі нәрсеге: уақыт жанға салар жаралар мен адамдар жасайтын әділетсіздіктерге көндігуіңіз керек.
Шамфор, француз жазушысы

ЕҢ ҮЛКЕН КІТАП - өмір кітабы емес пе?
Әрбір күн – беттерінде түрлі толғаныс, түрлі оқиға жатыр. Ең қызығы олардың бәрі өз басыңнан өтеді. Ең қиыны – оның қалай өрбитінін, қалай аяқталатынын білмейсің.
Әлсіз жан өмірде жолым болмады деп қарап отырады. Ал күшті адам атқарған ісінің нәтижесіне сенеді.
Өмір әрдайым бірқалыпты емес қой.
Адамның күткені болмай қалса азапқа түседі. Ондайда әлсіз адам өмірге өкпелейді. Саналы жан өзінен көреді. Қайта одан да зор құлшыныспен өзіне тән сабырмен, өмірге деген сүйіспеншілікпен алға ұмтылады.
Жанға түскен жара мен азапты тығырықтан шығу әрине, оңай емес. Бірақ қиын дегенде жақсысын кім жасап бермек? Қол қусырып қарап отыру мәселе шешпейді. Айналаңда достарың да аз емес. Әйтсе де басыңа іс түскенде қиындықтың бұлты торлағанда адам жалғыз қалады. Өзінің қайғысымен бетпе - бет келеді. Көңілі мазасызданып, жаны шырылдап ауыр сәтті бастан өткереді. Сол сәтте ғана адам көп жәйтті түсінеді. Бұрынғы осал жақтарына тереңірек мән береді. Әрбір жан мән беру арқылы өмір тағылымдарын ұғына түседі.
Мұндайда тек күйіп - пісіп, уайым жеп, сабырсыздық танытатындар да кездеседі.
Кейде барға мәзір, жоққа қанағат еткен жөн. Немесе келесі биігіңді күт.
Ең суық нәрсе – үмітсіздік, жаныңды тоңдыратын да, азапқа салатын да осы.
Иә, қандай жағдай кездессе де бұл сенің өмірің. Сондықтан да әрбір күніңді ризашылықпен қабыл алып, көтерер жүгінен қашпай, қиындығын қасқиып қарсы ал. Қуанышына шомыл, шаттығына кенел.
Қандай кезеңін бастан өткеріп жатсаң да өмірді сүймей болмайды.
Өйткені, өмірің мына – жарық дүниеге, адамдар әлеміне өзің ғана жасайтын саяхатың екенін ұмытпа.
Қандай болып жолыққаныңа қарамастан өмір, бәрібір сен қымбатсың, тәттісің, сұлусың!

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Қанатты сөздер: Өмір, Уақыт, Еңбек, Басқару Қанатты сөздер: Өмір, Уақыт, Еңбек, Басқару
Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі - уақыт, екіншісі - үндемеу. Өткенге қарап басыңды и, ертеңге қарап білегіңді
Көңілің түскенде оқы! Көңілің түскенде оқы!
Өмірдің басқа атауы жоқ. Өмірдің аты – өмір. Әр адам өз өмірінің суретшісі, өз бақшасының бағбаны. Сіз қандайсыз, өміріңіз де сондай.
Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Уақыт - алтыннан да қымбат! Уақыт - алтыннан да қымбат!
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Өмір туралы Өмір туралы
Өмірге наразылық танытқанша, мәнді өмір сүруге ұмтылыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×