ойын сауық отауы
Қанатты сөздер: Өмір, Уақыт, Еңбек, Басқару
24.11.2018 4 306 0 Дауыл

Қанатты сөздер: Өмір, Уақыт, Еңбек, Басқару

Бұл қызықты
Өмір жайлы, Уақыт туралы

Барлық жаман нәрселерді екі түрлі жолмен емдеуге болады: біріншісі - уақыт, екіншісі - үндемеу. Өткенге қарап басыңды и, ертеңге қарап білегіңді сыбан,- деген.

Өмір мейрам емес, сондықтан өмірде ылғи көңілді бола беру мүмкін емес. Біз таңданумен, үміттенумен, сүюмен өмір сүреміз. Өмір заңы - алда атқаратын іс көп, көретін қызық көп.

Өмір сұрқай дейміз біз. Өмірді сұрқай ететін өзіміз. "Өткеніңнен қызулы от алуың да, өртеніп біткен күл алуың да мүмкін",- деген Жорес.

Уақыт өтіп бара жатыр дейміз біз. Талмудта: "Уақыт өтіп бара жатқан жоқ, уақыт тоқтап тұр, біз өтіп бара жатырмыз",- дейді.

Еңбек

Адам жұмыстан өлмейді, жалғыздықтан, құсадан, керексіздіктен өледі, құсқа қанат қандай керек болса, жұмыс адамға сондай керек.

Жігіт адамға бас кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - кедейлік кесірлік,- дейді Төле би.

"Өзің жете алатын нәрсені құдайдан сұрап қайтесің",- депті Эпикур.

Басқа жәрдем жоқ кезде суға батып кетпеудің амалы - қолмен есе беру, есе беру.

"Сені суық суға тастап жіберсе, өзіңнен - өзің мықты жүзгіш боп кетесің",- дейді Сократ.

Өмір сағат сияқты - бұрап тұрмасаң тоқтап қалады, қатты бұрап жіберсең серіппесі үзіледі.

Бақытты болу дегеніміз - рахат сезімде жүру. Адамның өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді, сондықтан алдымен істеген жұмысыңнан рахат ал.

Бақыт та, бейбақтық та алдын ала маңдайға жазулы, ал адам өзінің пейілінен екеуінің біріне тап болады,- дейді Лао - цзы.

Басқару

Бір өзің ештеңе жасай алмайсың. 200 жыл өмір сүретін үйеңкі де жаңа отырғызылған кезде жалғыз болса өліп қалады. Сондықтан төңірегіңе тілеулестеріңді топта, оларды шашау шығармай басқаруды үйрен.

"Көпте ақыл жоқ. Көптің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бір бұруға жарағандық - ерлік",- дейді Абай.

"Өзгені жеңсең мықтысың, өзіңді жеңсең құдіреттісің",- депті Лао - цзы.

Гете айтыпты: "Майдалардың арасында жүрсең ұсақтайсың, ірілердің арасында өзің де өсесің",- деп. Жақсылармен жанас.

Әпсана: Жыланның басы мен құйрығы келіспей қалады. Құйрық: мен алдында жүруім керек,- дейді. Бас: бұрыннан мен алдында жүретінмін, енді неге соңына түсуім керек,- деп көнбейді. Оған риза болмаған құйрық ағашқа оралып қалады да, бас ілгері жылжи алмай қалады. Содан бас амалсыз құйрықты алға жібереді. Құйрықта көз жоқ, жанып тұрған отқа түсті де кетті. Ұстаз бен шәкірттің, бастық пен орынбасардың арасында да осындай жағдайлар жиі ұшырасады.

Қарамағыңдағыларға жобалап отырған ісінің тиімділігін түсіндір. Императрица Екатерина ІІ - ден бір шетелдік елші: "Басқаларға көне қоймайтын дворяндарыңыз сіз айтқанда ылғи тыңдайтынының мәнісі қалай?"- дегенде: "Мен оларды ешуақытта өздеріне тиімсіз жұмысқа жұмсамаймын",- депті.

Бір күн түсіндіргенше, бір сағат істеп көрсеткен жақсы.

Шредер заңы: Бір шешімге келе алмаудың өзі жұмсақтықтың белгісі.

"Бір істі қолға алған кісі құдық қазушының кебін киеді. Егерде ол құдықты терең қазып судың көзіне жетпей тоқтаса, онда бар еңбегінің зая кеткені",- депті Конфуций.

"Ақша жоқ" - дей бергенмен ештеңе өнбейді, одан да ақша болуы үшін кішкене бір әрекет жасап көр. "Қараңғыны қараңғы деп сөккенше, қолдан келсе бір майшамды жақсайшы",- деген бар. Сондықтан "ақша жоқ" деп көз жасыңды төккенше, тәуекел деп теріңді төк.
Мырзагелді Кемел. "Абзалдық әліппесі" үзінді

Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы Білгенге – маржан: Уақыттың он екі құпиясы
«Уақыт» жайлы сөз қозғаған ойшыл да, дана да көп. Уақыт, махаббат пен байлық сан ғасырлардың басты тақырыбы болып та келді. Қала да береді.
Уақыт - алтыннан да қымбат! Уақыт - алтыннан да қымбат!
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия
Уақыт – мезгіл пернесі Уақыт – мезгіл пернесі
Еңбек дәмін татпаған дәм біліп пе?! Қалай айтып ұқтырам әңгүдікке! Айналдырсаң уақытты ащы терге, Айналмақ тер уақыттай мәңгілікке!
Өмір – ғұмыр пернесі Өмір – ғұмыр пернесі
Алдап - сулап, Абайсызда жылыстар Айла - уақытқа кейде адамның жыны ұстар. Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды Желісі бар Жемісі жоқ жұмыстар.
Отыз бесінші көктемім Отыз бесінші көктемім
35 жыл. Уақыт қой көп - көрім. 35 жыл қуарып, 35 жыл көктедім. 35 күз, 35 қыс, 35 жас, Осал өмір емес қой отыз бес жас...
Өмір туралы Өмір туралы
Өмірге наразылық танытқанша, мәнді өмір сүруге ұмтылыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×