Еркек үйдің егесі, Əйел үйдің шегесі.
Бұл қызықты
Әркiмнiң мiнген аты өзіне тұлпар,
Алған жары өзіне сұңқар.
Қойды қой деп қомсынбаңдар,
Əйелді əлсіз деп қорсынбаңдар.
Қойсыз елге үй бітпейді,
Əйелсіз ерге күй бітпейді.
Əйелді теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Əйелді тепсең бағы сынар,
Баланы ұрсаң сағы сынар.
Əйел ашуланса қатты айтар,
Бала ашуланса бетің қайтар.
Еркек үйдің егесі,
Əйел үйдің шегесі.
Мықты болса егесі,
Майыспас оның шегесі.
Майыспаса шегесі,
Жаман болмас егесі.
Алтын да тас,
Тас та тас.
Алтындай болмас басқа тас,
Алтынға алтын қосылса,
Алтынды алтын тастамас.
Міне ағайын - бауырлар,
Сондықтан жұбайларымызды тастамай,
Жұптарымызды жазбай, бір - бірімізбен ұрсыспай,
Қол ұстасып қолтықтап,
Айдын көлде жүзген аққудай,
Бірге жүріп жегеніміз қой, көргеніміз той болсын!
Осыны АЛЛА - ТАҒАЛА баршамызға бұйырсын!
Дереккөзі: Бота Усенова парақшасынан алынды
Алған жары өзіне сұңқар.
Қойды қой деп қомсынбаңдар,
Əйелді əлсіз деп қорсынбаңдар.
Қойсыз елге үй бітпейді,
Əйелсіз ерге күй бітпейді.
Əйелді теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Əйелді тепсең бағы сынар,
Баланы ұрсаң сағы сынар.
Əйел ашуланса қатты айтар,
Бала ашуланса бетің қайтар.
Еркек үйдің егесі,
Əйел үйдің шегесі.
Мықты болса егесі,
Майыспас оның шегесі.
Майыспаса шегесі,
Жаман болмас егесі.
Алтын да тас,
Тас та тас.
Алтындай болмас басқа тас,
Алтынға алтын қосылса,
Алтынды алтын тастамас.
Міне ағайын - бауырлар,
Сондықтан жұбайларымызды тастамай,
Жұптарымызды жазбай, бір - бірімізбен ұрсыспай,
Қол ұстасып қолтықтап,
Айдын көлде жүзген аққудай,
Бірге жүріп жегеніміз қой, көргеніміз той болсын!
Осыны АЛЛА - ТАҒАЛА баршамызға бұйырсын!
Дереккөзі: Бота Усенова парақшасынан алынды
Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның
«Әулетіміздің тірегі», «отағасы», «сенеріміз», «сүйеуіміз», «әкеміз», «осы үйдің егесі», деген сияқты сөздерді жиі айтып, мәртебесін көтеру;
Мағыналы сөздер
1. Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 2. Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі. 3. Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
«Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ
Бірде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали: — Шопыр бала, Шопыр бала! Машинаң да
Жақсы әйел. Жүсіп Баласағұн
Əйел алмақ болсаң, егер, қарарсың, Жіті бағып таңдаулысын аларсың! — Жібек мінез — қыз - келіншек шырыны, Біле білсең, əйел көркі — қылығы!