ойын сауық отауы
Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның алмайтын асуы болмайды!
15.10.2020 1 711 0 Admin

Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның алмайтын асуы болмайды!

Бұл қызықты
Пайдалы кеңес
Күйеуіңіздің мына қасиеттерін құрметтесеңіз, оның алмайтын асуы болмайды!
(психологтардың кеңесі)
«Әулетіміздің тірегі», «отағасы», «сенеріміз», «сүйеуіміз», «әкеміз», «осы үйдің егесі», деген сияқты сөздерді жиі айтып, мәртебесін көтеру;
Оның қабылдаған шешімдеріне қарсы шықпай, сенім арту;
Ер адамның ақыл - ой өрісінің қашанда әйелден бір саты жоғары екенін ескеріп, арқа сүйеу;
Оның кез - келген еңбегін және жетістіктерін бағалау;
Қызығушылықтары мен өзге қабілеттерін сыйлау;
Отбасындағы беделі мен қадір - қасиетін сезіндіру;
Адамның жеке кеңістігіне түсіністік таныту (телефон, компьютер, күнделік), сондай - ақ оның туыстарына және достарына құрметпен қарау.
* * *
Күйеуіңізді жай ғана құрметтеу жеткіліксіз. Себебі, оқыған, көзі ашық адам ретінде сыпайылық пен мәдениеттілікті қоғамдағы кез - келген адамға көрсете аласыз. Ал өмірлік жолдасыңыз автобуста бір рет орын беріп, енді ешқашан ұшыраспауыңыз де мүмкін қоғамдағы әйтеуір бір кісі емес қой? Сондықтан көшеде қаншалықты интеллигент болсаңыз, үйге келе салып маскаңызды шешкендей ер адамның мазасын алудың қажеті жоқ. Яғни түзде қандай сән - салтанатты болсаңыз, үйде одан да асып түспесеңіз, кем болмағаныңыз дұрыс. Бұл, әрине, «әдепті адамның рөліне кіріп ал да, шықпай қой» деген мағына емес. Күйеуіне, қала берді оның ет жақындарына деген құрмет әйел адамның болмысына айналып кетуі керек. Сонда ғана ер адам сол құрметті еселеп қайтаруға, қарымтасын беруге асығып тұрады. Оның да әйеліне деген құрметі оянады. Қазақ «ерін сыйлаған әйел есікте қалмайды» дейді. Ондай әйелдің Алла алдындағы дәрежесі артады. Ал Алла кімді жақсы көрсе, оны аспандағы періштелер де, жер бетіндегі адамдар да жақсы көріп кететіні хадистен белгілі. Сондықтан, құрмет отбасындағы бақытты сақтаудың ең маңызды бөлігі екенін ұмытпауымыз керек.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қорқыныш Қорқыныш
Адамның қол - аяғын буып, дәрменсіз ететін ең қатерлі дұшпандардың бірі – қорқыныш. Ештеңеден қорықпайтын, қорқыныштан ада адам болмайды.
Жақсы әйел қандай болуы керек? Жақсы әйел қандай болуы керек?
Жақсы әйел, сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана қандай болуы керек? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез келген адамның жақсы тұстарымен қатар
Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы Егіздер жұлдызындағы ер-азаматтардың мінез-құлқы
Бұл таңбадағы жігіттер өте зерек, қабілетімен дарындылығымен ерекшеленеді алайда олардың мінез-құлқындағы тұрақсыздық мансапта кедергісін тигізеді.
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу қажет? Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу қажет?
Жұмыстан келген жұбайыңыздың қабағы қатулы екенін байқадыңыз ба, дереу дастархан жайып, алдына ас алып келіңіз. Аш адам ашуланшақ келеді. Кейбір
Сөмке де сыр ашады Сөмке де сыр ашады
Сөмке арулардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын бұйым болып саналатынына ешкім таласпас. Қай жерге барса да қолдан түспейтін сөмке
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×