ойын сауық отауы
Оразаның соңғы күндері тілерім
05.06.2019 2 982 0 Дауыл

Оразаның соңғы күндері тілерім

Бұл қызықты
Оразаның соңғы күндері тілерім:
1. Кемістің кемтігін толтыр,
2. Олқының орнын толтыр,
3. Үйсізге – үй,
4. Күйсізге – күй,
5. Баласызға - перзент бер!!!

6. Дертке - дауа,
7. Басқа - амандық,
8. Көңілге - түгелдік,
9. Елге - тыныштық,
10. Басшыға – хидаят бер!!!

11. Ажалға - сабыр,
12. Сабырсызға - тоқтам,
13. Санасызға - сана,
14. Қатігезге - мейірім,
15. Ұятсызға - иба бер!!!

16. Ұрпақты - саналы,
17. Қызды - ұятты,
18. Ұлды - ұлықты,
19. Келінді - ибалы ет,
20. Отбасына береке бер!!!

21. Адал асыңды,
22. Ғұмырлы жасыңды,
23. Қадірлі қарттығыңды,
24. Нәмәртқа мәрттікті,
25. Сараңға жомарттығыңды бер!!!

26. Сәждеге басы тигеннің күнәсін,
27. Намазының қазасын,
28. Дәреті мен құлшылығының кемісін,
29. Ғайбат айтқан сөздерін,
30. Пәндәуи қателегін кеше гөр!!!

31. Кісіге қиянаттан аулақ ет,
32. Пендеге - кіріптар қылма,
33. Күншілге көрші қылма,
34. Жақсыға – жолдас,
35. Жаманнан қашық ет!

36. Имансыз қалудан сақта,
37. Арсызға жем болудан сақта,
38. Тәубеден жаңылдырмай,
39 Тобаларды қабыл ет,
40. Шүкір еткеннің шекесін шылқыт!!!

41. Қанағаттыға еселеп,
42. Төзімдіге төгіп бер.
43. Төзімсізге - төзім,
44. Сезімсізге - сезім бер,
45. Ар, ұят, иман, сенім
бер!!!

46. Заманның зұлматынан сақта,
47. Қоғамның соқырлығынан,
48. Басшының таяздығынан,
49. Қосшыларының жағымпаздығынан,
50. Ұжымдастың аярлығынан сақта!

51. Көңілдері көрікті ет,
52. Аллаға жағар амал бер,
53. Пейілге - кеңдік,
54. Ниетке - тазалық беріп,
55. Адастырмай - түзу ет!!!

56. Мұсылманға пана бол,
57. Жетімді жебеп жылатпа,
58. Қазақты төмен қаратпа,
59. Көк байрағын шаншылтып,
60. Назарын жұрттан биік қыл!!!

61. Асытпа, тасытпа сонда халықты,
62. Тәубесінен жаңылдырмай,
63. Мәңгілік еткей ғұмырын,
64. Басынан бағын тайдырмай,
65. Тіл - көзден сақта жұртымды!!!

66. Кәсіпке - адалдық,
67. Байға - ынсап,
68. Кедейге - молшылық
69. Малсызға - мал,
70. Талансызға - талан бер!!!

71. Дарындыны - сүріндірме
72. Өнеріне шабыт бер,
73. Шығармашылық табыс,
74. Биікке жетелер мұрат бер,
75. Сол шыңға шығар қуат бер!!!

76. Жаманға – жалындырма
77. Тексізбен дос ете көрме - жаласы болар,
78. Жетімінің көз жасына қалдырма - наласы болар.
79. Құдаға қадірлі ет,
80. Ағайынға айбынды ет!!!

81. Дастарханның берекесін бер,
82. Отбасысының мерекесін бер,
83. Тілектерді түгеспей, үзілдірмей, үзбей бер!!!
84. Адамның алалауынан сақта,
85. Нақақтан қаралаудан сақта!!!
86. Жаратқан ием Жар бол,
87. Қалаулы пендеңнің қатарынан ет,
88. Нығметке бөлер құлдарыңнан қыл,
89. Бәсіреңді бөліп бер,
90. Несібеңді толық бер!!!

91. Бере көр,
92. Мейіріңді төге көр,
93. Айдан - аман,
94. Жылдан - жарылқап,
95. Белшемізден батыра көр!!!

96. Халқымның - бірлігін,
97. Жерімнің - тұтастығын,
98. Тәуелсіздіктің - баяндылығын,
99. Тілімнің - мәңгілік ғұмырын бер!!!
100. Ия, Алла пенделеріңнің тілегін беріп, жүректерге иман мен сабыр ұялата көр!

Бауыржан Момышұлының ақ батасы! Бауыржан Момышұлының ақ батасы!
Е, Жаратушы, Жасаған! Тілегімізді қабыл ет, Иманымызды кәміл ет. Тозақтағы оттан сақта, Қаңғыған оқтан сақта.
Діни баталар Діни баталар
Құдайдың құлымын дегейсің, Мухаммед үмбетімін дегейсің. Шадияр досым дегейсің, Имам ағзамның қауымында қыл, Шайтанның сәрінен сақта, Патшаның кәрінен
Сақтық бата Сақтық бата
Дұшпанның табасынан сақта, Достың наласынан сақта. Өмір бойы жазылмайтын, Жүректің жарасынан сақта.
Бауыржан Момышұлының берген батасы Бауыржан Момышұлының берген батасы
Иллаһи Құдая, Тілегімізді қабыл ет, Иманымызды кәміл ет.
Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚ Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат. Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп, Сырым бiлмей сыртымнан қылма
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Туылған күніңмен құттықтаймын! Құттықтай отырып тілерім
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×