ойын сауық отауы
Не үшін марқұмның моласына барып Құран оқимыз? Себебі....
06.06.2019 2 588 0 Дауыл

Не үшін марқұмның моласына барып Құран оқимыз? Себебі....

Бұл қызықты
Біз не үшін марқұмның моласына барып Құран оқимыз? Себебін білгіңіз келсе, құлақ түріңіз.
Әлқисса, аңыздан жеткен ақиқат бойынша Ұлық Алла әуелде адамды жаратпақ жоспарын бәріне жария қылыпты. Сонда "адамды менен жаратса екен деп" тау, тас, от, алтын, су, аспан, жел бәрі таласқан екен дейді. Кілең мықтыларды көріп топырақ "мендей қадірсіз заттан АДАМдай ұлық затты жарата қоймас" деп, шет қалыпты. Сонда Ұлық Алла бәрінің бойынан мін тауып, жаратпай тастапты. Сосын жерге қарап:
– Адам тәнін сенен жаратамын, сен – кішіпейілсің. Менің ең жақсы көретін мінез - құлқым осы. Бүкіл тіршілік иесі саған тәуелді болады. Мінезің ауыр, сабырлы. Қойның толған береке. Алтын - күміс, ас - ауқат түгел дерлік сенен өніп шығады. Күллі мақұлық нәжісін саған төксе де, сен одан хош иісті гүл шығарасың. Лас су жерге сіңіп, тәтті бұлаққа айналады. Жасаған жақсылығыңды міндетсіну сенде жоқ. Адам сенен жаралып, өлген соң саған оралады. Адам ұрпағы тірісінде неғұрлым саған ұқсаса, соғұрлым менің алдымда қадірлі болады, – дейді.
Осы кезде қара жер Алладан дат сұрайды. – Иә, Жаратушы Ием, адамды менен жаратқаныңа қарсы емеспін. Олар қанша мыңдап жерленсе де, мен олардың денесін шірітіп, тәндерін топыраққа айналдырамын. Бірақ, адам баласы ғапылдықтан күнәні көп жасайды. Олар өмірден өткен кезде, менің қойныма таудай күнәлар арқалап келеді. Сонда олардың ауыртпалығын кім көтереді? Жасаған қиянаттары мен зорлық - зомбылықтары менің де арқама батар, – дейді. – Қара жер қайғырма. Мен шебер Алламын. Олардың күнәсін жойып, саған салмақ салмауға құдіретім жетеді. Мен адам ұрпағына Құран түсіремін. Марқұм болған адамдардың ұрпақтары әруақтарды еске алып, оларға құран оқытып, дұға ететін болса, олардың күнәлары жойылып отырады. Сонда саған да артық жүк түспейді. Мұсылмандар әруаққа құран оқуды тоқтатқанша осылай жалғаса береді, – дейді. Қара жер сонда барып тынышталыпты.

Дереккөзі: Отбасы хрестоматиясы парақшасынан алынды

Үйге сол аяқпен кірме Үйге сол аяқпен кірме
Әбілет пен Тәбілеттің оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады екен. Олар үйге кіргенде үнемі сол аяқпен, сыртқа шыққанда оң аяқпен қадам басады екен
Жайнамазды қадірлеу Жайнамазды қадірлеу
Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?
Жақсы әйел туралы жақсы сөз. Жақсы әйел туралы жақсы сөз.
Бір әйелден: «Бұл өмірде сенен басқа әйел жоқтай, күйеуің не үшін сені соншалық жақсы көреді? Алайда дүниеде сенен де сұлу әйелдер бар ғой?» деп
Көңілің түскенде оқы! Көңілің түскенде оқы!
Өмірдің басқа атауы жоқ. Өмірдің аты – өмір. Әр адам өз өмірінің суретшісі, өз бақшасының бағбаны. Сіз қандайсыз, өміріңіз де сондай.
Туған жерге Туған жерге
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн, Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын. Саған қарай ұлып келем, туған жер, Көктем жаққа құстар солай ұшатын.
Туған жер Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×