ойын сауық отауы
Үйге сол аяқпен кірме
21.10.2020 1 051 0 Admin

Үйге сол аяқпен кірме

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Үйге сол аяқпен кірме
Әбілет пен Тәбілеттің оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады екен. Олар үйге кіргенде үнемі сол аяқпен, сыртқа шыққанда оң аяқпен қадам басады екен. Соның кесірінен үйін жұт жайлап, құты далаға қашыпты. Береке дарымапты.
Тәңірісі Адам атаны жаратқанда:
 – Сенің оң аяғыңа құтты, сол аяғыңа жұтты жасырдым. Оң қолыңа береке дарыттым. Басқан қадамың оң болса, құтың да қасыңда болар, – дейді. Содан бастап Адам ата жолға шыққанда, үйге кіргенде, бір іске бекінгенде оң аяқпен «біссімілдә» деп бастайтын болыпты. Киімді оң жақпен киіп, сол жағынан шешеді екен. Сәлемдескенде де береке болсын деп оң қолын ұсынады. Осы үлгі өнеге кейінгі барша ұрпағына таралыпты.
Енді бір қадым аңыздарында Жаппар Хақ әу баста тозақты жаратпақ ниетте емес еді деп баяндалады. Әбілет пен Тәбілет үйге сол аяқпен кіргенде тозақ пайда болған екен. Ұлық Алла екеуінің оспадарсыз іс - әрекеті мен бұзық ниетіне қарай тозақты жаратыпты.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба
Әбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай - дүлей болып, астан - кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде
Шапанды желбегей жамылма Шапанды желбегей жамылма
Әбілет пен Тәбілетке Алла тағала көктен шапан түсіріп: – Жалаңаш жүрген жақсы емес. Тәндеріңді көрсетпей, үстеріңе шапан киіп жүріңдер, – дейді
Аяқты аспанға көтерме Аяқты аспанға көтерме
Әбілет пен Тәбілеттің аяқтарын көкке көтеріп жататын жаман әдеті болыпты. Осы әдеттерінен тыйыла алмапты. Кейін күнәлі болып, Тәңірі алдына барғанда
Саусақты сықырлатпа Саусақты сықырлатпа
Ібілістің әке - шешесі Әбілет пен Тәбілет құлшылық кезінде таңдайын қағып, оғаш дыбыс шығарады екен. Ал тәспі тартқанда саусақтарын сықырлатады екен.
Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады;
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×