ойын сауық отауы
Бала айтқаныңды емес, көргенін істейді
19.01.2020 2 628 0 Admin

Бала айтқаныңды емес, көргенін істейді

Бұл қызықты
Оның әкесі ол құрсақта жатқан кезінде - ақ қайтыс болып кеткен еді. Содан бері оның арқа сүйер әкесі де, қамқор болар анасы да, бірге ойнайтын аға - бауырлары да - осы анасы. Әйел жалғыз ұлын көштен қалдырмау үшін барын салды. Қолынан жетектеп мектепке апарды, өзі сұрап жүріп түрлі сайыстарға қатыстырды. Баласы не қаласа, соны әперуге тырысты. Оқуға түскенде де, ала сөмкесін арқалап, қалаға артынан бірге келді. Енді, міне, баласы оқу бітіріп, жұмысқа тұрып, өз қолы өз аузына жете бергенде аяқ астынан қатты ауырып, ол да бақилық болды.
Қайсар өте естияр еді. Мектепте де естігенін қағып алатын алғыр болды. Сыныптастары оны сол бірбеткей, тапқырлығы үшін жақсы көретін. Кейін студент атанды. Бұл кезде де қарап жүрген жоқ, ғылыми жобалар жазды, түрлі жарыстарға қатысты. «Қайтсем де, адам болып, анамды асыраймын, оның маған жасаған жақсылығын екі еселеп қайтарамын» деп ойлайтын еді. «Жұмысқа тұрып, анамды қуантсам, анам менің үйленгенімді көрсе, оған демалып жататын жұмсақ диван алып берсем...» дейтін. Алайда, анасы оған дейін күте алмады. Баласына айтпай, жасырып жүрген ауруы меңдеп, бас - аяғы бір аптаның ішінде ауруханада жатып көз жұмды.
Қайсар қанша қайсар болса да, дәл осы қиындыққа төтеп бере алмады. Оның ендігі өмірі қапастағы түнек секілді, осы уақытқа дейін көрген қызығының еш мәні қалмағандай мең - зең күй кешті. «Сонша жыл бағып - қағып өсірген, мен үшін отқа да, суға да түскен, бүкіл өмірін маған ғана арнаған анама ештеңе жасай алмағаным ба? Оны шипажайларға, емдеу орталықтарына апарып емдете алмағаным қалай? Оған сыйлық беріп те үлгермедім ау... қолынан ұстап көшені неге қыдыртпадым?» деген ойлар оны жиі мазалайтын болды. Алайда, қолдан келер қайран жоқ. Енді не істемек керек?
Қайсар қайтыс болған адамның артынан жасайтын ең абзал жақсылық – садақа екенін білетін. Анасының да әкесінің атынан талай рет садақа бергенін көрген. Осыны ойлаған ол бірден атып тұрып, ең жақсы садақаның не екенін білу үшін жақын маңдағы мешіттердің біріне бас сұқты. Имам садақаның түрі көп екенін және ең бастысы, не берсең де таза ниетпен беру керектігін алға тартты. «Алайда, хадисте ең абзал садақаның адамдардың шөлін қандыру, оларға су тарату екендігі айтылған», - деді. Осыдан кейін Қайсар құдық қазу, суы жоқ елді мекендерге су құбырын тарту, адамдарға су тарату ісімен айналыса бастады. Кейін ісі алға басып, кірісі де көбейген кезде адамдар көп жиналатын мекемелерге ыстықтан қорғайтын салқындатқыштарды да орнатты. Үйленді, балалы - шағалы болды. Бірақ анасының атынан жасалатын бұл жақсылығын тоқтатқан жоқ. Арада аттай жиырма жыл өтті. Бұл күнде Қайсардың есімін бәрі біледі.
Бір күні қала орталығындағы үлкен бір мешіттің имамы келіп, Қайсардың қолын қысты. «Алла саған разы болсын, бауырым, біздің мешітке су ішетін аппарат орнатып кеткен екенсің. Қаншама адам сол сумен ауыз ашып, шөлдегендер шөлін басып жүр, Алла разы болсын», - деп арқасынан қақты. Алайда Қайсар ол мешітке ешқандай аппарат орнатпағанын айтып ақталып көріп еді, имам жымия қарап, «сен екеніңді білеміз ғой, бауырым, Алла жасаған қайырымыңның қарымтасын еселеп қайтарсын», - деді. Қайсар ештеңені түсіне алар емес. Аң - таң. Өзінің ол мешітке бармағанын жақсы біледі. Сол кезде қасында тұрған баласы: «Кешіріңізші, әке, сіз күнде өз анаңыздың атынан деп адамдарға жақсылық жасайсыз ғой. Мен де сіздің атыңыздан бір жақсылық жасағым келді», - деді. Мұндайды күтпеген әкенің жүрегі езіліп кетті. Ол жасаған жақсылығының сыйын осы өмірде де көріп жатқанына қуанды. Өзі анасынан көргенін істесе, енді, міне, баласы одан көргенін жасап отыр! «Бала айтқаныңды емес, көргенін істейді», «Әлемді адамгершілік құтқарады, зұлымдықты ізгілік, жақсылық жояды» деген сөздер осындайдан қалған екен - ау!..

Анаңыз үшін дұға жасадыңыз ба? Анаңыз үшін дұға жасадыңыз ба?
Үйленгеніме 20 жыл болғанын атап өтуге дайындалдым. Мақсатым әйелімді разы қылып, тосын сый жасау еді. Кешкісін сөз бастадым. Өмір жолдасым,
Әке, мені кешірші! Әке, мені кешірші!
Бір жас жігіт үйленгелі бері үйінде бірге тұрып келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырықпышақ болып сөзге келіп қалатын.
Менің жұмыстағы бір күнім! Менің жұмыстағы бір күнім!
Өмірде неше түрлі қызықты және келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Соның бірі кеше менің өмірімде де болды. Мен үйде ұзақ отырып қалдым да жақында
Ақылды әйел… Ақылды әйел…
Бұл қауым көшіп - қонып жүріп өмір сүруді əдетке айналдырған еді. Араларында өте қартаң анасы бар бір кісі де болды.
Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар
Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден көрген тәрбие өсіп - өнгенше оның бойына азық болады. Қазағым «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер
Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның сізге ұнай қоюы екіталай Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның
Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның сізге ұнай қоюы екіталай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×