ойын сауық отауы
Әйел туралы
06.10.2019 2 839 0 Admin

Әйел туралы

Бұл қызықты
Әйел
…Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:
— Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала:
— Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез - келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады, — дегенде, Періште таңданып:
— Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің, — дейді.
— Жоқ. Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз - өзін емдеп, 18 сағат жұмыс жасай алатын болады.
Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді…
— Аллам, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқан екенсің!
— Иә, ол — өте нәзік. Сонымен бірге, ол — өте күшті! Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елестете де алмайсың.
— Ол ойлана алады ма? — деп сұрады періште.
— Ол тек ойланып қана қоймайды. Ол сендіре де, келісімге де келе алады.
Періште әйелдің бетін сипады…
— Бұл жаратылыс терлеп тұр ғой! Шамасы, сен оған көп ауыртпалық беріп жатырған сияқтысың.
— Ол терлеп тұрған жоқ, бұл көз жасы ғой, — деп дұрыстады Аллаһ Тағала Періште сөзін.
— Бұл не үшін? — деп сұрады Періште.
— Ол — қайғысын, күдігін, махаббатын жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын осы көз жасымен білдіреді.
Періште қатты әсерленді…
— Я Аллаһ, сен — шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың. Әйел — шынында да керемет жаратылыс екен!
— Иа, шынында да солай! Әйелде еркекті бағындыра алатындай — күш бар. Ол — өмір тауқыметімен күресіп, қасіретін көтере алады. Ол — бақыт, махаббат, қуаныш алып келеді. Ол айқайлағысы келсе — күледі, жылағысы келсе — ән айтады. Бақытты кезінде — жылайды, қорыққан кезінде — күледі. Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қарсы тұрады. Жақындары үшін — жанын береді. Өз шешімінің дұрыстығына бәрін сендіреді. Махаббаты — шексіз. Балаларының бақытына қуаныштан жылайды. Достарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да, өмір сүру үшін өз бойынан қуат таба алады.
Бағдат Кенжекова жазбасынан

Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Әйелдер жайында пайғамбарымыздың айтқан сөздері Әйелдер жайында пайғамбарымыздың айтқан сөздері
Әйелдер жайында пайғамбарымыз саллаллаһү алейһи уә сәлләмнің мүбәрак сөздері
Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер. Әйелді шын мәнінде тартымды ететін қасиеттер.
Ер азаматтардың ойынша, әйел баласын қандай қасиеттері тартымды ететін білесіз бе? Тұлғасы келісті, көркі де бас айналдырар сұлуды көргенде кез
Сүйікті әйел қандай болуы керек? Сүйікті әйел қандай болуы керек?
Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Еркектің әйел өмірінде болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді.
Періште Періште
Жеті қат аспанның ар жағында жұмақта Періштелер өмір сүреді екен.
Әйеліңізді жиі құшақтаңыз Әйеліңізді жиі құшақтаңыз
Дейвид Тумаринсонның поэтикалық прозасынан алынған, ер адам әйелді құшағына алған сәттегі құбылыс.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×