Әйеліңізді жиі құшақтаңыз
Бұл қызықты
Әйелді құшағына алған сәтте.
Дейвид Тумаринсонның поэтикалық прозасынан алынған, ер адам әйелді құшағына алған сәттегі құбылыс.
Кейде ер адам көрінбей келіп, құшақтай алады. Ол құшақтай тұрып екі қолымен шеңбер құрады, ол шеңбердің ортасында сіз тұрасыз. Ол сол құрған шеңберді өзінің әлемі деп есептесе, сізді өзінің әлемінде тұр деп есептейді. Ол сізді үнсіз құшақтайды, сіз де сол сәт үнсіз қаласыз. Оның үнсіз құшағынан керемет бір жылылықты сезінесіз.
Әйел ер азаматының құшағында тұрып, өзіне қанат бітіп жатқандай сезінеді. Оның құшағы оған бөлек бір ғалам сияқты. Сол бір тірі шеңбер ортасында тұрған кім? Ол нені сезінуде? Дәл сол сәтте ол кім?
Әйел ме, қыз ба? Ана әлде бала ма?
Тыныштық, әйелдің иығына жабылған жеңіл орамал секілді, әйелдің түгел айтылып болмаған ішкі жан сырын жасырмақ болғандай. Мүмкін, ешқандай сыр да қалмаған болар.
Ол жай ғана құшақтайды, мынау суық әлемнің ызғарынан қорғау үшін жылы құшағына орайды. Оның құшағы ыстық әрі тыныш. Әйелдің бар тілегі мен үміті де осы.
Әйеліңізді жиі құшағыңызға алып тұрыңыз. Жан - дүниені тебірентер ерекше сезімге бөлеңіз. Сүйіңіз. Ол өте қажет. Сонымен бірге бұл дәл қазір сізге де қажет.
Дайындаған: Жадыра

Әйел туралы
— Я Аллаһ, сен — шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың. Әйел — шынында да керемет жаратылыс екен! — Иа, шынында да солай! Әйелде еркекті бағындыра
Үнсіз отырмашы! Танакөз Толқынқызының өлеңдері.
Үнсіз отырмашы! Сұп - суық болып тұр күн неге? Деші Үнсіз отырмашы, бірдеңе деші...
Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Ең сұлу әйел
Жәйлап қана салып көр жанар ұшын, Болмысы оның тым бөлек, дара мүсін. Жер бетіне тіршілік таратушы, Жер бетіне жаралған Адам үшін! Жүрісі де өзгеше,
Үнсіздік
Бәрі де үнсіз. Үнсіз аспан, үнсіз жер, Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл. Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.