ойын сауық отауы
Мықты психолог Михаил Литвактың 22 кеңесі
20.10.2019 3 713 0 Admin

Мықты психолог Михаил Литвактың 22 кеңесі

Бұл қызықты
Мықты психологтың берген кеңестері
Танымал психиатр өмірдегі ең маңызды 22 ережені тұжырымдады. Шындығында, бұл ережелерді оқи отырып ойға батасыз. Көптеген адамдар мінсіз қарым - қатынас құруды, өз қиялындағы жұмысты табуды, жалпы айтқанда қоғамда бақытты өмір сүруді армандайды. Бірақ бір ғана мақсатты орындау үшін көптеген күш - жігер әрі уақыт, төзім мен табандылық қажет.
Біреулер керегесі берік отбасы құрса, енді біреулер кәсібін өрге домалатады, тағы біреулері әлемді аралап, саяхат жасап, содан ләззат алады.
Михаил Литвак практикалық психология туралы 30 шақты кітап жазған жазушы әрі психолог. Оны шетелдіктер әлемдегі саусақпен санарлық кәсіби психологтың қатарына қосады. Ол осыған дейінгі өмірлік тәжірибесін негізге ала отырып ең маңызды деген 22 қағиданы тұжырымдады.
1. Бақыт мақсат бола алмайды
Бақыттың артынан жүгіруді тоқтатыңыз. Сіз бақытты басқа бір бейтаныс адамнан немесе материалдық құндылықтардан таба алмайсыз. Бақыт сіздің ішкі дүниеңізбен тікелей байланысты. Сіз өмірден ләззат ала бастаған кезде ғана бақытты бол аласыз. Сіз өз бойыңыздағы талантты, дарынды дамытып, өз жетістіктеріңіз бен мақсаттарыңызға қайтадан назар салып көріңіз. Бойыңыздағы қасиет пен дарынды мақсатқа айналдырсаңыз ғана бақытты бола аласыз.
2. Көпшіліктің пікіріне құлақ асуды доғарыңыз
Егер сіз өзіңіздің жақсы, ақылды және барлық жақсылыққа лайықты адам деп есептеп, соған бек сенімді болсаңыз сізге басқа адамдардың пікірі қажет те болмайды.
3. Ештеңе сұрамаңыз және ешкімнен ештеңе күтпеңіз
Егер сіз шын мәнісінде жетістікке жеткіңіз келсе, басқа адамдардан рұқсат сұрамаңыз. Керісінше сіз өз өміріңізді толықтай өзіңіз ғана бақылап отыруға тырысыңыз.
4. Теоретик болмаңыз
Қызу жұмыстың арасында пісіп, жетілген адам болыңыз. Теориялық білімге ғана емес, практикалық білімге, іс - әрекетке жақын болыңыз.
5. Жоспарлы іс - әрекеттер – сәттіліктің кепілі
Сіз өзіңіздің күнделікті өміріңізді бақылап, жоспарлап отыруды әдетке айналдырыңыз. Бұл да бір бақыттың кілті.
6. Жаныңыздағы адамдарға сенімсіздік танытып, күмәндана бермеңіз
Жауыңыз сіздің жаныңыздағы адамдар емес. Ең үлкен жауыңыз – өзіңіз. Сондай - ақ бұл жауды жеңу де аса оңай емес. Өзгелермен алысып уақыт жоғалтқанша, өзіңізбен күресіп, өз нәпсіңізді жеңіп, жетістікке жетіңіз.
7. Сіз барлығына ұнайтын доллар емессіз
Егер сіз барлығына бірдей ұнауға тырысып, соған сай әрекет жасасаңыз, оңбай құлайсыз. Сіздің алдыңыздан міндетті түрде үлкен сәтсіздік пайда болып, барлық адамнан көңіліңіз қалатыны анық. Себебі бәріне ұнау – мүмкін емес. Сондай - ақ қажеті де шамалы. Есте сақтаңыз, барлығына жағынудың соңы сізді ыңғайсыз жағдайға қалдырып, эмоциялық тұрғыдан қатты шаршауға әкеліп соғады.
8. Сізге көмек көрсеткен адамға ақша төлеңіз
Барлық адам бірдей емес әрине. Алайда кей адамдардың іс - әрекетінен сіз өзіңізді іштей кінәлі сезінетін сәттер болады. Егер айналаңыздағы адамдар сізге көрсеткен көмектен бірнәрсе дәметкенін байқап, сезген болсаңыз, олардан «маған жасаған көмегіңіздің құны қанша?», — деп ашық сұраңыз. Өзара есептесіп, қош айтысыңыз. Алайда өзіңіз біреуге тегін көмек көрсетсеңіз одан ештеңе күтпеңіз. Ал егер ұзақ уақытыңызды алатын болса, ашық әңгімеге көшіп, белгілі бір көлемде ақша төлеу керектігін айтыңыз.
9. Шынайы дүниені армандаңыз
Болмайтын нәрселерді қиялдап уақыт жоғалтпаңыз. Егер қиялдау ұнайтын болса, шынайы, орындалатын дүниелерді ойлаған жөн. Сіздің алға қойған мақсатыңыз бен қиялыңыз бір - бірімен үйлесім табуы керек.
10. Депрессия – қараңғы түнек емес
Депрессияға салынып, өмірден түңілуге жол бермеңіз. Депрессия – тым ауыр, қауіпті дерт. Бірақ күйзеліске түскен кездің де пайдалы тұсын аңғаруға болады. Күйзеліске түсу сіз өз өміріңіз туралы ойланып, өткен күндеріңізге сараптама жасауыңызға мүмкіндік береді. Осы туралы толықтай ойланып, толғанып, бір шешім қабылдаңыз. Тек күйзеліске түскен уақытыңыз ұзаққа созылмасын. Шешім қабылдаған бойда алға жылжыңыз, мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етіңіз.
11. Дұшпандарыңызбен араласыңыз
Достармен араласып, сөйлесіп, уақыт өткізу өте пайдалы әрі жағымды екені белгілі. Бұған дау жоқ, әрине. Алайда дұшпаныңызға айналған адамдармен араласу да сізге пайда әкелетінін ұмытпаңыз. Сіз олармен араласа отырып өзіңіз туралы жаңа ақпарат біле аласыз. Ол сізге ұнауы да, ұнамауы да мүмкін. Алайда "сын түзелмей, мін түзелмейді" дегенді жадыңызда ұстаңыз. Кей кезде достардан гөрі дұшпанның сөзіне құлақ асқан да пайдалы.
12. Кітап – ең жақсы кеңесші
Жақсы кітапты оқу әрқашан пайдалы. Сізге көңіл көтеріп, достармен қыдырғаннан гөрі кітап оқыған әлдеқайда пайдалырақ.
13. Уақытыңызды тиімді жүзеге асырып, пайдалы өткізіңіз
Өмірде әр минутыңызды пайдалы дүниеге арнаңыз. Сондай - ақ барлық зейініңізді пайдалы дүниеге аударыңыз. Мына шаршаған, жабырқаған, күйзеліске түскен әлемнен жақсы, пайдалы дүниені іздеп, соған ұмтылыңыз. Негізі көпшілікке ғылым мен философиясының пайдасы зор.
14. Табысқа жетуге арналған қарым - қатынас құруға талпыныңыз
Егер сізге романтикалық немесе ресми қарым - қатынас кері әсер еткенін сезсеңіз, онда басқа нұсқаларды да қарастыру керек. Себебі сіздің ішкі сезіміңіз алдамайды. Өзіңізге ұнамайтын қарым - қатынас сәттілік пен табысқа жетуге кері әсерін тигізеді.
15. Адамдардан қорықпаңыз
Егер сіз бейтаныс адамдармен сөйлесуге қорықсаңыз, бұл кемшілікті міндетті түрде жойыңыз. Ең болмаса, алғашқы секундында бейтаныс адамдарға жылышырай танытыңыз, сол кезде бейтаныс адам да ең жақын адамға айналуы бек мүмкін.
16. Әйелдердің түсініксіз логикасы туралы бірер сөз
Негізінде әйелдің немесе еркектің логикасы деп бөлек қарастырудың өзі логикаға қайшы. Адам не ақылды, не ақымақ бола алады. Бар болғаны осы.
17. Жалғыздықтан қорықпаңыз
Егер сіз романтикалық қарым - қатынастан кейін жалғыз қалған болсаңыз қорқудың еш қажеті жоқ. Жалғыздық – сіздің рухани тұрғыдан кемелденуіңізге әсер ете алады. Сонымен бірге өз - өзіңізбен оңаша қалу сізге әлдеқайда пайдалы болмақ.
18. Қуанышпен бөлісіңіз
Өз бақытыңызға, қуанышыңызға келген кезде ешқашан эгоист болмаңыз. Сіз қуанышты бөлісіп, сүйіншісін сұраған сайын қуаныш еселене түседі. Сондай - ақ сен жақындарыңның қуаныштан бал - бұл жанған сәтіне куә боласың. Бұл да бір бақыт емес пе?!
19. Сізді ешкім тоқтата алмайды
Қарапайым ғана ереже бар. Кей адамдар тез қозғалады, ал сіз өз шама - шарқыңыз жеткенше қозғаласыз. Бастысы – қозғалыс.
20. Сізді балағаттаса да мән бермеңіз
Өз мақсатыңызға жеткен күні сіз туралы айтқан орынсыз сын - пікір де, балағат сөздер мен ғайбат сөздер де мән - мағынасын жоғалтады. Сіз ол туралы тіпті ұмытып кетуіңіз мүмкін.
21. Өз - өзіңізді мақтап, мадақтай біліңіз
Өз - өзін мақтап, мадақтай алмаған адам бөтен адамдарды сынға алып, солардың мінін теріп отырады. Өзінің айтары болмаса да өсектеп, ғайбаттауға шебер болып алады.
22. Өзіңіз үшін өмір сүруді үйреніңіз
Егер сіз өзіңіздің өмірлік қағидаларыңызды жаныңыздағыларға түсіндіріп, өз пікіріңізді қорғаштап, ақталсаңыз, онда біліңіз, сіз басқа адамдар үшін өмір сүріп жүрсіз. Тез арада өзгеру қажет.
Бұл қағидаларды ұстану арқылы өмірді әлдеқайда жеңіл етіп, жақсы жағынан өзгертуге болады. Әрине, барлық қағиданы бірден орындап, жүзеге орындау қиынға соғатыны белгілі. Алайда күніне 3 - 4 қағиданы ұстанып, өзіңіз бен нәпсіңізді үйретіңіз. Біліңіз, сіздің ең басты жауыңыз – өз нәпсіңіз. Сәттілік серік болсын!

Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Психологқа қандай жағдайда бару керек? Психологқа қандай жағдайда бару керек?
Қазақстанда тұратын әр төртінші адамда психикалық ауытқу бар. Бұл жөнінде еліміздегі психология саласының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау
Қырсыққа тап болмас үшін ауыздан шыққан сөзге абай болған жөн! Қырсыққа тап болмас үшін ауыздан шыққан сөзге
Бақытты тұрмыстың мәнін ашатын танымал мәтел: тыныштық – алтынмен тең бәрімізге таныс, алайда, құрбыңмен кездесіп баланың мінез-құлқы, енеңізбен
Екі данышпан Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты.
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×