ойын сауық отауы
"Қазаныңа тас түсіп кетті ме?"
20.11.2019 1 979 0 Admin

"Қазаныңа тас түсіп кетті ме?"

Бұл қызықты
"Қазаныңа тас түсіп кетті ме?" деген сөздің қайдан шыққандығы туралы
«Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады?». Бабаларымыз осылай деп дөп басыпты. Мына айтпағымыз да сол сөйлегеннен туындаған дүние.
Бала кезімізде «Апыр - ау, ана шәйнекке тас түсіп кетті ме?» деген сөзді кілең атамыз айтатын. Жуырда үйіне бара қалсам, өз шаруасына асыққанын білдіргісі келген бауырым «Әй, қазаныңа тас салып жібердің бе?» деп түк жазығы жоқ келінді қарадай қыжыртып отыр. Әрине, бұл сөзді бұған дейін де талай қазақтың аузынан сан мәрте естігенбіз. Інімнің айтқаны соның бәрін жаңғырту ғана болды.
Содан мишығымыздың бір түкпірінен «Қазаныңа тас түсті ме сөзі қайдан шыққан?» деген сауал бас көтеріп, маза бермей қойғаны. Дереу індете іздей бастадық. Әуелі жүгінетіміз әлеуметтік желі ғой. Ақтарып көрсек, «Сүт тасып кетпеу үшін қазан бетіне ағаш қасық қойып қойыңыз, бірақ қасығыңыз тез істен шығады» немесе «Қазан тасымасын десеңіз, ыдыстың сыртын майлап тастаңыз» деген сақауланған «жауаптан» өзге жарытымды ештеңе таппадық. «Қазанға тас салу» дегеннің сорабымен осы күні ұмытыла бастаған «тасқорықты» да төңіректеп көргенбіз. Оның да қисыны жоқ тәрізді. Өйткені, ол малта тасты отқа әбден қыздырып алып, ыдыстағы сүтке салып қайнату, сүтті тез пісіру. Соны бабаларымыз «қорық» немесе «тасқорық» деп атаған. Ал бұл жерде қайнамау, қайнатпау айтылып тұр ғой. Ақыры, алыстан іздеген жоғымыз жақыннан табылды. Бірде шәй іше отырып: «Осы қазаныңа тас түсті ме?» дегенді не үшін айтады?» деп анамнан сұрап қалып едім, ол кісі оп - оңай айта салды. Сөйтсек, ба­баларымыз ыдыстағы сүтті қайнату үшін де, қайнатпау үшін де тасты қолданыпты ғой.
Анам айтады: «Баяғы әжелеріміздің көргенінің бәрі бейнет қой. Ол кезде жер ошақтың басында алынбастай қылып орнататын жалғыз қазан тұрады. Ет те сонда, сүт те сонда піседі. Суды да әлгі қазанға қайнатады. Қазақ қатынының көп күні от басы, ошақ қасында қазан тазалаумен өтер еді ғой.
Ауыл - үй болған соң әйелдің қазан - ошақтан басқа да қыруар шаруасы бар емес пе. Мысалы, отты жақсылап жағып, қазанға құйған сүті енді пісті - ау дегенде үй жақтан шарылдап баласы жылайды, ақырып байы шақырады, не тағы, сондай тұра жүгіретін жұмыс шыға қалады. Не істеуі керек? Тастап кетсе сүт тасып, төгіліп оттың басы көңірсіп кетеді. Бармауға амалы жоқ. Міне, сондай кезде қазанға тас сала салып, бетін жауып кете беру – қазақта атам заманнан бар әдіс. Ертеректе әр ошақтың басында он жасар баланың жұдырығындай жұмыр тастар дайын жатады. Әлгіндей қысылтаяң кезде сол тасты «бісмилла» деп, суға бір шайып жіберіп қазанға тастай салады. Содан тіпті бір сағаттан соң айналып келсе де, беті жабық қазан бүлкілдеп қайнай береді. Тасып - төгіліп кету деген жоқ. Бұл тасты тек сүт қана емес, көбігін бір қалқып алған соң етті асықпай пісіру үшін де қазанға салып қояды. Мұны жас кезімізде өзіміз де талай көрдік. Міне, әлгі «Қазаныңа тас түсті ме?» дегеннің мәнісі осы». Сөйтіп, жасы сексенге таяған анам ойда жоқта көптен таппай жүрген жоғарыдағы сөздің жұмбағын шешіп бере салғаны. Сол сәтте мектепте оқу озаты атанып жүрген Нұрлым қызым: «Әже ол физика заңдылығы ғой. Физика дегеніміз – табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен тәжірибеге негізделген ғылым. Жаңағы айтқаныңыз Ньютон заңдарында баяғыдан бар. Егер сұйықтыққа темір шарик салып қойса, ол белгілі бір градустан асып қайнамайды» деп зуылдатып, термодинамиканың, термостаттың «қасиеттерін» бір­талай айтып тастады.
Неме­ресінің сөзін соңына дейін тыңдап алған анам: «Әжелеріміз физиканы білмесе де, қазанды қалай тасытпауды, қазан - ошақтың басын таза ұстауды Нютоннан артық білген», деп бір - ақ қайырды.
Әңгімемізді осы тұстан түйіндеуді біз де жөн көрдік.....
П_сы: өз анам да бұрын қазанға сүт пісіргенде "ішіне темір ожау салып қой, тасып кетпейді" деуші еді сүт пісерге таяғанда. Есіме түсіп кетті....(Қайрат Нұрлықасымұлы)

Тіл өнері мақал – мәтелдері №2 Тіл өнері мақал – мәтелдері №2
Ең тәтті де – тіл, Ең ащы да – тіл, Ең жұмсақ та – тіл, Ең қатты да – тіл.
Қазан Қазан
Қауын – қарбыз Қазан болып, Бау – бақшаның түсті ажары. Қырман басы Тазаланып, Тарқап кетті құс базары.
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Дұшпаның бар ма? Дұшпаның бар ма?
- Дұшпаның бар ма? - дейсің, Қайдан білем... Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең. Қазақтың қайсы үйіне барсам - дағы, Алдымда - ақ дастарқан, жайған
Шымшық пен көгершін Шымшық пен көгершін
Бір Шымшық торға түсті соры қайнап, Барды ма, кім біледі, ажал айдап. Бәлені қаза менен қайда деме, Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×