ойын сауық отауы
Тіл өнері мақал – мәтелдері №2
28.03.2017 1 991 0 Дауыл

Тіл өнері мақал – мәтелдері №2

Мақал-мәтелдер
Тіл өнері мақал – мәтелдері №2
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл,
Ең қатты да – тіл.

Қағынған аузыдан
Ұшынған сөз шығады.

Сәлемі жараспағанның –
Сөзі де жараспайды.

Қол, аяғы бар кісі –
Жүк көтергіш нар кісі.

Қайғылы сөз
Қаза үстінде туады.
Қаһарлы сөз
Жаза үстінде туады.

Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.

Сырдың елі – жырдың елі.

Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.

Көздің аласынан
Сөздің аласы жаман.

Сөзбен сөзді жуады,
Сабынмен бөзді жуады.

Жақсының өзі өлсе де,
Сөзі өлмейді.

Айтылған сөз – атылған оқ.

Аз сөз – ишарат,
Көп сөз – кінарат.

Артық сөйле, кем сөйле,
Таразылай тең сөйле.

Жақсымен сөйлессең –
Жаның рахаттанады.
Жаманмен сөйлессең –
Қойыңа қасқыр шабады.

Тіс – тілдің қамалы.

Сәлем – сөздің анасы.

Артында баласы қалса –
Көзі қалды де.
Артында сөзі қалса –
Өзі қалды де.

Сөз сөзден туады
Сөйлемесе қайдан туады?
От басының жанжалы
Қана ішпеген шайдан туады.
Ауыр жолдың азабы
Артар атан - нардан туады.

Әуелі бойыңда талант болсын,
Талантыңа талабың қанат болсын.

Аяғың сауда, билеп қал,
Аузың сауда, сөйлеп қал.

Көз – нұрдың ұясы,
Көңіл – сырдың ұясы,
Сезім – жырдың ұясы.

Ел арасын сөз бұзар,
Жол арасын сел бұзар.

Тілің бар болса,
Жауым жоқ деме.
Тамырың бар болса,
Дауым жоқ деме.

Майда сөйлеп, ірі шық,
Ақылдының бірі шық.

Ұқпас құлаққа айтқан сөз,
Оқпанға құйған сумен тең.

Аузына әлі келмеген мылжың,
Айтар сөзінен адасады.

Шебердің бізі – ортақ,
Шешеннің сөзі – ортақ.

Сегіз тұтам сар садақ,
Секірген аңды сұлатар.
Сегіз қырлы өткір сөз,
Сойылдай ерді құлатар.

Судың түбін шым бекітеді,
Сөздің түбін – шын бекітеді.

Үй ортасына шала тастама,
Сөз ортасына жал тастама.

Сөйлегенді үндемеген жеңеді.

Бастың көркі – жүз,
Жүздің көркі – көз.
Ауыз көркі – тіл,
Тілдің көркі – сөз.

Көшпелі ел,
Тоғанақсыз, бұраусыз болмайды.
Той мен ас,
Айтыссыз, жыраусыз болмайды.

Той – ақындыкі,
Көкпар – батырдыкі!
Көліне қарай – қазы,
Заманына қарай – сазы.

Кесір сөзде – қырсық көп,
Кесір адамда – тыртық көп.

Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.

Жақсының сөзі – шақпақ
Жаманның сөзі – тоқпақ.

Көзге айтқаның айыбы жоқ.

Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, жұртқа жақ.

Жақсының сөзі
Өлшеп, пішкендей,
Жаманның сөзі
Түйеден түскендей.

Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар,
Тілге кісен салуға болмас.

Орақты ора білмесең,
Қолыңды кесерсің.

Тамақты асығып ішпе,
Түйілерсің.
Сөзді асығыс сөйлеме,
Күйінерсің.

Қолың ұста болсын,
Сөзің қысқа болсын!

Отқа келген келіннің
Отыз ауыз сөзі бар.

Еттен өткен таяқтан
Сүйектен өткен сөз жаман.

Тез қасыңда қисық ағаш жатпас,
Бек қасыңда бейбақ сөз айтпас.

Өлеңді қосылып айтқан жақсы,
Сөзді тосып айтқан жақсы.

Қожамен көрші болсаң:
«Бер - бер» дейді.
Шебермен көрші болсаң:
«Көр - көр» дейді.

Төр төбесінде отырып,
Теріс сөйлегеннен түңіл.
Есік алдында отырып,
Ерсі сөйлегеннен түңіл.

Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.

Біреу қасып айтады,
Біреу басып айтады,
Біреу жаны ашып айтады.

Көргенінен көз ақы алады,
Сөйлегенінен сөз ақы алады.

Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Көңілдегі құпияңды –
Көзің айтып қояды,
Көп сөйлеген күпілдеп –
Сөзің айтып қояды.

Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің бөзі – ортақ.

Сөзі ырайлының –
Жүзі шырайлы.

Аузын бағып айтқанның – аузы күймес,
Отын бағып жаққанның жеңі күймес.

Аңғал сөйлеп, аспа,
Ойланып ал, саспа.

Ана туралы мақал - мәтелдер Ана туралы мақал - мәтелдер
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
Еңбек туралы мақал - мәтелдер Еңбек туралы мақал - мәтелдер
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
Сұраншы батырдан бата сұрағанда Сұраншы батырдан бата сұрағанда
Батыр ел үшін туады, Бағлан жер үшін туады. Ата тұрып ұл сөйлемес болар, Ана тұрып қыз сөйлемес болар.
Тіл туралы мақал-мәтелдер Тіл туралы мақал-мәтелдер
Ашуың келсе – қолың тарт, Айтпас жерде – тілің тарт.
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2 Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2
Қыз кетсе – қуаныш, Тұрақтаса – жұбаныш.
Өзендер Өзендер
Ән туады мұраттан, Ой туады сұрақтан, Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×