ойын сауық отауы
Халық
02.03.2016 5 765 0 Дауыл

Халық

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"
Ә дегеннен ғибрат алып келем.
Ұлттар үшін
Жүз томдық жыр сездігі
Ұлы сөзден басталар
ХАЛЫҚ деген.
Шөңге де өлең,
Шөп те өлең,
Темір де өлең
Дей алмаймын, бауырым, өмірде мен.
Оңғаны жоқ адамның ешқашан да
Халық демей халықты,
Тобыр деген.
Тағдыр керек халыққа шұғылалы,
Тіл қатады ол биікке шығып алып.
Ақырзаман болғанда
Ағзамдар да
Аяғына халықтың жығылады.
Халық барда, қарағым, қауіп бар ма!
Сол халықтан туады алыптар да.
Тәңір деген,
Құдірет,
Құдай деген,
Алла деген сөз бе екен халық барда?!
Ұстап тұрып айтайын,
Міне, күлше:
Кейбіреулер осы елдің түлегінше
Көлгірсиді...
Ол сөзбен ойнағандар
Ойыншы емес -
Ойыншық,
Біле - білсе!
Бір - бірімен достасқан,
Құдаласқан
Халық десе,
Жер түгіл,
Бұғады аспан.
Атпайды да,
Аспайды ол -
Ұмытады -
Перзент үшін жаза жоқ одан асқан!
Айтпау керек,
Бұл сөзді ұғу қажет!
Ұғу қажет,
Құлақты жыму қажет.
Тіліңіздің ұшында тұрмай ол сөз,
Шыңыраудан шымырлап шығу қажет!
Мен бұл сөзді ұсақтап,
Майдаламан.
Ел - жұртымсыз - белгісіз - қайда қалам?!
Ақын болып бірдеңе жазарымда
Халық болып алдымен ойлап алам!

Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов Тіл туралы жыр - Сәкен Иманасов
Діннен емес, тілден алған үлесін, Қазақ деген халық барын білесің, Сондай елдің үлымын деп өзің де шаршы топқа шалқая бір кіресің.
Бәрі ертең өзгереді Бәрі ертең өзгереді
Бәрі ертең өзгереді. Ертең, деген ешқашан болмайды. Күнде таңертең ұйқыңнан оянсаң бүгінгі күн туады. Бәрі ертеңгі күннен өзгеріс күтеді, шындығында
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын, Қажет болса мінбеге шыға аламын. Бала көңіл, момақан «қазақ» деген Елдің қызы болғанға қуанамын.
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы
Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, Жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы.
Аяз би Аяз би
Аяз биім! Аруағым, табынарым. Ар мен ақыл - бас иіп, бағынарым. Алдыменен сені ұғып, Сені сыйлар Маңдайына жазылған бағы бар ұл.
Өлең деген тумайды жайшылықта Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылыңта. Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан, Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×