ойын сауық отауы
Шымшық пен көгершін
06.06.2016 5 104 0 Дауыл

Шымшық пен көгершін

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Бір Шымшық торға түсті соры қайнап,
Барды ма, кім біледі, ажал айдап.
Бәлені қаза менен қайда деме,
Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап.
Жанына жас Көгершін ұшып келді:
«Не қара басты торға түсіп? - деді. -
Тал түсте торды көрмей, соқыр ма едің,
Есалаң, ақылың жоқ, күшік, - деді. -
Түсер ме есі дұрыс күндіз торға,
Ақылың жоқтығынан қалдың сорға.
Мысалы, мені алдап еш уақытта,
Тор түгіл, түсіре алмас онан зорға.
Кім күлмес бостығыңа сен жаманның,
Алдырған айласына бір наданның.
Мен саған қол берейін түспесіме,
Амалы саған ғана мол адамның».
Десе де: «Ақыл серік қонған баққа»,
Ем болмас баста бағың таяр шақта.
Пысықсып Көгершінім отырғанда,
Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.
- Ақылың қайда кетті, данышпаным,
Серт етіп түспеске қол алысқаның?
Біреуге күлсең - келер өз басыңа,
Табалап мұнан былай күлме, жаным!
Біреуді білмес адам табалайды,
Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды.
Ісіңнен бір істеген жазым тапсаң,
Болды деп білмегеннен шамалайды.
«Жазмыштан озмыш болмас» деген сөзді
Бекер деп пікір ету жарамайды.
«Алланың адам басы - добы» деген,
Қуса да қалай қарай домалайды.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Ғибратнама - Мәшһүр Жүсіп Көпеев Ғибратнама - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Япырмай, кессем бе екен мен тілімді, Үйрендім қайдан өнер, көп білімді. Өткіздім қасірет пен қапалықта Қызықты ойнап - күлер мезгілімді.
Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев
Жетімнің күні құрсын жастай қалған, Әкесін шешесімен құдай алған. Күтетін өз баласындай жақын қайда? Деген сөз осы емес пе дүние жалған.
Зоопаркте Зоопаркте
Тал өсіп тұрушы еді ақ бастауда, Ақ шымшық қонатұғын ақбас талға. Аңырып, шуылдасып қалатынбыз, Ақ тұйғын ақ шымшықты ап қашқанда.
Өгіз бен бақа Өгіз бен бақа
Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Шал мен жұмыскер Шал мен жұмыскер
Шал қайтты малайымен пішен шауып, Бәлені сезе ме адам тұрған бағып. Орманмен кешкітұрым келе жатты, Баратын елге тура бір жол тауып.
Кісі мен арыстан Кісі мен арыстан
Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып, Ішіне қалың ағаш торын құрып. Бір күні Арыстанға кез болыпты, Сыртынан құрған торын бағып тұрып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×