ойын сауық отауы
Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы
16.12.2019 2 084 0 Admin

Мәлік ибн Динар деген әулие кісі жайлы

Бұл қызықты
Кезінде бір Мәлік ибн Динар деген әулие кісі өмір сүрген. Ол қажылыққа кетіп бара жатып, бір қызық оқиғаға куә болады. Тұмсығында наны бар бір құстың жол шетіндегі жартасқа түсіп шығып, аузындағы нанын тастап, қайта ұшып келіп жүргенін байқайды. Не де болса бұл жерде бір гәп бар деп, әлгі жартасқа өрмелей бастайды. Біраз жоғары шыққаннан кейін таң қаларлық көрініске куә болады. Аяқ - қолы маталып, шұңқырға тасталған бір кісіні көреді. Үсті - басы әбден күнге күйіп, терілері сыпырылып түсе бастаған екен. Ол өз көзіне өзі сенбей:
- Әй, сен адамсың ба, жынсың ба? – деп дауыстайды. Әл - дәрмені қалмаған әлгі бейшара ымдаған соң оны шығарып алады да не болғанын сұрайды. Сонда ол былай деп әңгімелейді:
– Мен қажылыққа кетіп бара жатқан едім. Біздің керуенге қарақшылар шабуыл жасап, жолдастарымның бәрін түк қалдырмай тонап кетті. Мен қарулы болғандықтан, оңайшылықпен беріспедім. Әбден алысып, осы жерге дейін қашып келдім. Ақыры ұстап алып, не бар, не жоқ бәрін тартып алып, аяқ - қолымды байлап шұңқырға лақтырып кете барды. Осылайша күнге қақталып жатқаныма тура бір апта болды. Күн өткен сайын аштықтан бұратылып, әлсіреген үстіне әлсірей түстім. Ақыр соңында ешқандай үміт қалмаған соң: «Уа, Алла Тағалам! Өзіңнің разылығың үшін аптап пен шөлге қарамай жолға шықтым. Қандай күйге тап болғаным Өзіңе аян. Өзіңнен басқа жәрдем етер ешкім жоқ. Өзіңе ғана сыйынып, жалбарынамын, мені құтқара гөр!» деп тіледім. Дұғамды бітіргенім сол екен тұмсығында наны бар бір құстың маған қарай ұшып келе жатқанын көрдім. Ол көкірегіме қонып, тұмсығымен нанды үзіп - үзіп аузыма салды. Шамалы болса да әлденіп алдым. Біраздан кейін қайдан әкелгенін қайдам бір ыдыспен су әкеліп, көкірегіме қонып, су ішкізді. Осылайша мені аштықтан құтқарды. Әлгінде де біраз нан әкелгені сол еді, артынша сен келдің.
Мәлік ибн Динар өз көзіне өзі сенбей аң - таң қалды. Ақыры әлгі адамның аяқ - қолын шешіп, керуенге жеткізіп салды. Осы кезде олар әлгі құстың аспанда қалықтап ұшып, шиқылдап жүргенін көрді. Әулие Мәлік ибн Динар құстың бұл қылығын:
– Бұл құс саған былай деп жатқандай: «Алла Тағаладан шын көңілмен сұрасаңдар, Ол дұғаларыңды қабыл етеді. Күтпеген жерден орайын келтіріп, құстардың өзін көмекке жібереді» деп жорыған екен.
Алланың кереметінде шек жоқ!

Салт - дәстүр сөйлейді: Марқұмдарды риза ет Салт - дәстүр сөйлейді: Марқұмдарды риза ет
Жүрек көзі ашылған бір әулие жапан түзде келе жатып, түнде жалғыз қалады. «Жалғыз қалсаң, зиратқа түне» деген сөз есіне түсіп, қорымға барып қоныпты.
Барлығы ниетке байланысты... Барлығы ниетке байланысты...
Бір кісі пойызға асығып жүгіріп келе жатады. Енді жақындай бергенде пойыз қозғала бастайды. Әлгі адам әрең дегенде үлгеріп, қолын созып тұтқадан
Сүт сатушы Сүт сатушы
Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына
Алғыс дәметпе! Алғыс дәметпе!
Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан - жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір
Құранның сауабы Құранның сауабы
Өлі риза болмай, тірі байымайды деген. Ата - анаңның аруағын риза етсең, тұрмыс - тіршілігіңді Тәңір өзі түзейді.
Бегім ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Бегім ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Бегім ана – Қарабура әулиенің қызы, Салжұқ мемлекетінің ханы Санжар сұлтанның әйелі. «Мәлік шахтың патшалық құрған тұсында Салжұқтар елі әбден
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×