ойын сауық отауы
Сүт сатушы
14.09.2019 2 074 0 Дауыл

Сүт сатушы

Бұл қызықты
Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына аттанады. Теңіз жағасына келіп қажылыққа кетіп бара жатқандардың кемесіне отырады. Кемеде маймылға қалтадан әмиан ұрлауды үйреткен сығандар да бар еді. Сүт сатушы демалып жатқан кезде сығанның маймылы қалтасынан әмианын ұрлап алып биік діңгекке шығып кетеді.
Сүт сатушы барынан айрылғанын біліп сығанның мойнына пышақ тақап: «Егер маймылың ақшамды қайтармаса, мен сені сойып жіберемін» дейді. Сыған: «қазір алып беремін» деп қалтасынан өзінің әмианын алып маймылға көрсетеді. Ішін ашып ішіндегі ақшаны жерге тастайды. Маймыл егесінің істегенін қайталайды. Сүт сатушы бір алтын теңгені алып Құдайға шүкір дейді. Маймыл екінші теңгені шығарады да теңізге лақтырады. Бір теңгені кемеге, бір теңгені теңізге тастап ақырында жеті теңге кемеге, жеті теңге теңізге кетеді. Сүт сатушы: «Я, Раббым, тәубе еттім, сататын сүтімнің тең жартысына су қосып сатушы едім. Сүттін ақшасы жанымда қалды, су суға кетті» депті.

Cіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді Cіз өзгерсеңіз, сіздің әлеміңіз де өзгереді
Бірде гүл сатушы қыз қолындағы роза гүлдерін дерлік сатып болады. Қолында тек бір тал ғана гүл қалады. Гүл сатушы қыз ойланбастан жолдың қарсы
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Тек күлімдеп жүріңіз. Ешкімді ренжітпеңіз. Тек күлімдеп жүріңіз. Ешкімді ренжітпеңіз.
Сол күні осы әйел автобусқа кіріп келе жатып бір ер адамның аяғын басып кетеді. Жақтырмай қараған ер адамға әдеттегісінше "Ұнамай ма, таксимен жүр!"
Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша ақша үнемдеу керек. Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша
Ләззат Ибрагимованың есептеуі бойынша, айлық табысы 140 - 150 мың теңгені құрайтын әрбір қазақстандық орта есеппен айына жинақтау қорына 40 мың теңге
Сабырлық Сабырлық
Бір патша шеттен әкеле жатқан бір құлымен кемеге келіп отырды. Құл бұрын теңіз көрмеген, кеме азабын шекпеген еді. Сабыр ете білмеді. Қатты жылап,
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Бір күні Қожанасыр мен әйелі ұрсып қалыпты.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×