ойын сауық отауы
Жылқы төлінің атаулары
24.06.2020 14 700 0 Admin

Жылқы төлінің атаулары

Бұл қызықты
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі.
Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.
Арда – енесін екі жасқа дейін емген жылқы төлі.
Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.
Құнажын – екі жас пен үш жас аралығындағы ұрғашы жылқы.
Байтал – үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.
Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.
Сойтал – төрт жасқа шығар ұрғашы жылқы.
Бесті – бес жасар еркек жылқы.
Айғыр – үйірге түсетін аталық жылқы.
Сәурік – жаңадан үйір алған жас айғыр.
Саяқ – піштірілген тай, құнан, дөнен; үйірге қосылмай өз алдына бөлек жүретін тусыған бойдақ жылқылар; үйірден бөлініп, топтан шеттеген бірлі – жарымды бойдақ билер.
Қысырық – үйірге жаңадан қосылған, әлі құлындамаған жас бие.
Қулық – тұмаса құлындаған жас бие.
Бие – аналық жылқы.
Қасаба – көп жасаған мама бие.
Мама бие – үйірдегі кексе, өрбіген ұрпағы көп сақа бие.
Саба бие – қарны «жер сызған», көп құлындаған бие.
Бедеу бие – құлындамаған бие.
Наз бие - әсем жүрісті, көрікті жарау бие.
Ат – ақталған жылқы.
Мәстек – бой тұрқы тапал, кішкене жылық.
Қазанат – дене бітімі ірі, шымыр, мүсінді, құйма тұяқ, ұзақ жолға шыдамды ат.
Сәйгүлік – шашасына шаң жұқпаған жүйрік жылқы.
Саңлақ – ұшқыр, жүйрік ат.
Күйсіз - күлік (күлік - жүйрік) – бапсыз - ақ, әдейі жаратпай - ақ бәйгеден озып келетін жүйрік.
Арғымақ – дене бітімі аса келісті, сұлу, сымбатты, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.
Тұлпар – асыл тұқымды, аса төзімді, белді, жүйрік, батырлар мінген жылқы.
Жабы – қазақ жылқысының байырғы тұқымы.
Тумыш – арғымақ пен қазақы жылқының буданы.
Қарабайыр – арғымақ пен жабының буданы.
Пырақ – аңызда айтылатын қанатты ат.
Дүлдүл /ақ боз ат, ұрғашы/ – 1. аңыз бойынша Мұхамед пайғамбар мінген қасиетті ақ қашырдың атауы, кейде Әзірет Әлі мінген ат деп те түсіндіріледі.
2. ерекше жүйрік, айтулы тұлпар.
Суын – аңызда айтылатын су жылқысы.
Бұрақ /пырақ/ – аңыздағы Мұхамед пайғамбар мініп аспанға ұшқан ат

Адамның жасына байланысты атаулары Адамның жасына байланысты атаулары
Адамның жасына байланысты атауларын біліп жүру әрбір қазақтың міндеті дей отыра, оларды жаттай жүрейік.
Жылқы қасиетті мал Жылқы қасиетті мал
Жылқы − ерекше есті мал. Олар оқырану, кісінеу арқылы бір - бірін шақырады, жақын тартады, хабарласады. Осқыру, жеру, тарпу арқылы қауіп- қатерден
Өтірік өлең: Жануарлар туралы Өтірік өлең: Жануарлар туралы
Жануарлар бақшаға Жеміс жеуге келіпті. Суда өскен жүзімді, Жылқы мен есек теріпті.
40 жасқа тілек 40 жасқа тілек
40 деген көнбейтін жас құрыққа, 40 деген ұнайтын жас бар жұртқа. Қамал алған құтты болсын жасыңыз, Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Төлдердің атаулары Төлдердің атаулары
Түйе – бота Жылқы – құлын Сиыр, қодас – бұзау Қой – қозы
Көшпелі құм Көшпелі құм
Көк шапан жамылмаған тал - ағаштан Құм өзі аумайды екен жалаңаштан. Жабайы жылқы ма екен Жігіт желге Жалынын сипатпай бір ала қашқан? 1
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×