ойын сауық отауы
Жылқы қасиетті мал
19.02.2020 3 342 0 Admin

Жылқы қасиетті мал

Бұл қызықты
Жылқының қасиеті
Жылқы − ерекше есті мал. Олар оқырану, кісінеу арқылы бір - бірін шақырады, жақын тартады, хабарласады. Осқыру, жеру, тарпу арқылы қауіп - қатерден сақтандырады, қарсыластарына айбар көрсетеді. Қасыну, иіскеу арқылы туыстық қатынастарын, үйірлік жақындықтарын анықтап, өзара танысады, түсініседі, жақындасып достасады. Құлағын жымыру, мойнын жерге салу арқылы бір - біріне сес көрсетеді, бір - бірін қайырады. Тебу, тістеу арқылы қарсыластары мен ұнатпағандарына соққы береді. Баққан иелеріне иіскеу, оқырану арқылы жақындық білдіреді, шоқтығын, кекілін үйкеп еркелейді. Иесінің шақырған бұйрығын қабылдап жанына келеді. Айдаса жүреді, қайтарса қайтады, мініп алып желдірсе желеді, шаптырса шабады, тоқтаса тоқтайды. Тіпті жат десе жатып, тұр десе тұрады. Шөлдегенін, қарны ашқанын иесіне кісінеу, оқырану арқылы білдіреді. Өте зеректері иесінен басқа адамға ұстатпайды, иесінен басқа адамға мінгізбейді.
Жылқы баққан иесінің мінез - құлқын, даусын, бұйрығын мүлтіксіз түсінеді. Боқтағанын, ашуланғанын өзін ұстап алса ұратынын сезіп ұстатпай қашады. Жақсы көргенін, еркелеткенін дауыс ырғағынан байқап иесіне жақындайды. Шақыру, айдау, бұйрық, демеу сөздерін қабылдай алады. Мысалы, «моһ - моһ, құру - құру», «тәк - тәк» десе тоқтайды. «Жиылыңдар» деген райда қиқуласа өрістегі жылқылар жиылады. Тіпті, әйгілі жүйрік аттар айғай, дүбір шықса немесе өзі бәйгеге салған рудың аты естілсе елеуреп, бәйгеге түссе үдей шабады.
Жылқының мейір - махаббаты күшті болады. Биелер құлыны ауырып қалса маңайынан ұзап кетпейді. Бір айлық жерге апарып тастаса да құлыны үшін бірнеше күнде қайтып келеді. Айғырлар қасқыр тиіссе үйірін шоқтай ғып иіріп, қасқырға айбар көрсетіп қорғайды. Сырттан үйіріне ұрғашы жылқы келсе қосып алып, еркек жылқы келсе жолатпай сауырлап қуып салады.
Жылқы туыстық, қандастық қатынасты бұзбайды. Айғырлар өз үйірінен туған қандастық туыстығы бар биелерге шаппайды. Жылқыда кектену, өшігу сезімі болады. Ұрған, қинаған адамды тістейді, тебеді немесе ұстатпай қашады. Осқырып, адыраңдап, қарсылық білдіреді. Жылқының қызғану сезімі де өте күшті болады. Айғырлар өз үйіріне еркек мал жолатпаса, әдеттегі жылқылар да өзінің дара шөп жеп, су ішіп тұрған жеріне басқа малдарды жолатпай теуіп, тістеп қуып жібереді. Жылқы әр түрлі қауіп - қатерлер мен табиғат апатын да алдын ала сезіп, хабар бере алады. Мысалы, жер сілкінер кезде жылқы шұрқырап кісінейді, алдында қауіпті жағдай бар болса, осқырып жүрмей қояды. Қыс қатты болатын жылы биелер ерте құлын тастап, өздерін қорғай бастайды. Қысы жылы жаққа қарай қашады. Жылқы өте жершіл болады. Кейбір жылқылар туған жеріне неше айлық жерден қашып келеді. Ал қашып келе алмағандары ес - ақылынан айырылып, жүдеп өліп қалатындары да болады.
Жақсы ат иесі жығылса қасында тұрады. Жақсы айғыр үйірін ұрыдан, ит - құстан қорғап, алдырмайды. Тіпті, кейбір айғырлар бөлек ниетті ат үстіндегі адамдарды алдыңғы екі аяғымен тарпып аттан жығады. Жылқы үйірсек келеді. Бір айғырдың үйірі бірыңғай тобын жазбай жүреді, басқа үйірлерге қосылмайды. Жылқы көбінше жусайды, көп ұйықтамайды, мүлгиді, көп оттайды, аз жусайды, шөптің шүйгінін таңдап жейді. Жылқы өте қағылез, сергек, таза жануар, өз тезегіне өзі қалай болса солай аунап жатпайды.
Қазақ халқы жылқының осындай қасиеттерін және басқа да жасырын ерекшеліктерін жетік меңгергендіктен жылқыны өте ерте замандардан - ақ қолға үйретіп бағып - баптап, оларды өз қажеттеріне толық пайдалана білген.
Жылқы адамзат тұрмысы мен өндірісіне біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан аса ұзақ тарихқа және тамаша экономикалық өнімділікке ие жануар. Жесе тамақ, ішсе сусын, кисе киім, мінсе көлік және өндіріс құралы болған. Сән - салтанат, ойын - сауық, сондай - ақ ұлттық дене тәрбие қимылдары да жылқысыз өтпейді, жылқысыз сәні келмейді, кемдігі толмайды.
Қазіргі ғылым - техниканың қарыштап дамуы, адамдардың тұрмыс өресінің күн сайын жоғарылауымен, қоғамның жылқы өнімдеріне болған сұранысы күн сайын артып, бүкіл дүние жүзі назар аударып отырған өте бағалы экономикалық құнға ие мал түлігіне айналып отыр. Қазақ халқы өзінің басып өткен ұзақ тарихында жылқы өсірудің ғылыми амалдарын ашқан болса да, заман жылжып өткен сайын ұлтымыздың асыл қазынасы, ақыл - парасаттың иесі тарихи қатпарында көмескі қалып, өзімізге жат болып барады. Әуелі, десеңіз басқалар жағынан пайдаланылып бара жатқан жәйін көріп те жүрміз. Осы бір келелі жұмысты көзде ұстай отырып, қазақ халқының тарихи, әлеуметтік өміріндегі маңызды шаруашылықтың бірі, сахара мәдениетінің бір мақтанышы болған жылқы түлігінің тарихтағы орны, ерекше естілігі мен қасиеттерін дәріптеудегі мақсатымыз мұнан кейінгі зерттермендеріміз бен жас ұрпақтарымыздың пайдалануға аза да болса септігі тиер деген ойдың жетегінде осы мақаланы қалың оқырмандарға ұсынып отырмын.
Жұман Әмірбайұлы

Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Жан иелері ләззаттанып, өмірдің рақатын көру үшін бұл әлемде де бірігеді. Бұл – материалдық бірігу. Рухани әлемде кішкентай жандар Жоғары Рух арқылы
Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы онлайн білуге болады? Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы
Мұнда сіз өзіңіздің салық берешегін біле аласыз, Көлік, жылжымайтын мүлік, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру
Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін
Бір - ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін: маңайымды, тіпті анау жыңғыл гүлін сен арқылы ораймын жылылыққа, сен арқылы сіңіріп күннің нұрын.
Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон
Жаңа оқу жылынан бастап ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады.
Сөмке де сыр ашады Сөмке де сыр ашады
Сөмке арулардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын бұйым болып саналатынына ешкім таласпас. Қай жерге барса да қолдан түспейтін сөмке
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×