ойын сауық отауы
Иттің пайда болуы туралы аңыз
22.09.2020 2 540 0 Admin

Иттің пайда болуы туралы аңыз

Бұл қызықты
Иттің пайда болуы
Алла Тағала адамның тәнін топырақтан жаратарда Әзірейілді жұмсап, «Жердің бетінен әртүрлі топырақ алып кел» дейді. Періште ұшып жүріп, жер бетінен топырақ таңдайды. Ол тән балшығын әртүрлі топырақтан таңдапты. Құдай балшықты күнге кептіріп, оған жан енгізіпті. Адам орнынан тұрып, өмір тірлігін бастапты. Жасаған балшықтан илеп, адам мүсінін жасағанда, оның кіндігінен алынған бір шөкім балшықтан итті жаратқан екен. Иттің үнемі адамнан айрылмай, қайда барса да, иесінің мал - мүлкін қорып, адамға серік болып жүретін себебі сол екен.
Ит, жылқы, қыран неге адамға дос?
Адам ата, Хауа ана, Ібіліс, тауыс және жылан жұмақтан қуылады. Адам ата Үндістандағы Сарандиб тауына, Хауа ана Арабиядағы Жиддә тауына түсті. Ібілісті Басраға түсіреді. Иракта бүлік оқиғалар көп болатыны содан екен. Жылан Исфаханға, тауыс құсы Иеменге түседі.
Адам ата жерге түскенде Ібіліс барлық аң - құстарға, жан - жануарларға:
- Жерге Адам келді. Ол сендерді жояды. Оны өлтіріңдер, - деді. Аңдар жиналып, Адамды өлтірмекші болады. Құстар келіп, Адамның басын шұқиды. Адам ата Алладан жәрдем сұрайды. Жебірейіл:
- Мына үш жануардың басынан сипасаң, саған қияметке дейін қызмет етеді, сені қорғайды, - дейді. Олар ит, жылқы, қыран құс екен. Қыран құстардан, ит аңдардан қорғапты. Ал жылқы малы Адамның мінсе көлігі, ұшса қанаты, жесе азығы, ішсе сусыны, кисе киімі, ауырса дәрісі болыпты.
Иттің ырыздығы
Ертеде бидайдың дәні сабағының түбінен бастап ұшар басына дейін салған екен. Молшылық жылдары ел - жұрт астықты аяқ асты етіпті. Бір әйел дәрет сындырған баласының құйрығын бидайдың масағымен сүртеді. Оның надандық әрекетіне қаһарланған Алла елге жұт жіберді. Бидайдың масағы кетіп, сабаны қалды. Астың кепиеті атып, адамдар ашаршылыққа ұшырады. Сол кезде ит ұлып:
– Иә, Алла менің несібемді қалдыр, – деді. Әділетті Алла итке жаны ашып:
– Болсын! – деді де, бидайдың басына кішкене масақ бітірді. Халық иттің несібесін бөлісіп жеп, жұттан аман қалды. Ит содан бастап жеті қазынаға кірді. Осы жұттан соң, бидай дәні сабақтың ұшар басына ғана бітетін болыпты. «Иттің ырыздығы» деген сөз осыдан қалыпты.
Балаға ит көйлек кигізу
Дүние есігін ашқан сәбиге ең алғаш тігісін сыртына қаратып, киім тігіп кигізеді. Бұл киімнің атын «ит көйлек» немесе «ит жейде» деп атаған. Киімнің бұлай аталуы жайында мынадай қызық аңыз бар.
Тәңірі тағала адамның мүсінін жасағанда, оның кіндігінен алынған бір шөкім балшықтан итті жаратады. Иттің үнемі адамнан айырылмай, қайда барса да, иесінің мал - мүлкін қорып, адамға серік болып жүретін себебі сол екен. Кіндік балшығынан жаралған соң, алғашында оның терісі түксіз, жалаңаш болыпты.
Адам ата жаралған соң, оны қырық күн, қырық түн ит күзетіпті. Ібіліс Адамға жақын келіп:
– Алла сені несіне жаратқан?! Түрің құрысын! – деп, Адамның бетіне түкіріп жібереді. Сол сәтте ит Адамды қорғап, Ібіліске тап береді. Ібіліс итке ашуланып, қаһарын төгеді. Ібілістің қаһары асып түсіп, ит тоңып өледі.
Алла тағала иттің ерлігіне риза болып, оны қайта тірілтіп, денесін жүні қалың терімен қаптайды. Адамның шаңырағынан мекен береді. Ал Ібіліс Адам бетіне түкіргендіктен, адам әр түрлі кеселге шалдығатын болыпты.
Ит Адам ата мен Хауа ана жер бетіне түскен кезде де алғаш рет соларға сенімді серік болыпты. Оларды бәле - жаладан, қауіп - қатерден құтқарып, қорған болған екен.
Жаңа туған баланы да пәле - жәледен қорғасын деп ит көйлек кигізіп ырымдау содан қалыпты. Ит көйлекті бала қырқынан шыққанша кигізеді. Оны шыт, сиса, бәтес, бөз сияқты жұмсақ маталардан жасайды. Тысын сыртына қаратып, шетін бүкпей пішеді. Жағасын ойып, өңіріне баланың басын сыятындай етіп тік тілік жасайды.
Баланы қырқынан шығарғасын ит көйлекті далаға тастамайды. Дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып, өзімен бірге ала жүрген. Себебі, «көйлек қауіп - қатерден, пәле - жаладан сақтайды» деп ырымдаған. Баласы жоқ әйелдерге ит көйлекті ырым етіп береді.

Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді.
Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Адамға қатысты ырым - тыйымдар Адамға қатысты ырым - тыйымдар
Кісіге қарап есінеме Есеп бер әр ісіңе, білу керек түсіне. Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге. Ондай - ондай баланы, ақыл - есі шамалы
Адам туралы мақал - мәтелдер Адам туралы мақал - мәтелдер
Адам адаммен, жер сумен.
Мақал мәтелдер. Ит – жеті қазынаның бірі Мақал мәтелдер. Ит – жеті қазынаның бірі
Қазаннан қақпақ кетсе, Иттен ұят кетеді.
Бәйшешек - көктем жаршысы Бәйшешек - көктем жаршысы
Бәйшешек – өте әдемі көктемгі гүл, бәйшешекті «көктем жаршысы» деп те атайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×