ойын сауық отауы
Естімеген елде көп
27.02.2021 1 333 0 Admin

Естімеген елде көп

Бұл қызықты
Зерделі зерттеу
Естімеген елде көп
Гленн Макдональд
Заманауи технологиялар арқасында біз дүние салғандарды еш ұмытпақ емеспіз. Технологиялар ғасырында, бұл тұрғыда, таңдау мүмкіндігі көп болмақ.
Тарихқа үңілсек, адамдар өмірден өткендерді есте сақтаудың түрлі жолдарын ойлап табумен келгенін көреміз: Мысыр пирамидалары, Еуропаның готикалық кесенелері, Үндістандағы Тәж - Махал… Жақындарын жоқтағандар мәнді санаған дүниені өзгелері сұмдық көрген. «Өлім суреті», яғни марқұммен бірге соңғы рет суретке түскен ХІХ ғасырдың Еуропасы мен Америкасын ешкім ұмыта қоймас; көкте жерлеу немесе bya gtor (құстарға берілген садақа) тибеттік буддистер рәсімі бойынша мәйіт қалдықтары құзғынға жем ретінде далаға тасталады.
Өлілерді сыйлау ұғымының қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді: мәдениет, салт - дәстүр, география, дін. Марқұм болғандарды есте сақтаудың мүмкіндіктерін сол заманның қолжетімді әдіс - технологиялары анықтайды.
Өлім мен технологияның өзара тығыз байланысы бұрыннан бар. Ғылым мен технологияның өмір үшін маңыздылығын жазып жүрген өз басым бұл саладағы инновацияны – әлеуметтік желілердегі сандық ескерткіштер, табиғатпен үйлесімді жерлеу мүмкіндіктері, тіпті, интерактивтік мазартас туралы да біліп жүрмін.
Солардың ішінен данышпандық оғаштығына сөзім жоқ біреуін айрықша атап өтер едім. Индустриалдық машина жасау саласындағы жетістіктердің арқасында алып геологиялық күштерді синтетикалық тұрғыдан қайталай алатын деңгейге жетіп, мәйітімізді кәдімгі гауһартасқа айналдыра алатын шаққа келдік.
Дүниежүзі бойынша бұл туралы хабардар бірнеше компания ғана қалтасы көтеретін отбасыларға өз туыстарын мәңгі есте сақтау қызметін ұсынады. Сондай компаниялардың бірі – швейцариялық «Алгорданза».
Жоғары технологиялық ауыр өнеркәсіп машиналарының көмегімен инженерлер адам күлінің көміртегін физикалық және химиялық түрде табиғи жауһарға ұқсас гауһартасқа айналдырады. Табиғатта жүздеген миллион жылдарға созылатын геологиялық процесті қазір бірнеше апта ішінде жүзеге асыруға болады. Оның іске асу принципі мынадай: өртегеннен кейін марқұмның отбасы мәйіттің 500 грамм күлін Швейцариядағы «Алгорданза» зертханасына тапсырады. Ғалымдар таза көміртегі элементтерін алып, басқа қоспаларды бөліп тастау үшін күлді өңдеуден өткізеді.
Келесі қадамда күл графитке, яғни атомдары тығыз жалпақ жапырақтарға оралған көміртегінің тұрақты аллотропына айналдырылады. Артынша көміртегі бірталай уақытқа «Жоғары қысым мен жоғары температура (ЖҚЖТ)» машиналарына салынады. Температура 1300 °С деңгейіне дейін көтеріледі. Кейін қысым процесі орындалады. ЖҚЖТ машинаның ішінде кубтық жанышқыш жүйе 60 мың бар қысым күшімен езу арқылы графиттің молекулярлық құрылымын өзгертіп, көміртегіні атомдық деңгейіне дейін бір - бірінен айнымайтын саф гауһарға айналдырады. Оны жылтырайтындай өңдетіп не шикі күйінде сақтауға болады.
Күлді қабылдап алудан бастап гауһартасқа айналдыруға дейінгі процесс, әдетте, бес не сегіз айға дейін созылады. 34 елде өкілдері бар компания жылына шамамен 1000 естелік гауһартас жасап шығарады. Ал қызметтің бағасы шамамен 3000 АҚШ долларынан басталады.
Қалтасы көтермейтіндер үшін мұндай ақы қолжетімсіз болуы мүмкін.
Қуанышымызға орай, осы шағын нарыққа тағы бір компания кірді. Бас кеңсесі Барселонада орналасқан, испандық стартап Bios Urn компаниясы құны әлдеқайда қолжетімді хай - тек естелік қызметін ұсынады.
Смартфон қосымшасы мен мәйіт күлін салатын интерактивтік сауыт арқылы Bios қайғырған отбасыға дүние салған туыстарын үйде өсіретін ағашқа айналдыруға мүмкіндік береді. Ішінде күлі бар капсула өсімдік отыр¬ғызылатын құмыраға салынады. Өсімдік өскен сайын, тамыры жайылып, күлге жетеді, ал Bios Incube автоматты түрде естелікке су құйып, баптап, қажетті ақпарды смартфонға жібереді.
Компания екі нұсқа ұсынады. Бірі – 145 долларлық қарапайым биоыдырамалы сауыт пен құмыра болса, екіншісі – одан қымбаттау, сенсорлар мен бағдарламалық жасақтаманы қамтитын 700 долларды құрайтын естелік өнімі.
Канди K. Канн заманауи жоқтаудың әлемдегі көшбасшы сарапшыларының бірі. Ол Техас штатындағы Бэйлор университетінде салыстырмалы дінтанудан дәріс береді және «Виртуалдық ақырет: ХІХ ғасырдағы жоқтау» кітабының авторы. Оның айтуынша, гауһартас пен смарт - сауыт – жоқтау дәстүрінің заманауи түрі. Екеуі де үзілмейтін байланыстың физио¬логиялық концептісіне сүйенеді.
«Мұндағы идея әкеңді екі метр тереңге тапсырып, қол үзгенше қандай да бір қалыпта жаныңда сақтаған әлдеқайда жақсы дегеннен шығады. «Бұл өлген адамды ұмытып кетпеуге мүмкіндік береді», – дейді Канн.
Егер тақырыпқа тереңірек үңілгіңіз келсе, Канн викториандық аза тұту әшекейін еске түсіруді ұсынады. «Қайғырған адам қайтыс болған туысының шашын алып, оны тағып жүруге болатын функционалдық әшекейге айналдырады», – дейді ол.
Канн, негізінен, мұндай әшекейлер бүгінгінің асылтас не интерактивтік сауыты немесе кешегі күннің өлген адамды суретке түсіруімен бірдей функция атқаратынын айтады. Әңгіме ажал мен өлімді ұштастыратын өз дәуірлерінің технологияларын пайдаланған адамдар туралы болып отыр. Римдіктер мен парсылар солай істеген. Маялықтар да қалыс қалған жоқ. Біз мұны жұп - жұқа микрочип пен алып машиналардың көмегімен жасап жатырмыз. Технологиялар өзгергенімен адам болмысы сол күйі қалмақ.
Әзірге, өз басыма, ағашқа айналу нұсқасы ұнап тұр. Ал, асылтасқа айналу үшін машина қысымына шыдау керек…

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе? Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе?
Ақырет күні садақа сая болып, пендені тозақ отынан арашалайды; Садақа Алланың ашуын жəне қабірдің ыстығын қайтарады;
Сізге қандай иіс ұнайды? Сізге қандай иіс ұнайды?
Адамның көңіл - күйіне кейбір өсімдіктердің иісі тікелей әсер етеді. Айталық, жаңадан шабылған шөп иісінің жан сергітетінін жұрт біледі. Ол сондай -
Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы
Алғашқы науқастар Францияда 1918 жылдың сәуірінде пайда болғанына қарамастан, тұмаудың өз атауын Испания еуропалық елдердің бірінші болып аурудың
Халық туралы мақал - мәтелдер Халық туралы мақал - мәтелдер
Халық туралы мақал - мәтелдер Халық сөзі қаһарлы Аты — алаш, керегесі — ағаш. Естімеген елде көп, Есек мінген сартта көп.
Болашақта қажетсіз болып қалатын 5 мамандық түрі Болашақта қажетсіз болып қалатын 5 мамандық түрі
Болашақта, көптеген қызмет көрсету орындарындағы адамдарды роботтар да алмастыруы мүмкін. Бұған дәлел, Дубайда ХҚКО мамандардың жұмысын арнайы
Тірі адамдар өлмесін Тірі адамдар өлмесін
Өлім, өлім, өлім деп, Неғыламыз күрсініп. Өлген адам көмілмек, Тірі адамға - тіршілік.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×