ойын сауық отауы
Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе?
06.01.2021 6 020 1 Admin

Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе?

Бұл қызықты
Садақаның пайдасы жайлы білесіз бе?
1. Садақа – жəннəттің бір есігі;
2. Садақа – игі істердің төресі. Ал ең жақсы садақа – аш адамды тамақтандыру;
3. Ақырет күні садақа сая болып, пендені тозақ отынан арашалайды;
4. Садақа Алланың ашуын жəне қабірдің ыстығын қайтарады;
5. Марқұм үшін бұ дүниеден жетер ең керемет сыйлық – садақа. Алла Тағала садақа үшін сауапты еселеп береді;
6. Садақа – ізгі амалдарды көбейтіп, жан тазаруына септігін тигізеді;
7. Садақа ақырет күні садақа берушінің жүзіне бақыт сыйлайды;
8. Садақа – Ақырет күні жан тыныштығының себебі əрі өткен күнге өкінішті жоюшы;
9. Садақа – күнəнің кешірілуіне жəне өткен күнгі қателіктердің өтемі;
10. Садақа беруші жанның өлімі жеңіл болады жəне Періштелердің дұғасына лайықты болады;
11. Садақа беруші адам да, оның жақын адамдары да сауапқа кенеледі;
12. Алла Тағала садақа беруші адамға көптеген сауап уәде еткен;
13. Ақшасын садақаға жұмсайтын адам ізгі адамдар қатарынан болады, көпшіліктің махаббатына бөленеді;
14. Садақа – мейірімділік пен ізгілік белгісі;
15. Садақа берушінің дұғасы қабыл болады. Алла Тағала ол адамнан ауырпашылықты алыстатады;
16. Садақа бұ дүниедегі жамандық атаулының 70 есігінің жабылуына себеп;
17. Садақа өмірдің ұзаруына, дəулеттің көбеюіне септігін тигізеді. Əрі садақа берушінің бұл дүниедегі дәрежесін асырады;
18. Садақа – дертке шипа əрі дауа;
19. Садақа садақа берушіні көптеген жамандықтан сақтайды: ұрлық, ауыр өлім, күйік шалу, суға бату жəне т. б;
20. Құс пен жан – жануарға берілген садақаға да сауап бар;
21. Садақаны шын мұқтажға берген жақсы;
22. Мешітке садақа берсеңіз, Алланың үйінің кем - кетігін бүтіндегендей боласыз;
23: Жетім - жесірге садақа беріп, жақсылық жасасаңыз, олардың басындағы шаштарындай сауап аласыз;
24. Медресе шəкірттеріне садақа берсеңіз, білімге жол ашқандай сауап болады;
 25. Бір жақсылық жасасаңыз, Алла он жақсылық жазады осыны ұмытпаңыз.
Бұл деректі көпшілікпен бөліссеңіз де сауапты болады. “Білген біліміңмен бөліспесең, білгеніңнен не пайда” деген екен. Алла Тағала садақаларыңызды қабыл етсін!

Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз
Құрбан шалу тәртібі Құрбан шалу тәртібі
2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді.
Құрбандыққа шалынатын малдың алдында селфиге түспеуге дін өкілдері кеңес берді Құрбандыққа шалынатын малдың алдында селфиге
"Бас мүфтиіміз Құрбан айт қарсаңында құрбандыққа шалынып жатқан малдың алдында селфиге түсіп, мұсылманға жат әрекетке бармауды айтты.
Садақа берудің ең оңай тәсілі. Садақа берудің ең оңай тәсілі.
Кейде қанша жақсылық жасағымыз келсе де, қалтамыздан ақша шығарып, өзгелерге садақа беруге мүмкіндік тумай жатады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?
Қазақ азаматы Қазақ азаматы
Біреуіне - сен Тәңірім деп табынад, Біреуіне - мен құлың деп бағынад. Біреуіне - садақа бер деп жалынад, Біреуіне - құйрық болып тағылад.
Қадір түні Қадір түні
Шілденің 1 - нен 2 - не қараған түн – Қадір түні. Бұл түнді құлшылықпен, Аллаға жалбарынып, дұғамен өткізу қажет. Пітір садақаны Рамазан айы
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Илька
#1 Илька Қонақ 11 қаңтар 2021 17:36
тамаша, рахмет!
×