ойын сауық отауы
Дәрет алып, таза жүр
01.01.2022 797 0 Admin

Дәрет алып, таза жүр

Бұл қызықты
Салт - дәстүр сөйлейді
Дәрет алып, таза жүр
Мұхамбет пайғамбар үнемі дәрет алып, таза жүруді насихаттаған. Дәретсіз адамға жын - пері, шайтан үйір болады. Ол туралы пайғамбар өзінің хадисінде: «Адам баласының көзі ілінген заманда, шайтан оның желкесіне үш түйін байлайды. Сол арқылы адам баласы ұйықтап кететін көрінеді. Ұйқыдан оянған кісі Алла тағаланың есімін аузына алып, «біссімілдә» деп орнынан тұрса, бір түйіні шешіледі, дәрет алып, тазарған кезде, екінші түйіні шешіледі. Намаз оқығанда үшінші түйіні де шешіледі. Адам баласы сонда ғана басқаларға мейірімді болады, әрі серпіліп сергек жүреді, жолы да ашылады, ісі де оңға басады. Бұл үшеуінің біреуін де орындамаған адамның жолы бітеледі. Денесі салданып, ауыр тартып тұрады. Басқаларға мейірімі де болмайды. Қайда барса кедергіге ұшырайды», – деген екен.
Қазақтың таза жүрмесең, бар жақсылықтың есігі жабылады. Басыңдағы бақ құсың ұшады. Дәретсіз адамнан қара жер де жиренеді. Күн көзі де жатырқайды. Жатқанда да, тұрғанда да, жүргенде де таза жүрген адамның әр басқан ізінен нұр қалады деуі тектен - текке айтылмаған. 

***
«Ахуал қиямет» кітабын жазып, халық арасына таратқан Шәді Жәңгірұлы үнемі елді имандылыққа, адамгершілікке шақырып отыратын кісі екен. Шайыр Шаяндағы Аппақ ишан медресесінде он екі пән ілімінен дәріс алған ғұлама жан болыпты. Ол шәкірттеріне:
– Барлық жақсылық тазалықтан басталады. Дәреті толық, таза жүрген адамға бәле жоламайды. Періштелер жолдасы болып, жүрегінде нұры тасып жүреді. Кемелдік қасиет те ондай адамға тез қонады. Нас адам көрде де тыныш жата алмайды. Сондықтан шамаларың келгенше, дәрет алып жүріңдер, – деп ақыл айтады екен. Арасында «Ахуал қиямет» қолжазбасынан таза жүруге қатысты шумақтарды оқып береді. Ол мыналар: 
Мәләк айтар: жалған емес бұл айтқаның, 
Айтайын осы еді ғой күнәң сенің, 
Көр азап ақиқатта сідіктен - дүр, 
Жүрмеді таза болып ағзаларың.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Ібілістің балалары Ібілістің балалары
Тәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көрді.
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз
Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету — анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын
Дəретпен жүрудің пайдалары Дəретпен жүрудің пайдалары
Бір мүмин дәрет алу ниетімен бетін жуған кезде көзімен істеген күнәларының барлығы сумен бірге төгіледі. Қолдарын жуған кезде қолдарымен істеген
Жол туралы ырым-тыйымдар Жол туралы ырым-тыйымдар
Басып кетпе кір суын, тигізер ол қырсығын. Жарылады табаның, сырқырайды ұршығың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×