ойын сауық отауы
Ібілістің балалары
10.10.2021 1 288 0 Admin

Ібілістің балалары

Аңыздар
Салт - дәстүр сөйлейді
Ібілістің балалары
Тәңірі тағала Адамды топырақтан жаратып, барлық мақұлыққа орынбасарын тамашалауды бұйырды. Періштелер жиналып, Адамды айналып қарап көрді. Сол кезде Ібіліс лып етіп Адамның мұрнынан кіріп, оның бүкіл дене мүшесін, ағзасын, қан тамырларын аралап шығады да, үш баласын Адамның үш жеріне орналастырады.
Бірінші баласын Адамның өңешіне жайғастырып:
– Сен көмейде отыр! Адам сөйлегенде сөзінің арасына анайы сөздер салып тұр! Сенің әсеріңнен жағынан жаңылып, басы бәлеге шатылатын болсын! – деп тапсырады.
Екінші баласын жүрекке орналастырып:
– Адамның жүрегіне күмән саласың! Соңғы демі үзілгенше күдіктен арылмайтын болсын! – дейді.
Үшінші баласын қуықтың басына қойыпты:
– Сен кіші дәрет алғанда бір тамшы зәрін тұтып қал! Адамдар құлшылыққа кірісіп, намазын өтеп жатқанда бір тамшы зәрді ағызып, оның дәретін бұзасың, – дейді.
Содан бастап Ібілістің үш баласы адамның үш жерінде отырып, кесірін тигізетін болыпты. Егер пенде аңдап сөйлемесе, басы дауға шатылып, тірісінде Аллаға иман келтірсе де, күмәннан айықпайтыны және намазының жиі бұзылатыны содан екен.
Сондықтан мұсылмандар дәрет алғанда тамағын терең шайып, «ғар - ғара» тартып, өңештегі шайтанды қуады. Алланың есімдерін зікір етіп, жүректегі шайтанды тоқпақтайды. Дәрет алғанда таһараты кәміл болмай, намазға тұрмайды.
Екінші бір аңызда Ібіліс періште сипатында келіп, Адам мен Хауаға бір қоржын беріп кетеді. Ол кезде Адам ата мен Хауа ана әлі еш нәрсенің байыбын білмейді екен. Қоржында ашып қалса, лып етіп балық шығады.
– Е, мынау балық екен ғой. Суға жіберейік! – дейді де, суға жібереді. Қоржынға тағы қолын салып қалғанда саусақтары күйіп қалады. Онда шоқ жатыр екен.
– Мынау шоқты не үшін салған? Отқа тастамай ма? – деп, оны күлге лақтырып жібереді.
Қоржында тағы бір зат қомпиып жатады. Қараса, ет екен.
– Еее, бізге азық жіберген екен ғой, – деп оны жеп қояды.
Қоржындағы үш зат Ібілістің балалары екен. Кейін Ібіліс балаларын шақырып алып:
– Үшеуің жайлы жерге орналастыңдар! – дейді шаттанып.
Балыққа ұқсайтын ұлына:
– Сен суға келген адамды азғыр! – дейді.
Шоққа ұқсайтын екінші баласына:
– Кім күлді басса, соны тура жолдан тайдыр! – дейді.
Етке ұқсайтын кенжесіне қарап:
– Ең жақсы жерге жайғасқан сенсің. Адамның ішінде отырып, оны азғырасың, – депті.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жезөкше атауы Жезөкше атауы
Ібілістің о баста өкшесі болған екен. Ібіліс қарғыс қамытын киген соң, ерлі - зайыптылардың арасына от салып, араздастырып, ажыратып жіберуді кәсіп
Жақсы есім таңдау Жақсы есім таңдау
Адам ата мен Хауа анаға Жаппар Хақ бір бала беріпті. Екеуі кей кездері балаға таласып қалады екен. Бірі: – Менің балам, – десе, бірі: – Менікі, –
Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Иттің пайда болуы туралы аңыз Иттің пайда болуы туралы аңыз
Алла Тағала адамның тәнін топырақтан жаратарда Әзірейілді жұмсап, «Жердің бетінен әртүрлі топырақ алып кел» дейді. Періште ұшып жүріп, жер бетінен
Қалай келсең солай кет… Қалай келсең солай кет…
Бір күні көршінің үйінен келген апамыз үйге күрсіне кіріп, атамызға: «Әбден бекіп алыпты, кеткелі жатыр!», деді. Атам біраз отырды да асықпай
Егіннің бастары Егіннің бастары
Ахмет Байтұрсынов Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрлі - берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×