ойын сауық отауы
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер
27.09.2015 14 720 0 Жайна

Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер

Мақал-мәтелдер
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер

Ерлі - қатынның ортасына
Есі кеткен отырар.

Ерлі - зайып – қоз өгіз.

Ерлі - қатын ұрысар да керісер,
Керісер де келісер.

Көңілсізден көзсіз бала туар.

Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу.

Өзің сүйгенді алғанша
Өзіңді сүйгенді ал.

Екі жарты – бір бүтін.

Ерлі - қатын тату болса
Шырағы жанар,
Ерлі - қатын араз болса
Өмірден көңлі қалар.

Басы қаралының,
Көңілі жаралы.

Ата - анадан жар жақын,
Туысқаннан мал жақын.

Өз жарыңды жаттай күт,
Жат көрсін де түңілсін.
Бір - біріңді қадір тұт.
Жұрт үлгі алсын, үңілсін.

Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне.

Жақсы әйел, жаман еркекті түзетер.

Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше өш болады.

Жас жалтаңға қашар,
Кәрі қалыңға қашар.

Атаңа не қылсаң
Алдыңа сол келер.

Ата балаға сыншы.

Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі,
Балаңды жұрт мақтаса
Бәрінен де сол сүйгі.

Ата баласының ат меңіндей
Белгісі болады.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Ілгері басатын жасты,
Кері тартқан кәрі қайтарады..

Үлкен бастар,
Кіші қостар.

Ата баласы азарында – асық ойнайды.

Өзіңді көрген өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.

Атадан бала туар,
Атасының жолын қуар.

Әкесі құрдастың, баласы құрдас.

Жас – кәрінің көзі
Кәрі – жастың тезі.

Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әрі үйлі жанға ортақ.

Әкенің жақсылығы жездедей - ақ.

Бала атадан батпан артық туады.

Жаман да болса ұрпақ қалсын –
Өз орнында отың жансын.

Өз қолыңда болмаса әкең де жат.

Баланың ұяты әкеге,
Қыз ұяты шешеге.

Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.

Екі баланың ортасындағы
Бір шал бала болады;
Екі шалдың ортасындағы
Бір бала – дана болады.

Мағыналы сөздер Мағыналы сөздер
1. Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 2. Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі. 3. Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
Біле жүріңіз! Біле жүріңіз!
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас.
Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер
Өз жұрттың - күншіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайын жұрттың міншіл келеді.
Бала туралы мақал - мәтелдер Бала туралы мақал - мәтелдер
Адам болар ұлыңның арқа - басы кең келер. Ана болар қызыңның ақыл - есі тең келер.
Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2 Үй – іші, отбасы туралы мақал-мәтелдер №2
Қатыны өлген Қызды ауылға қарап жылайды.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×