ойын сауық отауы
Мақал  мәтелдер (Алғыс, бата - тілек жайында)
20.03.2017 12 514 0 Дауыл

Мақал мәтелдер (Алғыс, бата - тілек жайында)

Мақал-мәтелдер
Қазақ мақал мәтелдері
Алғыс, бата - тілек жайында мақал - мәтелдер
Алғыс алған шеккі емес,
Қарғыс алған көктемес.

Біреудің баспағына өлім тілесең,
Өзіңнің өгізің өледі.

Жаман болса да –
Аман болсын.

Қыз – мінезді келсін,
Ұл – өнерлі келсін.

Ақылың ассын,
Ықыласың тассын.

Жаман да болса, ұрпақ қалсын,
Өз орныңда отың жансын.

Құдай ошақтың үш бұтынан берсін.

Қалыңға құсың түспесін,
Жаманға ісің түспесін.

Ас ішсең, атауыңды іш,
Ауырсаң, мұрттай ұш.

Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.

Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма.

Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.

Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.

Сиырға су көрсетпе,
Жаманға сый көрсетпе.

Есікті керме,
Табалдырықты баспа.

Ақты төкпе,
Асты теппе.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Есік көргенді алма,
Бесік көргенді ал.

Біреудің қолымен от көсеме.

«Атамдатсаң» - атамдат,
«Ботамдатпа», құдайым.

Жамбасқа – тісім,
Құдайға тілім тиген жоқ.

Бастарыңнан – ой,
Төрлеріңнен той кетпесін.

Малыңнан – құрық,
Басыңнан сырық кетпесін.

Ұлың өссе – ұлығың,
Қызың өссе – қылығың,
Қыз ұзатып, келін кеп,
Бола берсін қызығың.

Дастарханда нан болсын,
Нанды жейтін жан болсын.

Көп қылсын, көл қылсын,
Түгесілмейтін мол қылсын.

Қақпаның қанды болсын,
Мылтығың майлы болсын.

Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.

Ақылың ассын,
Ырысың тассын.

Алдыңнан артың биік болсын,
Алдыңнан артың озық болсын.

Күннің шуақты болсын,
Көңілің суатты болсын.
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің келісті болсын.

Жолыңа жуа бітсін,
Сөзіңе дуа бітсін.

Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.

Жолыңа жуа шықсын.

От ана, май ана, жарылқа!

Бала берсең – сана бер,
Сана бермеген балаңды,
Қайтып өзің ала бер.

Бота алғанша,
Бата ал.
Алтын алғанша,
Алғыс ал.

Өлмесең – өмірем қат.

«Ақ» дегені – алғым,
«Қара» дегені – қарғыс.

Алғыс алған – ағарар,
Қарғыс алған – қараяр.

Алғыс алған жігіттің
Аты бәйгеден келеді.

Азын - аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын, -
Бақыт деген сол.

Аспанымыз ашық болсын,
Берекелі нәсіп болсын.
Пәле - жала қашық болсын,
Қуанышың асып толсын.

Жегенің – желкеңнен шықсын.

Көсегең көгеріп,
Көрпең ұлғаймасын.

Тілекте түп болмайды.

Қазақтың тыйым сөздері Қазақтың тыйым сөздері
Ұятсыздан аулақ жүр.
Тыйым сөздер Тыйым сөздер
Тыйым - тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі.
Бата туралы мақал - мәтелдер Бата туралы мақал - мәтелдер
Баталы құлға бақ қонар
Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер Жамандық, жаман адам туралы мақал - мәтелдер
Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе. Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).
Дастарқанға ақ бата Дастарқанға ақ бата
Бата бердім, бақ тіледім, Ақ дастарқан басына, Я, Құдайым, шын тіледім, Келсін деп менің қасыма! Көңілің көлдей болып, Көргенің түстей болып, Қыдыр
Жас отауға бата Жас отауға бата
Сезімнің пәктігін берсін, Көңілдің ақтығын берсін. Берекелі отбасыңа Сәбидің шатты үнін берсін,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×