ойын сауық отауы
Достық туралы мақал – мәтелдер №2
29.03.2017 15 412 0 Дауыл

Достық туралы мақал – мәтелдер №2

Мақал-мәтелдер
Достық туралы мақал – мәтелдер №2

Сырты жылтыр, іші бос,
Қуыршақпен болма дос!

Доссыз өмір – тұзсыз ас,
Достық құлпын байқап аш.

Досы жоқ адам –
Тұзы жоқ тағам.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Айырылмастай досыңа
Қайрылмастай сөз айтпа.

Асты көрсең, қадір тұт,
Досты көрсең, әділ тұт.

Тобылғылы шұбардан
Панасыз таудың несі артық?
Қадыр білмес туғаннан
Құныңды білер дос артық.

Аптада бір суға түспесең,
Тәніңді кір басады.
Аптада бір досыңмен сырласпасаң,
Жаныңды кір басады.

Ішерлік асың болсын,
Мінерлік атың болсын,
Істерлік ісің болсын,
Дос тұтқан кісің болсын.

Достың табанына кірген тікен,
Менің маңдайыма кірсін.

Мың дос көп,
Бір дос онан да көп.
Мың дос сырыңды шашады,
Бір дос мауқыңды басады.

Досыңа әзілді асырып айтсаң да,
Басынып айтпа.

Досты досқа қосқан – сауап,
Досты достан айырған – жауап...

Қорқақ жаудан басындырады,
Досты ашындырады.

Досы жоқ
Сырын кімге айтады?
Тыңдаушысы жоқ
Жырын кімге айтады?

Жаңа дос жаныңда жүргенде,
Ескі дос есіңде жүрсін.

Дос басқа
Дұшпан аяққа қарайды.

Алыстағы досыңа
Ат берсең де жарасар,
Үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
Хат берсең де жарасар
Ұмытса есіне салсын деп.

Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер Ақымақ, ақылсыз туралы мақал - мәтелдер
Ақымақ жауынды күні суға түсер
Достық, жолдастық туралы мақал - мәтелдер Достық, жолдастық туралы мақал - мәтелдер
Дос — ажарың, жолдас — базарың. Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
Көптік туралы мақал - мәтелдер Көптік туралы мақал - мәтелдер
Көптік туралы мақал - мәтелдер Көп қайда болса шындық сонда Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар: Бек беліңді сындырады, көп ісіңді тындырады.
Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер
Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер Құл құдасын табады Алыс жерге құда болсаң түйе - түйе ас келер. Жақын жерге құда болсаңтүйе - түйе сөз келер.
Достық туралы мақал - мәтелдер №1 Достық туралы мақал - мәтелдер №1
Асы бар қазан сүйкімді, Досы бар адам сүйкімді.
Достық туралы Достық туралы
Нағыз досы бар адам – бақытты!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×