ойын сауық отауы
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2
29.03.2017 4 514 0 Дауыл

Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №2

Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз)

Баласы бардың өңі ойнар
Балтасы бардың қолы ойнар.

Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

Бала өз несібесін ала туады.

Күндес көргеннің қызын алма.

Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.

Жалғыз баласы бардың
Шығар-шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарадай пұлы бар.

Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.

Болар бала
Бесігінде бұлқынар.
Болар құлын
Желісінде жұлқынар.

Бесіктен түскен бөпеге
Есікке дейін ен дүние.

Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.

Жастық көкке,
Кәрілік жерге қаратады.

Ұлың үйленсе – ырысың,
Қызың орын тапса – өрісің.

Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.

Бесік баласы
Бес түлейді.

Бала жетіге келгенше
Жерден таяқ жейді.

Өкпелегіш балақай
Өз сыбағасынан құр қалар.

Ағадағы мал – аспандағы мал,
Інідегі мал – ін түбіндегі мал,
Баладағы мал – даладағы мал.

Бала – қымбат,
Немере – ыстық.

Кіші баланың ұятын
Үлкен бала көтереді.

Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

Күйеу келсе қыз тұрмас,
Бесін келсе күн тұрмас.

Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.

Суды шым бөгеді,
Дауды қыз бөгейді.

Ыржық қызға – тыржық күйеу.

Қалыңдығына өкпелеген күйеу,
Қайнысына сәлем бермейді.

Қотыр қызға – қола сырға.

Төркініне келген қыз
Төрге секірер.

Қызғыш құсқа көл пана,
Жетім қызға ел пана.

Қыз кетсе – қуаныш,
Тұрақтаса – жұбаныш.

Теңін тапса – тегін бер.

Қызғаншақтың қызы
Күйеусіз қалады.

Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт,
Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

Күйеу жолдасымен,
Қыз – жасауымен.

Таза сабаның қымызын іш,
Мейірбан ананың қызын ал.

Сақау қыз
Май сұраймын деп,
Шай сұрайды.

Сұлу гүлдің сарғайып
Солар кезі болады.
Сұлу қыздың әр тайып,
Оңар кезі болады.

Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәрін қыз келтірер.

Отаулап берген қыздың
Отын, суы аз болмас.

Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер
Өз жұрттың - күншіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайын жұрттың міншіл келеді.
Ана туралы мақал - мәтелдер Ана туралы мақал - мәтелдер
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.
Ата туралы мақал - мәтелдер Ата туралы мақал - мәтелдер
Атадан алтау тусаң да басыңа түсер жалғыздық.
Бала туралы мақал - мәтелдер Бала туралы мақал - мәтелдер
Адам болар ұлыңның арқа - басы кең келер. Ана болар қызыңның ақыл - есі тең келер.
Мал туралы мақал - мәтелдер Мал туралы мақал - мәтелдер
Мал туралы мақал - мәтелдер Артық мал ақы сұрамайды Ағадағы мал - аспандағы мал, Інідегі мал - іннің ішіндегі мал, Баладағы мал - даладағы мал.
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер
Үй іші - семьяға байланысты мақал - мәтелдер
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×