ойын сауық отауы
Киім туралы жұмбақтар
04.10.2018 6 215 0 Дауыл

Киім туралы жұмбақтар

Мақал-мәтелдер
Жұмбақтар
Адамның сәнi,
Онсыз жоқ мәнi. (Киiм)

Дорбаға тығып, бас бағын,
Байлай салдым қос жағын. (Тымақ)

Қыста,
Шығарда тысқа,
Құлағы салпақ,
Құйрығы жалпақ,
Төбесi жайпақ,
Түктi маңдайы тайпақ,
Iшi мамық байпақ.
Қара орманды қаптадым,
Сөйтiп жан сақтадым. (Тымақ)

Ортасы күмбез,
Жиегiн көмкерген.
Етегi желкендей,
Киiм едi ол нендей? (Кимешек)

Әкем ақ тауын,
Ақ шарбымен орады. (Сәлде)

Әшекейлi күбiнi,
Үюлi тұрған шөмеле,
Кигiздiм биiк төбеге. (Сәукеле)

Сырт жағына зер жiппен,
Көз тартатын көрiкпен.
Ою - өрнек бастырған,
Шалқасынан тастаған,
Кәдiмгi сырлы тостаған,
Қойсаң егер төңкерiп,
Төңiрегiн көмкерiп,
Тостағандай бос тұрған,
Киiз үйден аумайды,
Басқұрмен бастырған. (Тақия)

Iшi – егiс,
Сырты – тегiс. (Тон)

Аузы бiр –
Қос құбыр. (Шалбар)

Ерте тұрдым да,
Қос жолға түстiм. (Шалбар)

Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ. (Көйлек)

Күндiз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын. (Аяқ киiм)

Күнi бойы жүргiзедi,
Үйге де кiргiзедi.
Бiрақ, өзi iзеттi,
Босағада қалып
Шығуымды күтедi. (Аяқ киiм)

Бес айналы туыс,
Тапқаны бiр қуыс. (Тырнақ пен етiк)

Судан ғайып,
Әжемде бар
Қос қайық. (Кебiс)

Қаз - қарта тесiгi бар,
Қақпақсыз есiгi бар.
Көмейiнде тiлi бар,
Аузын буар жiбi бар,
Кеме сынды пошымы,
Бiлсең айтшы, осыны? (Бәтеңке)

Есiгi бiреу,
Бөлмесi бесеу. (Қолқап)

Аузы бiреу бес құдық,
Қыстыкүнi бойлатам,
Бесеуiне бес құрық. (Қолқап)

Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бiр.
Бесеуiнде бес қуыс,
Сырттан кiрер жолы бiр. (Қолқап)

Қандай байлық iшiнде,
Барын өзiм бiлетiн,
Қоймалар көп үстiмде,
Көшiп бiрге жүретiн. (Жаңқалталар)

Iшi мата,
Тысы мата,
Арасы мақта,
Төрт бұрышты қабылған,
Бұл не,
Жатарда табылған? (Көрпе)

Киiмдегi қуыс,
Ұсақ - түйекке ыдыс. (Қалта)

Жайсаң түңлiк,
Жисаң дiңгек. (Қол шатыр)

Дөңгелек өзi,
Төртеу көзi.
Ұстайды мықтап,
Тұрғанды сырттап. (Түйме)

Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар
Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді. Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді. - Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді. Алға басқан аяғың,
Жұмбақтар. Адам. Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар. Жұмбақтар. Адам. Адамның дене мүшелері туралы
Жұмбақ. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)
Қазақ үйдің тұрмысы Қазақ үйдің тұрмысы
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп, Босаға, маңдайша мен табалдырық, Кереге алты жапсар, алпыс уық, Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Тостаған Тостаған
Өзгешелеу басқадан Мынау кетік тостаған. Кім кемірген жан - жағын, Кім кетік қып тастаған?
Адам немене? Адам немене?
Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда, Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда, Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiк Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?
Ақ кимешек көрінсе Ақ кимешек көрінсе
Әже, сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем. Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем, Ақ кимешек астынан сені көрем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×